Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1162 және
2003 жылғы 3 ақпандағы № 117 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1137
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 824 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 824 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 117 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
"Заң жобасының атауы" деген бағандағы реттiк нөмiрi 38-жолда "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өндiрiс және тұтыну қалдықтары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өндіріс және тұтыну қалдықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |