Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 14 қазандағы № 1051 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
мына:
"2201 Сулар, табиғи немесе 20, бiрақ 1 кг үшiн
жасанды минералды, газды, 0,25 ЕВРО-дан кем
қант немесе басқа да емес"
тәттiлендiретiн немесе
дәмдi-хош иiстi заттар
қосылмаған суларды қоса
алғанда; мұз бен қар
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"мыналардан басқа:
2201 90 000-ден Құбырлардан өтетiн
шаруашылық-ауыз су және
техникалық мақсаттарға
арналған басқа да ауыз су* 0".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қауымдастық Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |