«Қазақ Суарнажоба» мемлекеттік жобалау институты» мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 шілдедегі № 752 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақ Суарнажоба» мемлекеттік жобалау институты» мемлекеттік кәсiпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Суарнажоба» Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны («Суарнажоба ҚазмемҒЗЖIИ» РМК) (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетi заңнамаға сәйкес:
1) кәсіпорынның Жарғысын бекіту кезiнде елдi мекендер мен инфрақұрылымның тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн инженерлiк жүйелердi жетілдіру, сумен жабдықтау, кәрiз және онымен байланысты гидротехникалық құрылыстар, қалдықтарды жою мен көму жүйелерiн инженерлiк iздестiру және жобалау мәселелерi бойынша ғылым саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп айқындасын;
2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |