Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 629 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Спорттың бұқаралық түрлерiнiң республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны мен «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң Спорттың ойын және қысқы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң Спорттың бұқаралық және қысқы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнына қосу жолымен;
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң Спорттың қолданбалы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны мен «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң Су спортының түрлерi бойынша олимпиадалық резервтiң республикалық мамандандырылған балалар және жасөспiрiмдер мектебi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң Су спортының және спорттың қолданбалы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi құрылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгіленсiн.
3. Республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектептерi қызметiнiң негiзгi мәнi қысқы және жазғы Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгiзiлген спорт түрлерi бойынша халықаралық деңгейдегi жоғары біліктi спортшыларды, кандидаттарды олимпиадалық даярлау орталықтары мен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына есепке алуға даярлау болып белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қайта ұйымдастырылатын кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |