ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде)
ветеринариялық бақылау пункттерін ұйымдастыру
ережесі
(2012.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) ветеринариялық бақылау пункттерін ұйымдастыру ережесі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін ұйымдастырады (бұдан әрі - бекеттер).
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бекеттер, міндетті түрде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер өткізілетін шекара және кеден пункттерінде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердің аумағында жануарлардың ерекше қауіпті аурулары шыққан кезде өткізу пункттерінде ветеринария саласындағы заңнамамен белгіленген кезеңде және тәртіппен көлік құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бекеттер ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының бөлімшелері болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бекеттер Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің осы пункті үшін белгіленген режимде жұмыс істейді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қажетті санымен жинақталады.
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бекеттердiң мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары өз жұмысында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.
7. Бекеттердiң шекарадағы және кедендiк өткізу пункттерiнде басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.