ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
ережесі
(2012.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі - уәкілетті органның ведомствосы) - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның комитеті;
2) ветеринариялық бақылау бекеті - уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында орналасқан, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;
3) рұқсат - кейін ветеринариялық ілеспе құжатта (ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты, транзиті кезінде тізілімде тіркей отырып, уәкілетті орган ведомствосы беретін нөмір, ветеринариялық сертификатты беру үшін негіздеме болады;
4) тізілімнен үзінді көшірме - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорты, экспорты, транзиті кезінде рұқсат беру туралы уәкілетті орган беретін рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы ақпаратты қамтитын жазбаша хабарлама;
5) тізілім - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер туралы мәліметтерді және импортқа, экспортқа, транзитке берілген рұқсат нөмірін қамтитын уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық базасы;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар ауруларын қоздырғыштардың штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы Ереже Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін (бұдан әрі - ВББ) ұйымдастырады.
ВББ-де мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылаушы органдардың өзара әрекет етуі және олардың іс-қимылын үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. ВББ-де мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін орындау кезінде ветеринариялық символикасы бар нысанды киім (погонсыз) киеді.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде өткізу пунктінде құжаттамалық бақылауды, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тексеріп қарауды (тексеруді) және зертханалық зерттеу үшін сынама алуды (қажет болса) жүзеге асырады.
9. Құжаттамалық бақылауға:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық ілеспе құжаттың (ветеринариялық сертификаттың) болуын;
2) ветеринариялық сертификатты толтырудың дұрыстығын (толықтығын);
3) экспорттаушы елдің құзыретті органының қолдары мен мөр бедерінің болуын;
4) ветеринариялық сертификатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елдің ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтердің болуын;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы мәліметтер мен импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірінің тізілімінен алынған үзінді көшірме деректеріне сәйкестігін тексеру кіреді.
10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тексеріп қарау (тексеру):
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы санының таңбалау деректеріне және ветеринариялық сертификаттың мәліметтеріне сәйкестігін тексеруді;
2) көлік құралына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдау режимі мен шарттарына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні ветеринариялық қарауды (тасымалдау талаптарына сәйкестігі), ал тірі жануарлар өткізілген жағдайда (қажет болса) термометрияны, тамыр соғысын және тыныс алуын өлшеуді жүргізуді қамтиды.
11. Зертханалық зерттеулер үшін сынама алу:
1) жануарды кейін оқшаулай отырып, олардың клиникалық жағдайының өзгеруі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын анықтау мақсатында қанның, сілекейдің, мұрын ағындыларының, экскрименттердің сынамаларын іріктеу жүзеге асырылады;
2) диагнозын белгілеу мақсатында жануардың өлім-жітімі (патологиялық материал алу);
3) дефростацияның, бүлінудің, тұтастығының, таңбалауының, бұзылуының белгілері, бөтен иістің болуы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ағуы анықталған кезде жүзеге асырылады.
Іріктеп алынған материалдар зерттеулер жүргізу үшін ілеспе құжатпен бірге жақын жердегі ветеринариялық зертханаға жолданады.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері негізінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстырған кезде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) елге кіруге рұқсат;
2) әкелуге тыйым салу;
3) әкелуді уақытша тоқтата тұру.
13. Елге кіруге рұқсат ветеринариялық ілеспе құжаттардың және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі белгіленген кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ветеринариялық ілеспе құжатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге «әкелуге рұқсат берілген» деген белгі қояды.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект межелі пунктіне дейін кедергісіз жіберіледі, кейіннен ол межелі пунктінде тіркеліп және қажет болған жағдайда оның қауіпсіздігін растау рәсімі жүргізіледі (сынаманы іріктеп алу және зертханалық зерттеулер жүргізу).
14. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге тыйым салу:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) құжаттарға сәйкес болмауы белгіленген;.
2) ветеринариялық ілеспе құжаттар, уәкілетті орган ведомствосы берген рұқсат болмаған;
3) ветеринариялық ілеспе құжаттарда орны ауыстырылатын тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы толық ақпарат болмаған;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті шығарылған елде немесе жөнелтуші елде эпизоотиялық жағдай өзгерген (нашарлаған);
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің әкелінетін, әкетілетін көлемі (саны) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген көлемнен (саннан) артық болған жағдайда жүзеге асырылады.
Ветеринариялық бақылау бекетінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық ілеспе құжаттарына «әкелуге тыйым салынған» деген белгі қояды.
Әкелуге тыйым салынған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі оны кеден пункті аумағының шекарасынан тыс әкетуді немесе аса қауіпті аурулардың ену қаупі белгіленген жағдайда жоюды (кәдеге жаратуды) қамтамасыз етеді.
15. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуді уақытша тоқтата тұру:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру және оларды аса қауіпті ауруларды белгілеу мақсатында ветеринариялық зертханаға жолдау;
2) ветеринариялық ілеспе құжаттардың деректерін және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге, әкетуге рұқсатты нақтылау (растау) қажет болған;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект өткізілетін пункт өзгертілген (жаңа рұқсат алғанға дейін) кезде қабылданады.
16. Тоқтатылып қойған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні орналастыру уақытша сақтау қоймаларында және/немесе нақтылағанға және/немесе зертханалық зерттеулер нәтижелері алынғанға дейін оқшаулағыштарда жүзеге асырылады.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздігін зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша расталған жағдайда елге кіргізуге рұқсат беріледі.
Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша аса қауіпті аурулар белгіленген жағдайда әкелуге тыйым салынып, кейіннен жойылады.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі белгіленген жағдайда кәдеге жарату үшін әкелуге рұқсат беріледі.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні кәдеге жарату және/немесе өткізілетін (тасымалданатын) қауіпті объектіні жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі.
17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттау кезінде оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын, транзитін есепке алу журналына тиісті жазбаларды енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары қызмет көрсету аймағында тұрған уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілгені туралы, оның ішінде импорт кезіндегі соңғы межелі пункті туралы, экспорт кезіндегі жөнелту пункті, жүру бағыты, аялдамалары, қайта тиеу, жануарларды азықтандыру (суару) орындары, транзит кезінде тасымалдау (айдап өту) шарттары туралы хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Қадағаланбайтын жануарлар Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткізілетін болса, ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары көрсетілген жануарларды одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданғанға дейін оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен карантинге қою үшін уәкілетті орган ведомствосының тиісті шекара маңындағы аумағында орналасқан бөлімшелеріне береді.