ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы
ереже
(2012.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі негізгі мәселелерді регламенттейді.
2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын комитеті;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер (облыс, аудан, облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаттары:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері бар ведомство;
2) мемлекеттік органдардың жануарларды ұстайтын және пайдаланатын ветеринариялық бөлімшелері болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар
5. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары;
2) ведомствоның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
4) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) ішкі сауда объектілерінің және жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
6) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің басшылары және олардың тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын орынбасарлары жүзеге асырады.
6. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген арнайы атау беруге құқылы.
Ведомствоның басшысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор» және «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары» деген арнайы атаулар беруге құқылы.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
7. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың және олардың орынбасарларының өзінің мемлекеттік тілдегі атауы бар мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібi
8. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының орындалуын тексеру мақсатында:
1) ішкі сауда объектілерінде;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
3) ветеринария саласындағы, оның ішінде лицензияланатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда;
4) мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жасауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорында;
5) мынадай функцияларды:
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін;
сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорында;
6) мынадай функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды және жоюды;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде;
7) мынадай функцияларды:
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды;
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
8) шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өткізу (тасымалдау), тиеу, түсіру кезінде;
10) жануарлар аурулары қоздырғыштарының берілу факторлары болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлерінде;
11) тасымалдау (өткізу) бағыттары өтетін мал айдау трассаларында, бағыттарында, жайылым және жануарларды суару аумақтарында;
12) аумақтарда, өндірістік үй-жайларда және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
13) мал көметін жерлерді (биотермиялық шұңқырларды), ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға енгізу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауда және қадағалауда болатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
14) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
9. Осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тексеру нысанында және ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда, өзге нысандарда жүзеге асырады.
10. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды өсіру, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау күн сайын жүзеге асырылады.
11. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтау бойынша ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін тексерулерін жүргізу малдарды ұстайтын және падаланатын ведомствоның және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің шешімімен іске асырылады.
12. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актісін жасайды.
13. Ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдардың объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
14. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
15. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бір бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актісінде тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен тиісті белгі жасалады.
16. Тексеру актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
17. Тексеру актісі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жасалады.
Тексеру актісі үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.
Актінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып беріледі, үшінші данасы тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртіншісі сотқа талап-арыз беру үшін тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда актінің тиісті данасы оған поштамен жіберіледі.
18. Ветеринария саласындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау актісі арнайы тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекітілген болуға тиіс.
19. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерді беру және жасау тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
20. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі және ресімделеді.
4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары
21. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызметтік куәлігін көрсете отырып) кедергісіз кіруге;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің диагностикасы немесе ветеринариялық-санитарлық сараптама үшін оларға зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тұлғаларға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңында берілген өкілеттіліктер шегінде актілер шығаруға;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшін қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеуді ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетілген фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
7) жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының пайда болу және таралу әрі ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың шығу себептерін, жағдайларын белгілеуге;
8) өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
9) жануарлар мен адамдарға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың ерекше қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот шешімінсіз жеке немесе заңды тұлғаның шаруашылық қызметін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға;
10) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға;
11) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда сотқа талап-арыздар беруге құқығы бар.
5. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы
22. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерін қоса алғанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының ветеринария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзудың дер кезінде алдын алу, анықтау, жолын кесу және жою жөнінде өзіне берілген өкілеттіліктерді осы Ережеге сәйкес пайдалануға;
4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қызметтік және өзге де сипаттағы мәліметтерді жария етпеуге;
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алу мен есеп беруді жүргізуге және оларды белгіленген тәртіппен уақтылы табыс етуге тиіс;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшін қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеуді ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетілген фактілер туралы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға тиіс.