"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 14 ақпандағы № 388-II Заңы
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспедегі "меншік нысандарына қарамастан олардың" деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.";
3) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) бағалау - бағалау объектісінің ықтимал рыноктық немесе өзге де құнын айқындау;";
2) тармақшадағы "(баланстық, қалдық және басқа құны)" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) бағалау амалы - бағалаудың бір немесе бірнеше әдістерін пайдалана отырып, бағалау объектісінің ықтимал рыноктық немесе өзге құнын айқындау тәсілі;
3-2) бағалау стандарттары - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленетін және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, бағалау қызметі саласындағы ережелер, принциптер және сипаттамалар жалпыға бірдей және бірнеше қайтара пайдалану үшін белгіленетін нормативтік құжат;";
4) тармақшадағы "бағалау қызметінің субъектілері" деген сөздер "бағалаушылар" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
8), 9) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қайтадан бағалау - бағалау қызметінің субъектілері арасында бағалау нәтижелері бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеу;
9) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер - бағалау жүргізуге, бағалау туралы есептердің пайдаланылатын амалдары мен әдістеріне, мазмұны мен нысанына талаптар белгілейтін актілер;";
"12) уәкілетті органдар - бағалау қызметін лицензиялауды және бақылау функцияларын, сондай-ақ реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;";
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) бағалау күні - бағалау объектісінің ықтимал рыноктық немесе өзге құны айқындалатын күн немесе уақыт кезеңі.";
4) 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Бағалау қызметінің негізгі принциптері
Бағалау қызметінің негізгі принциптері объективтілік және дұрыстық болып табылады.
4-бап. Бағалау қызметінің субъектілері
Бағалаушылар, тапсырыс берушілер және үшінші тұлғалар бағалау қызметінің субъектілері болып табылады.";
5) 5-бапта:
екінші-алтыншы абзацтар тиісінше 1)-5) тармақшалар болып есептелсін; жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6) интеллектуалдық меншік құқығының объектілері;
7) азаматтық құқықтардың өзге де объектілері жатады.";
6) 6-бапта:
1-тармақтағы "бағалау мен" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы екінші-сегізінші абзацтар тиісінше 1-7) тармақшалар болып есептелсін;
7) 7-баптың 2-тармағындағы "мүмкін" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бағалау жүргізу шартында мыналар қамтылуға тиіс:
1) тапсырыс беруші мен бағалаушының деректемелері:
жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұратын жері;
заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері (почталық мекен-жайы), банктік деректемелері;
2) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері, айқындалатын құнның түрі;
3) бағалау түрі;
4) бағалау объектісінің түрі;
5) бағалау жүргізудің мерзімдері;
6) көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері;
7) тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
8) тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері не тапсырыс берушіге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретін өзге де негіздемелер;
9) мүлікті бағалау жөніндегі кызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелері (лицензия берген орган көрсетілген оның нөмірі мен берілген күні).
Бағалау жүргізу шартында осы тармақта көзделмеген өзге де талаптар болуы мүмкін.";
9) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетілуге тиіс:
1) бағалаушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда);
2) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құкығына лицензияның нөмірі мен берілген күні;
3) айқындалатын құнның түрі;
4) есеп жасаудың күні және бағалау жүргізудің күні;
5) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері мен сипаттамасы;
6) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау амалдары мен бағалау әдістері;
7) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары;
8) нақты деректерді алу көздері көрсетіле отырып, бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын нақты деректер;
9) есеп негіздемесі;
10) бағалау нәтижесі;
11) жүргізілген бағалаудың нәтижесін толық және айқын түсіндіру үшін қажет өзге де мәліметтер.";
10) мынадай мазмұндағы 10-1) баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Бағалаушының азаматтық-құкықтық жауапкершілігін сақтандыру"
Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бағалаушы көрсететін қызметтердің тұтынушылар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін шарттарының бірі болып табылады.
Бағалаушының бағалау жүргізу нәтижесінде келтірілген зиянының салдарынан туындайтын азаматтық-құқыктық жауапкершілігін сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";
11) 11-бапта:
1 -тармақта:
екінші-алтыншы абзацтар тиісінше 1)-5) тармақшалар болып есептелсін; жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бағалау жүргізу үшін кажетті ақпаратты үшінші тұлғалардан жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқығы бар.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бағалаушылар бағалаушылар палатасына және басқа да коммерциялық емес ұйымдарға бірігуге құқылы.";
12) мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2-баптармен толықтырылсын:
"11-1-бап. Бағалаушылар палатасы
1. Бағалаушылар палатасы нысанында құрылған заңды тұлға бағалаушылардың коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады. Бағалаушылар палатасы ерікті негізде, оның мүшелерінің құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ бағалаушылардың бағалау қызметі туралы нормативтік құқықтык актілердің талаптарын сақтауына жәрдемдесу үшін құрылады.
2. Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заң актілерімен, құрылтай құжаттарымен және жарғымен реттеледі. Бағалаушылар палатасы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.
3. Бағалаушы палатаның құрылтай құжаттарын және жарғысын мойындаған және бағалаушылар палатасына мүшелікке кіру шарттарын орындаған кезде оны бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға болмайды. Бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
4. Бағалаушылар палатасы қауымдастық (одақ) нысанындағы республикалық бағалаушылар палатасына бірігуге және халықаралық бағалаушылар бірлестіктеріне кіруге құқылы.
11-2-бап. Бағалаушылар палатасының өкілеттіктері
Бағалаушылар палатасы:
1) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді және қорғайды;
2) бағалаушылар қызметі мен оның даму үрдісін жан-жақты және объективті зерделеуді, қорыту мен талдауды жүзеге асырады:
3) бағалаушылардың бағалау қызметін жүзеге асыру негіздері мен шарттарын сақтауына жәрдемдеседі;
4) ақпараттық-насихаттық іс-шараларды жүзеге асырады;
5) бағалау қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша консультация беру жұмысын жүргізеді;
6) мемлекеттік органдармен байланыстар орнатады және олармен байланыста болады;
7) басқа елдердің бағалаушылар ұйымдарымен және халықаралық бағалаушылар ұйымдарымен байланыстар орнатады және олармен байланыста болады;
8) кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында өзінің мүшелерін оқытуды ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
13) 12-бапта:
екінші-алтыншы, сегізінші-оныншы абзацтар тиісінше 1-5), 7-9) тармақшалар болып есептелсін;
бесінші абзацтағы "бағалау қызметін" деген сөздер "мүлікті бағалау жөніндегі қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6) объектілерді тікелей зерттеуді жүзеге асыруға және тапсырыс берушіге бағалау туралы есеп табыс етуге;";
14) 13-бапта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны;";
үшінші-алтыншы абзацтар тиісінше 2)-5) тармақшалар болып есептелсін;
бесінші абзацтағы "жүргізу" деген сөз "өткізу" деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 14-баптағы екінші-бесінші абзацтар тиісінше 1)-4) тармақшалар болып есептелсін;
16) 15-бапта:
екінші, төртінші, бесінші абзацтар тиісінше 1), 3), 4) тармақшалар болып есептелсін;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бағалаушыға бағалауды жүргізу үшін қажет құжаттаманы, толық және дұрыс ақпарат табыс етуге, сондай-ақ кажетті түсініктемелер беруге, бағалаушының бағалау объектісіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге;";
17) 16-бап алып тасталсын;
18) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Дауларды қарау
Бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бағалаушы мен тапсырыс берушінің арасында туындайтын даулар сот тәртібімен шешіледі.";
19) 18-баптағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
" 19-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
Уәкілетті органдар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бағалау қызметі саласында мемлекеттік реттеу және бақылау;
2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және бекіту, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдарының қолданылу практикасын жинақтап қорыту және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) өз құзіреті шегінде бағалау стандарттарын әзірлеуге, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін бағалау стандарттарын келісуге қатысу;
4) бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін бірдей жағдай жасау арқылы мүлікті бағалау жөніндегі қызмет көрсету рыногындағы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
5) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау;
6) бағалаушыларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қатысу;
7) бағалау қызметінің субъектілеріне бағалау қызметіне байланысты мәселелерде консультациялық көмек көрсету;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функциялар.";
21) 21-бап алып тасталсын;
22) 22-баптағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданыска енгізілетін 1-баптың 9) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының