Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 қарашадағы № 1207 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 Қаулысымен күші жойылды
Акциздердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің заңсыз өндірісі мен айналымын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым маркаларымен таңбалаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж , № 42, 386-құжат мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспедегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңының 76-бабына сәйкес деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алып маркаларымен таңбалаудың тәртібінде;
1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақтың екінші абзацында "арақ, ликер-арақ бұйымдары, күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар мен бальзамдар, шараптар, коньяктар, шампан шараптары деген сөздер сыраны қоспағанда, спирттің барлық түрлері мен алкоголь өнімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Мыналарға акциздік алым маркаларының:
алкоголь өнімдерін - жеті таңбалы баспаханалық немірлеуі болады, түстері бойынша ажыратылады және алты түрге бөлінеді: спирт, арақ, күшті алкогольді ішімдіктер, әлсіз алкогольді ішімдіктер, шарап пен коньяк және пайдаланылатын сыйымдылығына (бұдан әрі - сыйымдылық) қарай 0-0,24 литр, 0,25 литр, 0,26 литр және одан көп болып бөлінеді;
темекі өнімдеріне - екі таңбалы сериясы және марканы шығарған жылы болады.
Алкоголь өнімдерін таңбалау мынадай түрде жүзеге асырылады:
Марканың түрі | Өнімнің атауы |
спирт | спирттің барлық түрлері |
арақ | арақ және ерекше арақтар |
күшті алкогольді сусындар | күшейтілген ликер-арақ бұйымдары және этил спиртінің көлемді үлесі 30 % жөне одан көп өзге күшті алкогольді ішімдіктер |
әлсіз алкогольді сусындар | шарап сусындары, әлсіз градус- ты ликер-арақ бұйымдары және этил спиртінің көлемді үлесі 30 %-тен аз өзге әлсіз алкогольді ішімдіктер |
шарап | шараптар, шампан |
коньяк | коньяк, бренди |
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов. |