Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 қазандағы № 1148 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы
29 қазандағы № 1148
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 желтоқсандағы № 1502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 51, 490-құжат):
1-тармақтың екінші абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын.
3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірлері 27, 76, 77, 95, 97, 98-жолдар алынып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне байланысты жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 20, 215-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына берілетін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 75, 76, 77, 78, 79, 80-жолдармен толықтырылсын:
«75. Қазақ балық шаруашылығы Алматы қаласы
ғылыми-зерттеу институты
76. Қазақ орман шаруашылығы Ақмола облысы,
және агроорман мелиорациясы Щучинск қаласы
ғылыми-зерттеу институты
филиалдарымен
77. Алматы орман тәжірибе Алматы қаласы
станциясы
78. Алтай орман тәжірибе Шығыс Қазақстан
станциясы облысы,
Риддер қаласы
79. Кондратов тәжірибе-үлгілік Солтүстік Қазақстан
орман питомнигі облысы,
Мамлют ауданы
80. Ө.Ө.Оспанов атындағы Ақмола облысы,
Топырақтану институты» Шортанды ауданы,
«Научный» кенті».