Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қазандағы № 1136 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес және тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін және тұлғалар үшін кедендік ресімдеу мен бақылау рәсімдерін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 19, 249-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізу ережесінде:
1-тармақтағы "жеңілдетілген және оңайлатылған" деген сөздер "жеңілдетілген, оңайлатылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалардың тауарларды өткізуінің жеңілдетілген тәртібі кедендік төлемдерден толық босатуды және осы Ереженің 11 және 14-тармақтарына сәйкес кеден баждарының бірыңғай ставкаларын белгілеуді қамтиды.";
үшінші абзацтағы "Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарлар" деген сөздердің алдынан "Кедендік төлемдерден толық босатыла отырып", деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Кеден комитеті (бұдан әрі ҚР МКМ КК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының орталық кеден органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін" деген сөздердің алдынан "кедендік төлемдерден толық босатыла отырып", деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы "тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылған тауарларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізілетін жалпы салмағын қоса есептегенде 200 (екі жұз) килограмға дейін болатын тауарларды кедендік ресімдеу, олардың құны 10000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы шартымен, осы Ережеге 3-косымшаға сәйкес кедендік баждардың бірыңғай ставкасы және тарифтік емес реттеу шаралары қолданыла отырып, жеңілдетілген тәртіппен жүргізіледі. Мұндай тауарларды мәлімдеу оңайлатылған нысанда жүзеге асырылады.
Акцизделетін тауарларды және Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамалары бойынша жіктелетін тауарларды кедендік ресімдеу жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін, құны қоса есептегенде 10000 (он мың) АҚШ долларына дейінгі тауарларды (акцизделетін тауарларды және СЭҚ ТН-ға сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамаларында жіктелетін тауарларды қоспағанда) мәлімдеу олардың жалпы салмағы 200 (екі жүз) килограмнан аспауы шартымен Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес тауарлардың транзиті режиміне қойылатын талаптарды сақтап, мәлімдеудің оңайлатылған нысаны қолданыла отырып жүргізіледі.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 қазандағы № 1136
қаулысына қосымша
Жеке тұлғалардың тауарларды
Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы оңайлатылған,
жеңілдетілген тәртіппен өткізу
ережесіне З-қосымша
Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар
жеңіддетілген тәртіппен әкелетін тауарларға арналған
кеден баждарының бірыңғай ставкалары
СЭҚ ТН бойынша тауардың коды | Тауарлардың қысқаша атауы | Кеден баждарының бірыңғай ставкасы (кедендік құнның %-ымен не ЕВРО-да) |
02-21, 23, 25-28, 31-40, 50-63, 68-70 | Тамақ өнімдері, тірі ағаштар, іш майлары мен майлар, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары, шығындылары, тоқыма материалдары мен бұйымдары, тастан, гипстен, цементтен, асбестен, слюдадан жасалған бұйымдар, қыш бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдар | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,02 ЕУРО-дан кем емес |
41-43, 90-92 (9018-9022- ден басқа) | | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,16 ЕУРО-дан кем емес |
44-49 | Сүрек және одан жасалған өнімдер; қағаз, картон, баспа өнімдері | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,03 ЕУРО-дан кем емес |
64-67, 85 | Аяқ-киім; бас киімдер, қол шатырлар және т.б.; электр машиналары мен жабдықтары, аппаратура | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,07 ЕУРО-дан кем емес |
72-83, 94-96 | | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,04 ЕУРО-дан кем емес |
71 | Табиғи маржан тастар, асыл тастар, метал- дар, олардан жасалған бұйымдар, бижутерия, монеталар | 2%, бірақ 1 кг үшін 2 ЕУРО-дан кем емес |