Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы № 1108 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 258-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мынадай жолдар:
"2208** Арақтар және физ. 6О теңге/ 1,7 евро/
ерекше арақтар көлемі 1 литр 1 литр "
мынадай редакцияда жазылсын:
"2208** Арақтар және физ. 100 теңге/ 1,7 евро/
ерекше арақтар көлемі 1 литр 1 литр ".
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |