Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 4 қыркүйектегі № 974 Қаулысы
(2007.14.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2007.14.05. № 382 Қаулысымен тақырыб және кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жөніндегі жұмысты жақсарту әрi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың халықтың көкейтестi проблемаларын шешудегi жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2007.14.05. № 382 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды апта сайын «Әкiмшілік рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген тәртiппен көрсетілген органдардың басшылары тоқсан сайын бекiтетiн бұл органдардың үй-жайларындағы кестелерге сәйкес жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Көрсетiлген кестелер орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың үй-жайларында олармен танысу үшiн азаматтардың еркін қол жеткiзуi қамтамасыз етілетiн орындарда ілiнiп қойылады.
Орталық және жергілiктi атқарушы органдар басшыларының қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдау ұйымдастыруды өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен есепке алуды жүргiзетiн бұл органдардың өкiлеттi қызметкерлерi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.14.05. № 382 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының басшылары, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерi:
1) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және оларды қабылдауға алдын ала жазу үшiн қажеттi жағдай жасасын, соның iшiнде 2002 жылғы 1 қазанға дейiн қабылдауға алдын ала жазуды жүргiзуге өкiлеттi қызметкерлердi белгiлесiн әрi олардың өткiзілуiн қамтамасыз етсiн, олардың байланыс телефондарын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияласын;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғалар өтініштерінің және жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қаралуын қамтамасыз етсiн;
3) кезектi тоқсан басталғанға дейiн 15 күн бұрын Премьер-Министрдiң Кеңсесiне назарға алу үшiн айына кемiнде бiр рет бiрiншi басшылардың азаматтарды қабылдауын, айдың басқа апталарында олардың орынбасарлары қабылдауын көздейтiн 2-қосымшаға сәйкес нысандағы жеке және (немесе) заңды тұлғалар өтініштерінің және жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды тоқсандық кестелерiн ұсынсын;
4) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне белгiленген нысанда қорытылған деректерi қоса берiлген орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарларының жеке және (немесе) заңды тұлғалар өтініштерінің және жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың нәтижелерi туралы ақпаратты 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Премьер-Министрi Кеңсесiнiң азаматтарды қабылдау бөлмесiнде Аймақтық даму бөлiмiнiң бас инспекторлары аптасына бiр рет Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы тоқсан сайын бекiтетiн кестелерге сәйкес аптасына бір рет азаматтарды қабылдауды жүргiзедi деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесi Басшысының азаматтарды жеке қабылдауы олардың көмекшiлерiмен алдын ала келісіледi және олар белгiлеген күн мен сағатта жүзеге асырылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.
5. «Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 қаңтардағы № 58 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 2-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы 2002 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшiне енетiн 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi және жариялануы тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
1-қосымша ҚР Үкіметінің 2007.14.05. № 382 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
№ 974 қаулысына
2-қосымша
2002 жылғы ___ тоқсандағы Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының азаматтарды
қабылдау кестесі
Орталық атқарушы органның атауы | Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.Ә.Ж. | Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.Ә.Ж., лауазымы | Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты | Мемлекеттік органдардың орналасқан жері | Байланыс телефоны |
| | | | | |
| | | | | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
№ 974 қаулысына
3-қосымша
Басшылардың азаматтарды қабылдауы нәтижесі
туралы _____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Деректер
200_ жылғы ___ тоқсандағы
Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.Ә.Ж. | Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның лауазымы | | қабылданғандардың ішінен: |
Мәселе оң шешілді | | Мемлекеттік органның бөлімшесіне жіберілді | Түсіндірме берілді | Басқа ұйым- дарға жіберілді |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Жиыны | | | | | | |