Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 18 наурыздағы № 325 Қаулысы
(2003.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 Қаулысымен күші жойылды
«Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығын қараңыз
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі қала салушы заңды тұлғалардың тiзбесiн жүргiзу жөніндегі мемлекеттік уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
3. Мемлекеттік уәкiлеттi орган 30 (отыз) күннiң iшiнде Қазақстан Республикасының қала салушы заңды тұлғаларының тiзбесiн бекiтсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануы тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 18 наурыздағы
№ 325 қаулысымен
бекітілген
Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу
ережесi
1. Заңды тұлғалар қала салушылардың тiзбесiне (бұдан әрi Тiзбе) мынадай өлшемдердiң бiрi бойынша:
1) заңды тұлға өндiрiсiнiң көлемi өндiрiстiң жалпы қалалық көлемiнiң 14 пайызынан асқанда;
2) заңды тұлғада жұмыс iстейтiндердiң саны қаланың еңбекке қабiлеттi халқы санының 14 пайызынан асқанда;
3) заңды тұлғада iстейтiндердiң саны қаланың еңбекке қабiлеттi халқы санының 10 пайызынан асқанда және өндiрiстiң жалпы қалалық көлемiнде заңды тұлғаның үлесi 10 пайыздан асқанда енгiзiледi.
2. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмияттары (бұдан әрi - Әкiмияттар) заңды тұлғаның аймақ үшiн әлеуметтiк-экономикалық мәнiн негiзге ала отырып, мемлекеттік уәкiлеттi органға осы Ереженiң 1-тармағында көзделген өлшемдерге сәйкес оны Тiзбеге енгізу жөніндегі ұсыныстарды және ол туралы ақпаратты ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi мемлекеттік уәкiлеттi органның сұратуы бойынша олардың ресми деректерге сәйкестiгiнiң мәнiне Әкiмияттардың ұсыныстары мен ақпаратына талдау жүргiзедi.
4. Мемлекеттік уәкiлеттi орган ресми деректердi ескере отырып, заңды тұлғаны Тiзбеге енгізу туралы шешiм нәтижелерi бойынша Әкiмияттардың ұсыныстарына әлеуметтiк-экономикалық сараптама жүргiзедi. Тiзбе 30 (отыз) күннiң iшiнде жариялануы тиiс.
5. Мемлекеттік уәкiлеттi орган бiр жылдың iшiнде Тiзбенiң мониторингiн жүргiзедi және қала салатын заңды тұлға осы Ереженiң 1-тармағында көзделген өлшемдерге сәйкес келмеген кезде оны Тiзбеден шығарады.
6. Тізбеге өзгерістер енгізгенге дейін кемінде үш ай бұрын мемлекеттік уәкілетті орган Тізбеге енгізілетін өзгерістер туралы тиісті Әкімияттарды хабардар етеді.
7. Тізбеге өзгерістер ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін жылына бір рет енгізіледі.