Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 қазандағы № 1295 Қаулысы
(2003.12.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 59 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы саласындағы жетістіктерімен халықаралық жұртшылықты хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 922 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру үшін жауаптылық жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 8 қазандағы № 1295 қаулысымен
бекітілген
Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан
Республикасының тұрақты дамуы жөнінде
ақпарат дерекқорын қалыптастыру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 922 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы ақпаратын жинау мен өңдеу және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы серверiнде дерекқорын қалыптастыру мәселелерiн шешу үшiн әзiрлендi.
2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
"Тұрақты даму" - әлеуметтiк-экономикалық мiндеттер мен қоршаған орта проблемаларын теңдестiре шешу әрi адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының салауатты да қолайлы қоршаған ортаға қажетiн қанағаттандыру.
3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тұрақты даму жөніндегі деректердi жинау, өңдеу және кейiннен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы серверiнде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнiнде ақпарат дерекқорын қалыптастыру үшiн оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне беру мәселелерi бойынша үйлестiрушi орган болып табылады.
2. Қалыптастыру тәртібі
4. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі БҰҰ хатшылығы мемлекеттердiң тұрақты дамуы жөнiнде ақпарат дерекқорын қалыптастыру және ақпаратты БҰҰ серверiнде орналастыру шеңберiнде дайындаған, құрамына Қазақстан Республикасы кiретiн БҰҰ-ға мүше елдер үшiн жасалған тұрақты даму жөніндегі сұрақтар тiзбесiн жыл сайын министрлiктерге, агенттіктерге және жергілiктi атқарушы органдарға жiбередi.
5. Министрлiктер, агенттiктер мен жергiлiкті атқарушы органдар сұрақтарды алғаннан кейiн бiр ай мерзiмде тұрақты даму жөнiнде сұратылған ақпаратты Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
1) ұсынылатын материалдарға техникалық талаптарды айқындайды;
2) ұсынылған ақпаратқа талдау, қорыту және жүйелеу жүргiзедi;
3) алынған ақпараттар негiзiнде Қазақстанның тұрақты дамуы мәселелерi бойынша ақпарат деректер қордасын қалыптастырады;
4) хабарлауды ұйымдастырады және тұрақты даму мәселелерi бойынша ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;
5) тұрақты даму саласында тәжiрибе алмасу жөнiнде оқулар, семинарлар және конференциялар өткiзедi;
6) мемлекеттік тiлде, орыс және ағылшын тiлдерiнде әзiрленген материалдарды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жiбередi.
7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі ұсынылған материалдарды қарағаннан кейiн оларды Бiрiккен Ұлттар Ұйымының депозитарийiне берудi ұйымдастырады.
3. Қаржымен қамтамасыз ету
Осы Ережеде көзделген iс-шараларды орындау жөніндегі қызметтi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте мемлекеттік органдарға ақпарат жүйелерiн құруға және дамытуға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.