Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң «Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 842 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкiметінің «2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 және «Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінің «Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етіп оны қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтер кезде оның қызметiнiң негізгі мәнi мыналар деп белгілесiн:
жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу;
2) Қоғам мемлекеттік тiркелгеннен кейiн белгiленген тәртiппен оның жарғылық капиталын, шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссияларын шығару жолымен, ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссияларын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейiн акциялардың мемлекеттік пакетiн жарғылық капиталдың 45 пайызы мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын;
4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігіне берсін;
5) осы қаулыны iске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 20 маусымдағы
№ 842 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестiктердiң тiзбесiнде:
«Қарағанды облысы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-8-жолмен толықтырылсын:
«214-8. «Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетi» ЖАҚ».
3. «Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесінде:
«Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-14-жолмен толықтырылсын:
«222-14. «Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» ЖАҚ».
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)