«Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 18 мамырдағы № 659 қаулысы
(2006.20.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның Даму банкі туралы" 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 531 Жарлығын, Қазақстан Республикасының "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2000 жылғы 22 желтоқсандағы және "Қазақстанның Даму банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Банктің құрылтай құжаттарына қол қойылуын және әділет органдарында тіркелуін;
2) Банктің құрылтай шартында анықталған мерзімде Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:
1) үш күн мерзімде Банктің лауазымды тұлғаларын анықтасын және оларға құрылтай құжаттарына қол қоюға өкілеттік берсін;
2) Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы өздерінің үлестеріне тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
4. ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 23.12.02 ж. № 1343 қаулысымен 5-6-тармақтар алынып тасталды
5.
6.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
ҚР Үкіметінің 19.12.01 ж. № 1662; 23.12.02 ж. № 1343 қаулыларымен қосымша өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен қосымша күшін жойды (бұр. ред. қара)