Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару
жөніндегі комитетін таратудың кейбір мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 494 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
(Бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті атқару құжаттарын орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны мен мүлкі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы әкімшілеріне тапсырыла отырып, таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 45-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті туралы ережеде:
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45.".
4. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі № 931 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 297-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1695 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 490-құжат) 1-тармағы 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары