Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагері» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қарашадағы № 1679 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагерi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi:
1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыру;
2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде білім беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткізу болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі «Астана» санаторий-профилакторийiнiң (Шортанды көлi) мүлiктiк кешенiн заңнамада белгiленген тәртiппен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны теңгерiмiнен Кәсiпорын теңгерiмiне берудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
1) Кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) тегiн сауықтырылуға құқығы бар тұлғалар санатын, сондай-ақ Кәсiпорынның оларды күтуге кеткен шығынын толтыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп белгiлесiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі