Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 604 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар қайта құру жолымен:
Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Күләш Байсейiтова атындағы республикалық музыкалық колледжi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны - «Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме);
Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны - «Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Рсспубликасының Қаржы министрлігі 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 31 «Дарынды балаларды мемлекеттік қолдау» бағдарламасының 36 «Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» кiшi бағдарламасы бойынша және 44 «Арнайы білім бағдарламаларын жүзеге асыру» бағдарламасының 30 «Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде мекемелердiң қаржыландырылуын белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн;
2) мекемелердiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Қ. Тоқаев |