Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1824 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Республикалық оқу-тәрбиелiк орталығы» республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 сәуірдегі № 413 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 13, 126-құжат):
қаулының атауындағы «Республикалық оқу-тәрбие орталығы» деген сөздер «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Республикалық оқу-тәрбие орталығы» деген сөздер «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы әлсiз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық қолайсыз аймақтардың, әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балаларын, балалар үйлеріндегі жетiм балаларды тәрбиелеу оқыту және сауықтыру болып айқындалсын»;
6-тармақта:
екiншi абзацтағы «Республикалық оқу-тәрбие орталығы» деген сөздер «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсiпорынды қаржыландыру республикалық бюджеттен және заңдармен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады».
3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерістер енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Қ. Тоқаев |