Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысы
(2004.04.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1207 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосы беріліп отырған тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі бір айлық мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 28, 238-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтың 2)-тармақшасындағы «Тілдік заңдылықтарды» деген сөздер «Тілдер туралы заңдарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысымен
бекітілген
Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы
ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібін реттейді.
2. Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңдарды тиісінше орындауын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. Уәкілетті органның тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруы кезінде:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органынан, ұйымдардан тілдер туралы заңдардың, Тілдердің қолданылуы мен дамуының мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат, мәліметтер, құжаттар сұратуға;
2) өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қызметтік куәлігін көрсету арқылы мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және ұйымдарда болуға;
3) тілдер туралы заңдар талаптарының бұзылуын жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар беруге;
4) тілдер туралы заңдардың бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тиісті органдарға ұсыныс енгізуге;
5) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кінәлі лауазымды адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін материалдар дайындауға құқығы бар;
5. Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасау мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және ұйымдардың қызметін тексеру жолымен жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда тілдердің қолданылуының жайкүйін уәкілетті органның шешімі бойынша, өз бастамашылығы бойынша немесе жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.
7. Тексеруді жүргізудің тәртібі мен мерзімдері туралы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және ұйымдардың басшылары уақытында құлақтандырылады.
8. Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және ұйымдарда тілдердің қолданылуының жай-күйін тексеру олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
9. Тілдер туралы заңдар нормаларының сақталуын тексерудің нәтижелері бойынша акт жасалады.
10. Жолсыздықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган, анықталған жолсыздықтардың жойылуына қайта тексеру тағайындауы мүмкін.
11. Осы Ереженің 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган беретін, тілдер туралы заңдардың бұзылуын жою туралы ұйғарымның нысанын орталық уәкілетті орган белгілейді.
12. Мемлекеттік органдардың тілдер туралы заңдар талаптарының бұзылуы анықталған тексерулерінің актілері назарға алу және шаралар қолдану үшін бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жолданады.
13. Тілдер туралы заңдардың бұзылғандығы туралы мемлекеттік органдардың шешіміне белгіленген тәртіппен шағым жасалынуы мүмкін.
14. Уәкілетті орган тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың нәтижелері бойынша жүйелі түрде Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жолдайды.
15. Уәкілетті орган тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың нәтижелері бойынша, республиканың заңдарында белгіленген тәртіппен, қолданылып жүрген тілдер туралы заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуі мүмкін.