Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық
займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 17 наурыздағы № 227 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 11.08.98 ж. № 761; 24.06.00 ж. № 934; 15.11.04 ж. № 1199
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық займының екiншi траншы ақшаларының есебiнен ауыл шаруашылығы жобаларына бюджеттік несие берудiң шарттары мен тәртібі (2-қосымша);
Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық займының уақытша басы бос қаражатын орналастыру туралы Ереже (3-қосымша) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінiң 15.11.04 ж. № 1199 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. "Шағын кәсiпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық заемының екiншi траншын өз бетiнше немесе екiншi деңгейдегі банктер арқылы игерудi жеделдету ұсынылсын.
3. ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934 қаулысымен күші жойылды
4. "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 тамыздағы № 1258 қаулысының 1, 3-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934 қаулысымен 1-қосымшаның күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 17 наурыздағы № 227 қаулысына
2-қосымша
Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi
Бағдарламалық займының екiншi траншы ақшаларының есебiнен
ауыл шаруашылығы жобаларына бюджеттік несие берудiң
шарттары мен тәртібі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінiң 11.08.98 ж. № 761; 15.11.04 ж. № 1199 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi (бұдан әрi - АДБ) Бағдарламалық займының (бұдан әрi - АДБ займы) екiншi траншы ақшаларының есебiнен берiлетiн бюджеттік несиелер ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру және өңдеу, машина-технологиялық станциялар үшiн ауыл шаруашылығы техникалары, көтерме азық-түлiк рыноктарының және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуға арналған басқа да рыноктық инфрақұрылымдардың жүйелерiн құру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға несие беруге, сондай-ақ қажеттi айналым қаражатын қаржыландыруға арналған.
Аталған мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi - Қаржыминi), "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қор) және екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктер (бұдан әрi - Банктер) арасында тиiстi несиелiк келісімдерге қол қойылады. Қор өз бетiнше несие берудi жүзеге асырған кезде несиелiк келісімге Қаржыминi мен Қор арасында қол қойылады.
ҚР Үкіметінiң 15.11.04 ж. № 1199 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Банктер немесе Қор түпкi заем алушыға (бұдан әрi - Заем алушы) тек 5 (бec) жылға дейiнгi мерзiмге қамтамасыз етуге жылдық 11 (он бiр) процентке дейiнгi мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен АҚШ долларымен несие бередi. Бұл ретте 7 (жетi) процентiн Қаржы министрлігінің сыйақысы (мүддесi) құрайды. Банктер арқылы несие беру кезiнде Банктердің сыйақы ставкасы (лизингтiк компаниялардың қызметтерiн қоса алғанда, Банктердiң өз қалауы бойынша) жылдық 3,5 (үш бүтiн оннан бec) процентке дейiнгi және Қордың 0,5 (нөл бүтiн оннан бec) процентiне дейiнгi ставкасын құрайды. Қор өз бетiнше несие берген жағдайда Қордың сыйақы (мүдде) ставкасы жылдық 4 (төрт) процентiне дейiнгi ставканы құрайды. Өз бетiнше несие берген кезде Қордың несие қаражатын қайтару тәртібі Қаржыминi мен қарыз алушы ретіндегі Қор арасында жасалатын несиелiк келісіммен белгiленедi.
Қайтарымның мынадай тәртібі белгiленедi:
бiрiншi жылдан бастап несие үшiн сыйақылар (мүдделер) - жыл сайын 1 сәуiрде және 1 қазанда;
негiзгi борыш несиенiң мерзiмiне байланысты екi жылға дейiнгi жеңiлдiк кезеңiн қоса, тең жарты жылдық төлемдермен - жыл сайын 1 сәуiрде және 1 қазанда.
ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Заемшы нақты несие сомасының 60 процентiне дейiн аталған жоба бойынша айналыс қаражатын толықтыру үшiн пайдалануы мүмкiн.
ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрi Ұлттық Банк) Қордың арнаулы шотында АҚШ долларында сақтаулы тұрған, уақытша басы бос, жобаларға енгiзiлмеген ақшалар Ұлттық банк пен банктердегi депозиттерге, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылады 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге.
5. Жабдықтар мен берермендердiң фирмаларын iрiктеудi Банктер Заемшылармен бiрлесiп конкурстық негiзде жүзеге асырады. Қажет болса Банк пен Заемшы кеңес сұрап басқа ұйымдарға өтiнiш жасай алады, олардың қызметiне оған АДБ несиесiнiң есебiнен берiлген өз ақшасынан ақы төленедi.
6. Заемшылар алатын несиелер бизнес-жоспарларда тиiмдiлiк деректерiн мiндеттi түрде көрсете отырып, шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын дамытуға, жұмыс орындарын құруға несиелер берiлуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Президентінің Үкiметке 1998 жылға арналған сегiз нақты тапсырмасын iске асыруға тiкелей немесе жанама түрде көмектесетiндей болуы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Несиелердi пайдаланудың салалық (iшкi салалық) бағыттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен келiсе отырып Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Ауылшарминi) белгiлейдi және бекiтедi.
II. Жобаларды қабылдаудың, қараудың және
мақұлдаудың тәртібі
ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934; 15.11.04 ж. № 1199 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді
8. Заемшы бюджеттiң алдында өзiнiң қарызы жоқ екенiн банкке немесе Қорға құжатты түрде растауы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 15.11.04 ж. № 1199 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Заемшылардың Банктерге немесе Қорға тапсыратын құжаттарына деген талаптарды Банктер немесе Қорлар өздерi қабылдаған несиелiк саясатқа сәйкес белгiлейдi.
ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Банктер мақұлдаған жобалар Қорлардың қарауына енгiзiледi және олар бойынша шешiм 7 (жетi) күн iшiнде:
заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан асатын жобалар бойынша - Қордың Директорлар кеңесінің;
заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын жобалар бойынша - Қор басқармасының.
11. Несиенiң мақсатты пайдаланылуы және қайтымдылық шарттары сақталмаған жобаларды Қор Банкке тиянақтауға қайтарады.
ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934; 15.11.04 ж. № 1199 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді
12. Қордың Директорлар кеңесінің 10-тармаққа сәйкес оң шешiмiн алған жобалар бойынша Қаржыминi, Қор және Банк арасында Қор өз бетiнше несие берген жағдайда Қаржыминi мен Қор арасында несиенi беру жөніндегі қажеттi құжаттар рәсiмделедi.
III. Займның қаражатын мақсатты пайдалануды
және өтеудi бақылау
13. Қаржыминi мен Қор АДБ Займдарының қаражаттарын дер уақытында және мақсатты пайдаланылуы жөнiнде Банктерге бақылау жасауды жүзеге асырады.
IV. Қорытынды ережелер
ҚР Үкіметінiң 15.11.04 ж. № 1199 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
14. Егер Банктер немесе Қор 1 (бiр) айдың iшiнде алдын ала ақы төлеу жүргiзсе, аккредитивтер ашылса, кепiлдiктер немесе вексель берiлсе, берермендермен есеп айырысудың басқа да нысандары келісім-шарттардың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылса, қаражат игерiлдi деп саналады.
ҚР Үкіметінiң 24.06.00 ж. № 934 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Қатысушы банктердiң тiзбесiн Қордың Директорлар кеңесі Ұлттық Банкпен келiсе отырып бекiтедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 17 наурыздағы № 227 Қаулысына
3-қосымша
Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi
Бағдарламалық займының уақытша басы бос қаражаттарын
орналастыру туралы ереже
ҚР Үкіметінiң 15.11.04 ж. № 1199 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің (бұдан әрi - АДБ) АҚШ долларындағы Бағдарламалық займының (бұдан әрi - АДБ займы) уақытша басы бос қаражаттарын (бұдан әрi - Қаражаттар) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен (бұдан әрi - Қаржыминi) келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрi - Ұлттық Банк) және екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктердегi (бұдан әрi - Банктер) депозиттер мен мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырады.
2. Қаражаттарды орналастыру:
Қаржыминi, Қор және Ұлттық Банк;
Қаржыминi, Қор және Банктер арасында жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Орналастыру тәртібі
3. Қаражаттарды Қор Қаржыминiнiң келісімi бойынша:
жасалатын шартқа сәйкес - Ұлттық Банктегi депозиттерге;
жылдық 9 (тоғыз) проценттiк мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен мемлекеттік бағалы қағаздар кепiлдiгi бойынша Банктердегi депозиттерге;
жылдық 7 (жетi) проценттiк мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен 1 (бiр) айлық мерзiмге - Банктердегi мерзiмдiк депозиттерге орналастырылады. Депозиттердiң бұл түрiне қаражаттар Банктердiң өтiнiштерi бойынша, депозиттiң қолданылуы көрсетiлген мерзiмi iшiнде АДБ Займы бойынша жобалардың портфелiн несиелендiру жолымен, олар игерiлетiн жағдайда орналастырылады.
Бұл орайда, егер:
көрсетiлген мерзiм бiткен кезде қаражаттар игерiлмесе, онда депозиттер 1 (бiр) жылдық мерзiмге айлық 12 (он екi) проценттiк мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен алғашында орналастырылған деп есептеледi;
ал қаражаттар көрсетiлген мерзiм бiткенге дейiн игерiлген болса, онда депозит бойынша сыйақының (мүдденiң) айлық ставкасын шығару жылдық 7 (жетi) проценттiк мөлшердегi есеппен iс жүзіндегі күндердiң санына қарай жүргiзiледi.
4. Қор Қаржыминiнiң келісімi бойынша уақытша басы бос қаражаттарды орналастырудан түсетiн кiрiстердi жинақтау және кейiн оларды бюджетке аудару үшiн Ұлттық Банктен АҚШ долларында арнаулы шот ашады.