11) кеден заңдары бұзылған жағдайда - кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыра алады.
621-бап. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртiбi
1. Әкiмшiлiк ұстау жөнiнде хаттама жасалады, онда жасалған күнi, уақыты және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ұсталған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер; ұсталған уақыты, орны және негiзi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұсталған адам қол қояды. Ұсталған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы хаттамада жазылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамның өтiнiшi бойынша оның қайда екендiгi туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұсталуы туралы оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға мiндеттi түрде хабарланады.
622-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк ұстау осы Кодекстiң 618-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимiн, кеден режимiн немесе Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өту бекетiндегi режимдi бұзғаны туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам - қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау үшiн және құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн бұл туралы ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери сақшылар коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал қолдарында құжаттары жоқтарды - олардың кiм екенiн анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.
3. Әкiмшiлiк айып шараларының бiрi ретiнде әкiмшiлiк қамауға алынатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа әкiмшiлiк ұстауға тартылуы мүмкiн.
4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi осы Кодекстiң 619-бабына сәйкес жеке адам жеткiзiлген кезден, ал мас адамға, - медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi.
623-бап. Мерзiмдi есептеу
1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағатпен, тәулiкпен, айлармен және жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдi есептеу кезiнде мерзiм басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезiндегi мерзiмдi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыстан тыс уақыт та қосылады.
4. Мерзiм тәулiкпен есептелген кезде мерзiм алғашқы тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептелiп, мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады.
5. Мерзiм айлармен немесе жылдармен есептелген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айда тиiстi күн жоқ болса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Әкiмшiлiк ұстау мен әкiмшiлiк қамауға алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс iстемейтiн (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi болып есептеледi.
624-бап. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстау орны мен тәртiбi
1. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдар арнайы осыған бөлiнген, санитария талаптарына сәйкес келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгiн болдырмайтын үй-жайларда ұсталады.
2. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстаудың талаптарын, ондай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары белгiлейдi.
3. Өздерiне қатысты әкiмшiлiк ұстау қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
625-бап. Алып келу
1. Осы Кодекстiң 618-бабында көзделген жағдайларда, өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамды не заңды тұлғаның заңды өкiлiн, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн алып келу жүргiзiледi.
2. Алып келудi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан соттың, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органы (полиция) жүргiзедi.
626-бап. Адамның жеке басын тексеру және оның қолындағы заттарды
тексеру
1. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру қажет болған жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тiкелей объектiлерiн табу мақсатында жүргiзiледi.
2. Жеке басын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
3. Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады.
4. Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарауды, яғни олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
5. Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
6. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады.
7. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөнiндегi хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
8. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
9. Адамның жеке басын тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 627-бап өзгертілді
627-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру
1. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тiкелей объектiлерiн табу мақсатында жүргiзiледi.
2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерудi, яғни құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi екi куәгердiң қатысуымен уәкiлдiк берiлген осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
3. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру оларды иеленушi адамдардың не оның өкiлiнiң немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған адамдардың қатысуынсыз-ақ тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Қажет болған жағдайларда көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi тексеру кезiнде анықталған заттарды көрсету мақсатында фотоға, киноға түсiрiлiп, бейнежазба жасалады.
5. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға не оның заңды өкiлiне немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамға тапсырылады.
6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тексерiлген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушi адамның жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
7. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазба, құжаттарды көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазба, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
8. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 628-бап өзгертілді
628-бап. Жеке адамның қолындағы заттар мен құжаттарды алып қою
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы немесе объектiлерi болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен реквизиттерi, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, оқ-дәрiлердiң саны мен түрi, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер болады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам белгiлейтiн орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгiленген тәртiппен жойылады.
8. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының омырауға тағатын белгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 629-бап өзгертілді
629-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және
мас күйiн куәландыру
1. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетiлiп, мас күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi. Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекiтуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткiзу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар.
3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету туралы, сондай-ақ мас күйiн куәландыруға жiберу туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылық хаттамасында белгi жасалады.
5. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету, мас күйiн медициналық куәландыруға жiберу туралы хаттамада жүргiзуден шеттету, куәландыруға жiберу күнi, уақыты, орны, негiздерi, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, жүргiзуден шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргiзушiнiң, кеме жүргiзушiнiң жеке басы туралы мәлiметтер көрсетiледi.
6. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету, мас күйiн куәландыруға жiберу туралы хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, сондай-ақ жүргiзуден шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргiзушi, кеме жүргiзушi қол қояды. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
7. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II; 03.07.03 ж. N 464-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 630-бап өзгертілді
630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау
1. Осы Кодекстiң 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461, 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 467-471, 470 (үшінші бөлігінде) баптарында аталған тәртiп бұзу жасалған жағдайда осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау себептерi жойылғанға дейiн көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi ұстауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, көлік бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда - көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды өз өкілеттіктері шегінде жол полициясының, әскери автомобиль полициясының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.
3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау туралы белгiленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды,
өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 636-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.
2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлi не өзге қызметкерi туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен реквизиттерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тиiстi заңды тұлға болып табылатын ұйымның заңды өкiлi, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда ұйымның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның заңды өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II Заңымен 632-1-баппен толықтырылды
632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк
құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тiкелей объектiсi болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершiлiкпен сақтауына берiлуi мүмкiн.
2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды, тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесi мен екі куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 620-бабында, 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бiрдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.
5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету
шараларына шағым беру
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.
2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.
3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.
6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.
7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.