2) 313-1-бапта көрсетiлген шығындарды қоспағанда, келiсiм-шарт күшіне енген күннен бастап және ол қолданылатын барлық кезең ішінде іс жүзінде жұмсалған шығындар енеді.
Құрамына жер қойнауын пайдаланушы офистерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан офистерінің жалға алу ақысын төлеуге, оларды күтіп-ұстауға арналған, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар, жарнамаға арналған шығыстар кіретін, келісім-шартты орындауға байланысты әкімшілік шығыстар және келісім-шарт талаптары бойынша басқа да әкімшілік шығыстар келісім-шартта белгіленген, бірақ есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушыға өтелетін шығыстардың жалпы сомасының бір процентінен аспайтын норматив мөлшерінде өтеледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушы өтейтін шығындар:
келісім-шарт бойынша жасалған не сатып алынған мүлікті жалға бергені үшін жалдау ақысын алуға байланысты операциялық табыстар сомасына, оларды алуға байланысты шығындар шегеріле отырып;
келісім-шарт шеңберіндегі қызметтен алынған басқа да табыстар (тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) және басқалар) сомасына азайтылады.
4. Егер жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы арасында жер қойнауын пайдаланушының өз өнiмдерiмен қоса өнімдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша мемлекеттiң үлесiн өткiзу мүмкiндiгi көзделетiн болса, онда осындай өткiзуге байланысты шығындар және жер қойнауын пайдаланушы мен құзыреттi орган арасындағы қосымша келiсiмге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының iс жүзiндегi шеккен шығындары өтелуге тиiс.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 313-1-баппен толықтырылды
313-1. Өтелмейтiн шығындардың құрамы
Өтемдiк өнiм есебiнен өтелмейтiн шығындарға мынадай шығын түрлерi:
1) өнiмдi бөлу шарттарына орай жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға жарна төлеу бойынша;
2) геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша;
3) келiсiмде шектеулер, оның iшiнде әкiмшiлiк шығыстар белгiленген шығындарды арттыру бөлiгiндегi баптар бойынша;
4) қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден артық ластағаны үшiн ақы төлеу бойынша;
5) жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі өтемдiк өнiм мен пайда түсiретiн өнiмдер үлесiн жеткiзіп беру (бөлу) пунктінен өткiзу пунктiне дейiн жеткiзуге арналған шығындарды, тасымалдау кезiндегi шығындарды, өнiмдi межелi жерге дейiн тасымалдау кезiнде сақтандыруға арналған шығындарды, комиссиялық және өзге де шығындарды қоса алғанда, осы өнiмдi өткiзуге байланысты;
6) акционерлердің (құрылтайшылардың) талабы бойынша жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық қызметтi тексеруге (аудитке) байланысты;
7) жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шартта белгiленген өз мiндеттемелерiн, соның iшiнде Қазақстаннан қамтылуға тиiс мiндеттемелерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандықтан шеккен шығындары жатады. Қазақстаннан қамтылуға тиiс деп мiндеттi түрде келiсім-шартқа енгізiлуге тиiстi және құзыреттi органмен бiрлесе отырып тиiстi мемлекеттiк органдар растайтын әдiстемелер бойынша есептелетін, жылдар бойынша көлемдерi қайта бөлінуі мүмкiн:
қазақстандық кадрлардың міндеттi оқу бағдарламаларын iске асыру және бiлiктiлiгiн арттыру жағдайына қарай жыл сайын саны азаюға тиiс, әр санат бойынша шетелдiк персоналмен арақатысының жеке проценттiк ұмтылу құрамы көрсетiле отырып, персонал санаттары бойынша бөлiнетiн келiсiм-шартты орындау кезiнде жұмыс iстеген қазақстандық кадрлардың;
тiкелей сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттар жасасу арқылы сатып алынатын, Қазақстаннан шыққан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң проценттiк қамтылуы түсінiледi.
Бұл ретте Қазақстанда шығарылған деп тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi тікелей Қазақстан Республикасының аумағында өндiру (орындау) танылады;
8) экскурсиялар мен саяхаттарға арналған жолдамалардың құнына ақы төлеуге байланысты;
9) кредит (заем) және заем қаражаттарын пайдалану үшін сыйақыларды төлеу, сондай-ақ заем қаражатын тартуға және пайдалануға байланысты комиссиялық төлемдер және басқа да шығыстар;
10) технологиялар мен техника қауiпсіздігінің сақталмауы нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен жол берiлген авариялар салдарынан келтірілген залалдар;
11) әлеуметтік жобалар бойынша шығындар;
12) қызметкерлердi epiкті сақтандыру бойынша шығыстар;
13) coт талқылауларына байланысты шеккен шығындар;
14) жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекеттік органдар алатын айыппұлдар мен өсімпұлдар;
15) қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген жеке тұтынуына арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығындар;
16) жер қойнауын пайдаланғаны үшін тіркелген бiржолғы төлемдеp немece коммерциялық табу бонустары;
17) төленген салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер;
18) келесі салық кезеңіне қалдырылатын, проценттері (аплифт) есептелмейтiн, өтелмейтiн шығындардың қалдығы;
19) келісім-шарт бойынша қызметке тікелей қатысы жоқ басқа да шығындар жатады.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 313-2-баппен толықтырылды
313-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу тәртiбi
1. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу өнiмде бөлу туралы келісiм-шартта белгіленген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы бапта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушыға шығындарды өтеу пайдалы қазбаларды сынамалық пайдалану және (нeмece) коммерциялық мақсатта өндiру (бұдан әрi - коммерциялық өндiру) басталған кезден бастап өтемдiк өнiмнің шекті үлесiнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл peттe өз қажеттерi үшін өндіруге жатпайтын пайдалы қазбалар өндіру коммерциялық өндіру болып табылады.
3. Өтемдік өнімнiң шектi үлесі қазылатын кен орнының экономикалық құндылығы ескеріле отырып, өнімді бөлу туралы әрбір келісім-шарт бойынша жеке белгіленедi және олар:
жобаның өзін-өзi өтеуіне жеткенге дейінгі кезеңде - салық кезеңi ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген пайдалы қазбалардың жалпы көлемiнiң жетпiс бес процентiнен аспауға;
кейінгі кезеңдерде - елу процентiнен аспауға тиіс.
4. Әрбiр кен орны бойынша шығындарды өтеу келісім-шарт аумағында өндірілген барлық өтемдік өнiм есебiнен жүзеге асырылады.
5. Салық кезеңiнің аяғында өтелмеген, өтелетiн шығындардың қалдығы:
салық кезеңiнің басында жер қойнауын пайдаланушыға өтелмеген, өтелетін шығындар,
қосу
салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген өтелетiн шығындар,
алу
салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушыға өтелген, өтелетін шығындар ретінде айқындалады.
6. Егер салық кезеңінiң басында өтелетін шығындардың және көрсетілген салық кезеңінде шеккен өтелетін шығындардың қалдықтары сомасына тең өтемдік өнімнің мөлшері өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгiленген өтемдік өнімнің тиісті шекті үлесінен аз болса, онда көрсетілген кезеңде өтелетін шығындардың қалдығы толық көлемде өтеледі.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 314-бап өзгертілді; ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 314-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)
314-бап. алып тасталды
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 314-1-баппен толықтырылды
314-1-бап. Салық кезеңi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 314-2-баппен толықтырылды
314-2-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Pecпубликасының үлесiн төлеу мерзiмi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей төленедi.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 314-3-баппен толықтырылды
314-3-бап. Салық декларациясы
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей табыс етедi.
11-бөлім. Әлеуметтік салық
50-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 315-бап өзгертілді
315-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимiнен басқа, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
3) жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 316-бап өзгертілді
316-бап. Салық салу объектiсi
1. 315-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi жұмыс берушiнің осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағында, 153-1-бабында анықталған табыстар түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 178-бабының 14)-17) тармақшаларында анықталған табыстар түрiнде резидент емес қызметкерлерге төленетiн шығыстары, сондай-ақ осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағында көрсетiлген шетелдiк персоналдың табыстары және осы Кодекстiң 144-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 11), 14)-17), 23), 25)-29), 31)-34) тармақшаларында белгiленген төлемдердi қоспағанда, өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетiн төлемдердi қоспағанда) төленетiн төлемдер, сондай-ақ мыналар қосылмайды:
1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар;
4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда жеке еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер;
5) пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн өтемдерi;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары.
7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына берiлетiн ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.
2. Осы Кодекстiң 315-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.
3. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 317-бап өзгертілді
317-бап. Салық ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi мынадай cтaвкa бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
Қызметкердiң салық салынатын табысы | Ставкасы |
15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 15-тен 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 40-тан 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 200-ден 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғары | салық салынатын табыс сомасынан 20 процент 15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 процент 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 12 процент 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 процент 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 процент |
2. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi
әкiмшiлiк-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердiң шетелдiк мамандары
үшiн мынадай cтaвкa бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
Қызметкердiң салық салынатын табысы | Ставкасы |
40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 40-тан 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 200-ден 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғары | салық салынатын табыс сомасынан 11 процент 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 процент 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 процент 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 5 процент |
Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк азаматтарды тартуға
белгiлейтiн квoтa шегiнде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi
орган берген шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатқа сәйкес Қазақстан
Республикасына тартылған, жұмыс берушi еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн
жалдаған шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ:
шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бiрiншi
басшылары;
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен ақшалай баламада елу миллион
АҚШ долларынан жоғары инвестициялар сомасына келiсiм-шарттар жасасқан
ұйымдардың бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi;
қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын
және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм-шарт жасасқан
Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары;
қаржы ұйымдарының бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi болып
iстейтiн шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар
әкiмшілік-басқару, инженер-техник қызметкерлердің шетелдiк мамандары
болып табылады.
3. Жеке кәсiпкерлер, арнаулы салық режимiн қолданатындарды
қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимiнен
басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзi үшiн үш айлық есептiк көрсеткiш
және әрбiр қызметкер үшiн екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
әлеуметтiк салық төлейдi.
4. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту сөйлеу көру қабiлетiнен
айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң
121-бабы 2-тармағыныңәлеуметтiк салық төлейдi.
5. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер мен заңды
тұлғалар үшiн әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң
374-384-баптарында 51-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 318-бап өзгертілді
318-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртiбi
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес белгiленген әлеуметтiк салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiлiп отырады.
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салықты есептеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
319-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 321-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
3. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
320-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты төлеу
ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк мекемелердiң есептi айға есептелген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүктiлiгi мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленген әлеуметтiк жәрдемақылар сомасына кемiтiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақылардың төленген сомасы есептi айда есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесi айға ауыстырылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 321-бап өзгертілді
321-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртiбi
1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi.
2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін өздерiнiң орналасқан жерi бойынша тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.
52-тарау. Салық декларациясы
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 322-бап өзгертілді
322-бап. Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация және құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабы
1. Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып отырады.
2. Арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияны осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен тапсырады.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабының тиісті қосымшалары есеп-қисапты беру үшін белгіленген мерзім күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органдарына беріледі.
12-бөлім. Жер салығы
53-тарау. Жалпы ережелер
323-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiлiгiне қарай мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
2) елдi мекендер жерлерiне;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
5) орман қорының жерлерiне;
6) су қорының жерлерiне;
7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
2. Жердің белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiлерiмен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда елдi мекендер жерлерi;
2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
3. Жердің мынадай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;
2) орман қорының жерлерi;
3) су қорының жерлерi;
4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, оларға осы Кодекстiң 336-бабында белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
4. Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.
5. Жер салығы:
1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 324-бап өзгертілді
324-бап. Төлеушiлер
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтарда салық салынатын объектiлерi бар құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушiлер деп танылады.
3. Мыналар:
1) бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектің ата-анасының бiреуi:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
гаражға арналған жер учаскелері бойынша;
6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша - "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;
7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағының 4)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушiлер пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 325-бап өзгертілді
325-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi анықтау
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
2. Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.
326-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылыстар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi.