әзiрлеуге тарту
1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнiмдi таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, -
аталған өнiмдi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iсәрекеттер, -
эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеу құралдарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
116-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), азаматтардың
отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке
толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртiбi мен
мерзiмдерiн бұзу
Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртiбiн не мерзiмдерiн бұзуы немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, не асырап алуға, қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беруден балаларды жасыруға бағытталған өзге де iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
117-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз қызмет
Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаж тәрбиешiге беру жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау. Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
118-бап. Жерге меншiк құқығын бұзу
Жер учаскелерiн өз бетiмен иелену және айырбастау не жерге меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
119-бап. Жер учаскелерiн өз бетiмен иелену немесе уақытша иеленген
жердi дер кезiнде қайтармау
Жер учаскесiн өз бетiмен иелену немесе уақытша иеленген жердiң қайтарылу мерзiмiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
120-бап. Жерге орналастыру құжаттамасын бекiтудiң белгiленген
тәртiбiн бұзу
Жерге орналастыру құжаттамасын бекiтудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, сол сияқты оған өз бетiмен өзгерiстер енгiзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 121-бап өзгертілді
121-бап. Арнаулы белгiлердi жою
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жер асты суларын байқаушы және режимдiк ұңғыларды, су объектiлерiндегi байқаушы режимдiк тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылық белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылық белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
122-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Жер қойнауын өз бетiмен пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
123-бап. Кен орнының бай учаскелерiн iрiктеп өңдеу
Қалған запастар сапасының нашарлауына, пайдалы қазбалардың жобадан тыс және нормативтен тыс негiзсiз ысырабына алып келетiндей етiп кен орны учаскелерiн iрiктеп өңдеу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
124-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Су объектiлерiн өз бетiмен алып қою, суды өз бетiмен пайдалану, су пайдалану құқығын басқа бiреуге беру, лимиттердi бұза отырып су жинау, гидротехникалық жұмыстарды өз бетiмен жүргiзу, жер асты және су объектiлерiнен алынған немесе бөлiнген жер үстi суларын ысырапқорлықпен пайдалану, сондай-ақ мемлекеттiң суға меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
125-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге салу, өз бетiмен иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiң меншiк құқығын бұзатын орман пайдалану құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
126-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк
құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасасу, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да аумақтардағы жануарлар дүниесi объектiлерiн өз бетiмен пайдалану, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасасу, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн өз бетiмен пайдалану, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
127-бап. Энергияны, газды немесе суды өз бетiмен пайдалану
Электр не жылу энергиясын, газ не су құбырлары желiсiнен газды немесе суды өз бетiмен қосып, пайдакүнемдiк мақсатта пайдалану, сол сияқты канализация желiсiне өз бетiнше қосу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма бестен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
128-бап. Өнертабыстық және патенттiк құқықтарды бұзу
Өнертабысты, пайдалы модельдi не өнеркәсiптiк үлгiнi заңсыз пайдалану, автордың немесе мәлiмдеушiнiң келiсiмiнсiз ғылыми жаңалықтың, өнертабыстың, пайдалы модельдiң не өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн олар туралы мәлiметтердiң ресми жариялануына дейiн жария ету, сол сияқты авторлықты иелену немесе ортақ авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,-
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
129-бап. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз
пайдалану
1. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектiлерiн сату, прокатқа беру немесе заңсыз өзгеше пайдалану, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
шығармалар мен фонограммалардың даналарын тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
шығармалардың немесе фонограммалардың даналарын тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiне сәйкес шығармалар мен фонограммалардың тәркiленген даналары, авторлық немесе сабақтас құқықтар иесiне оның өтiнiшi бойынша берiлетiн жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 628-бабында көзделген тәртiппен жойылуға тиiс.
130-бап. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер
төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация
жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу
Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiнсiз және осы органдардың нұсқауы бойынша ескерткiштердiң паспорттандырылуы мен сақталуын анықтау жөнiндегi алдын ала шараларды жүзеге асырмай, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу; ескерткiштердi қорғау өңiрлерiнде жер, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк ескерткiштердi қорғау органдарының рұқсатынсыз бұл өңiрлерде шаруашылық қызметпен айналысу, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органдардың ескерткiштердi қорғау жөнiндегi ережелердiң бұзылуын жою туралы нұсқамаларын орындамау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Егiстiктер мен екпелердi басып өту
1. Автомобильмен не трактормен, комбайнмен немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинамен егiстiктердi немесе екпелердi басып өту,-
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Егiстiктердi немесе екпелердi күш көлiгiмен басып өту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
132-бап. Егiстiктердi, шөмелелердi таптау, ауыл шаруашылық
дақылдарының алқаптағы жиналған астығын ойрандау немесе жою,
екпелердi бүлдiру
1. Ауыл шаруашылық ұйымдарының, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егiстiктерiн, шөмелелерiн мал немесе құс жайып таптау, ауыл шаруашылық дақылдарының алқаптағы жиналған астығын ойрандау немесе жою, екпелердi бүлдiру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
133-бап. Өз бетiмен шөп шабу
1. Ауыл шаруашылық ұйымдарының, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың жер учаскелерiнде өз бетiмен шөп шабуы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кәсiпшiлiк түрiнде не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
134-бап. Бөтен бiреудiң жер учаскесiне заңсыз кiру
Бөтен бiреудiң жер учаскесiне заңсыз кiру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
135-бап. Бөтен бiреудiң мүлкiн жою немесе бүлдiру
1. Бөтен бiреудiң мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,-
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бөтен бiреудiң мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,-
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II Заңымен 135-1-баппен толықтырылды
135-1-бап. Лауазымды адамның және ұйым басшысының өзiне сенiп
тапсырылған объектiлердiң (мүлiктiң) қауiпсiздiгi мен сақталуын
қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше
орындамауы
1. Лауазымды адамның, сол сияқты мемлекеттiк орган немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы болып табылмайтын ұйым басшысының өзiне сенiп тапсырылған Қазақстан Республикасының ерекше маңызды мемлекеттiк, стратегиялық объектiлерiнiң және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң қауiпсiздiгi мен сақталуының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
136-бап. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау
1. Ұйымға меншiк құқығында тиесiлi немесе оның қарауындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлық, алаяқтық жасау, иеленiп кету, жұмсап қою жолымен ұсақ-түйектеп ұрлау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксiз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау:
1) бiр топ адамдар қатысып;
2) бiрнеше мәрте;
3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не сақтау орнына заңсыз кiру арқылы жасалса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау, егер бұған дейiн осы бапта көзделген бiр немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған, немесе егер ұсақ-түйектеп ұрлауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 177-183, 250, 256 немесе 261-баптарында көзделген қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адам жасаған болса, бiрнеше мәрте ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 137-бап өзгертілді
137-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз,
бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз) кәсiпкерлiк немесе
өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi
(операцияларды) жүзеге асыру
1. Тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), мұндай рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi) мiндеттi болған жағдайларда кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар тәркiленiп не онсыз, кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысқан жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiс (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар қосымша тәркiленiп, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар тәркiленiп, кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысқан жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiс (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар қосымша тәркiленiп, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
138-бап. Заңсыз банктiк қызмет
Банк қызметiн тiркеусiз немесе арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
қызметтiң осы түрiне лицензиядан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып не онсыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап жаңа редакцияда
139-бап. Лицензиялау ережелерi мен нормаларын бұзу
1. Заңдарда белгiленген лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу, -
белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзушылықтарды жоймау, -
белгiлi бiр қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бec жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
140-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан
Республикасының шегiнен тысқары әкету немесе жiберу
ережелерiн бұзу
1. Шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары әкету мен жiберу ережелерiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
шикiзатты немесе тауарларды тәркiлей отырып немесе онсыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан
Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау
тәртiбiн бұзу
Пошта ұйымдарының, темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
142-бап. Қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды немесе олар
құрамында бар бұйымдарды алудың, жұмсаудың, есепке алудың,
сақтаудың, сондай-ақ олардың сынықтары мен қалдықтарын
жинаудың және мемлекеттiк қорға тапсырудың белгiленген
ережелерiн бұзу
Қымбат бағалы металдарды және асыл тастардың барлық түрлерiн және олар құрамында бар бұйымдарды қолданатын және пайдаланатын ұйымдардың лауазымды адамдарының қымбат бағалы металдарды және асыл тастарды немесе олар құрамында бар бұйымдарды алудың, жұмсаудың, есепке алудың, сақтаудың не олардың сынықтары мен қалдықтарын жинаудың және мемлекеттiк қорға тапсырудың Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ережелерiн елеусiз мөлшерде бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Егер қымбат бағалы металдардың және асыл тастардың құны бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы бапта көзделген әрекеттер елеусiз мөлшерде жасалған деп танылады.
143-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ түрлерiмен айналысу, -
азаматтарға және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн
бұзу
Белгiленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамауда көрiнiс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн бұзу, -
азаматтарға және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
145-бап. Тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауардың шыққан
орнының атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану
Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауардың шыққан орнының атауын, немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану, сондай-ақ, бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
146-бап. Кәсiпкерлiк қызмет туралы ақпаратты табыс етпеу немесе дер
кезiнде табыс етпеу
Мемлекеттiк органдарға салықтарды есептеу немесе статистика үшiн қажеттi, заңмен белгiленген кәсiпкерлiк қызмет туралы ақпаратты табыс етпеу немесе дер кезiнде табыс етпеу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 147-бап жаңа редакцияда
147-бап. Монополияға қарсы заңдарды бұзу
1. Бәсекенi шектеу, жосықсыз бәсеке, рыноктағы басым (монополистiк) жағдайды терiс пайдалану, сол сияқты монополияға қарсы заңдарды өзге де бұзушылық, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса және кiрiс алуға әкеп соқпаса, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -