§ 4. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 376-бап өзгертілді
376-бап. Жалпы ережелер
1. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне салық кезеңi басталғанға дейiн көшу үшiн шағын бизнес субъектілерi өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда өтiнiш бередi.
Қызметiн бір елді мекен шегіндегі деген әртүрлi аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiктерде орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтайды.
2. Мынадай талаптарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
1) жеке кәсіпкерлер үшiн:
жеке кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде он бес адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 4500,0 мың теңге болса;
2) заңды тұлғалар үшiн:
қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бес адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 9000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимiнен өз еркiмен шыққан кезде шағын бизнес субъектiсi есептi тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап өтiнiш негiзiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне көшедi.
Жеке кәсiпкер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгiленген талаптар өзгерген жағдайда (көрсеткiштер асып кетсе) ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы.
4. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiнен оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне көшкен кезде әлеуметтiк, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептiлiктi тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 377-бап өзгертілді
377-бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде бюджетпен есеп айырысу тәртiбi
1. Салықты оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi шағын бизнес субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
Тоқсандық табысы | Ставкасы |
қоса алғанда 2000,0 мың теңгеге дейiн 2000,0 мың теңгеден жоғары - 3000,0 мың теңгенi қоса алғанда 3000,0 мың теңгеден жоғары | табыс сомасының 3 процентi 60,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5 процент 110,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 7 процент |
3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға
тиiс:
Тоқсандық табысы | Ставкасы |
қоса алғанда 2000,0 мың теңгеге дейiн 2000,0 мың теңгеден жоғары - 4500,0 мың теңгенi қоса алғанда 4500,0 мың теңгеден жоғары - 6500,0 мың теңгенi қоса алғанда 6500,0 мың теңгеден жоғары | табыс сомасының 4 процентi 80,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5 процент 205,0 мың теңге + 4500,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 7 процент 345,0 мың теңге + 6500,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 9 процент |
4. Егер есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша жалдамалы
қызметкерлердiң
орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
белгiленген ең төменгi айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемiнде 2
еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5 еселенген мөлшерiндей
болса, онда осы баптың 2 немесе 3-тармағына сәйкес салық кезеңi
iшiнде есептелген салық сомасы, қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын
негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi
мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге тиiс.
5. Табыстың шектi мөлшерi осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында
белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу табыстың
шектi сомасынан және нақты алынған табыс сомасынан жеке-жеке жүргiзiледi.
Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма осы баптың 4-тармағында
көзделген түзетусiз бюджетке төленуге тиiс.
Осы баптың 4-тармағында көзделген түзетуге табыстың шектi сомасынан
есептелген салық сомасы ғана жатады.
6. Шектi орташа тiзiмдiк сан осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында
белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген
түзету осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленген шектi орташа
тiзiмдiк санға ғана жүргiзiледi.
7. Оңайлатылған декларация тоқсан сайын, есептi салық кезеңiнен
кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрiлмей, салық органына табыс етiледi.
8. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу
жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде бiрдей
үлеспен есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмейтiн
мерзiмде жүргiзiледi.
9. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу
оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш
берген жерi бойынша салық органында жүргiзiледi.
65-тарау. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған
арнаулы салық режимI
378-бап. Жалпы ережелер
1. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртiбiн көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, ұқсату және сату жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұқсату және оны өткiзу жөнiндегi шаруа (фермер) қожалықтары қызметiне қолданылады.
2. Жеке меншiк құқығымен және (немесе) жер пайдалану құқығымен (кейiнгi жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы берiледi.
3. Шаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiн дербес таңдауға құқылы.
4. Шаруа (фермер) қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жыл сайын 20 ақпаннан кешiктiрмей жер учаскесi орналасқан жердегi салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш бередi.
Салық төлеушiнiң аталған мерзiмде өтiнiш бермеуi оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi.
20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа (фермер) қожалықтары Жеке кәсіпкердi мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күнi арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
5. Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.
6. Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 379-бап өзгертілді
379-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеу негізiнде арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары (бұдан әрi - бiрыңғай жер салығын төлеушiлер) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерiн:
1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;
2) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдарына салынатын салықты;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық органына осы салық бойынша есепке қою туралы өз еркiмен өтiнiш беруге құқылы.
3. Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктің (соның iшiнде көлiк құралдарының) бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде қызметтiң осындай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi, салық есептiлiгiн тапсыру мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
Бұл тармақтың ережесi осы Кодекстiң 163-бабына сәйкес төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысты және басқа табыстарды алған кезде де қолданылады.
380-бап. Бiрыңғай жер салығын есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн негiз болып табылады.
Жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын айқындау Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскесiн бағалау құнына 0,1 процент ставканы қолдану жолымен жүргiзіледi.
3. Бiрыңғай жер салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша тиiстi бюджетке екi мерзiмде:
1) ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңiнің 20 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2) бiрыңғай жер салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысу есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (салық жөнiндегi декларация есепке алына отырып) жүргiзiледi.
Төлеудiң бiрiншi мерзiмiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы төлемдi бұдан бұрынғы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияда есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының 1/2 бөлiгiнен кем емес мөлшерде төлейдi. 20 қазанға дейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған салық төлеушiлер салық есептеудің базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеудi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiмен есептелген салық сомасының кемiнде 1/2 бөлiгi мөлшерiнде жүргiзедi. 20 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер есептi жылдан кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ағымдағы есептi кезең үшiн төлеуге тиiстi жалпы салық сомасын енгiзедi.
4. Шаруа (фермер) қожалықтары жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын (салық салу объектiсiнiң өзгеруiн есепке ала отырып) есептейдi және төлейдi.
381-бап. Жер учаскелерiн жалға берген (алған) кезде салық салу ерекшелiктерi
1. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн басқа шаруа (фермер) қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетiлген жер учаскесiнiң нақты пайдаланылу кезеңiн негiзге ала отырып есептейдi және төлейдi.
Жалға алушының пайдалану кезеңi жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнгi айдан бастап белгiленедi.
Бұл орайда жер учаскесiн жалға беруден алынған (алынуға тиiс) табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бiрдей белгіленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
2. Шаруа (фермер) қожалығы бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылмайтын салық төлеушiге жер учаскесiн жалға берген кезде осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттеме шаруа (фермер) қожалығында қалады.
Жер учаскесiн жалға беруден алынған табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi. Бұл орайда осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығының төленген сомасы (есептелген шекте) салық салынатын табыс айқындалған кезде шегерiлуге тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 382-бап өзгертілді
382-бап. Бiрыңғай жер салығы бойынша салық есептiлiгi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жыл сайын ағымдағы салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер учаскелерi орналасқан жердегi салық органдарына өткен салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларация тапсырады.
2. Бiрыңғай жер салығын төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданған бiрiншi жылдың 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (бiрiншi салық кезеңiнде) мынадай құжаттарды:
1) ағымдағы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн;
2) нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретiн құжаттардың көшірмелері;
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат болмаған жағдайда бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жергiлiктi атқарушы органның жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiн табыс етедi. Кейiнгi жер пайдалану құқығына акт алған кезде салық төлеушi оны алған кезден бастап отыз күн iшiнде оның нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн салық комитетiне табыс етедi.
3) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган берген жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын анықтайтын актiнiң нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн табыс етедi. Акт болмаған жағдайда жер учаскелерiн бағалау құны жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құнын негiзге ала отырып анықталады;
4) әлеуметтiк салық сомаларын есептеу үшiн қажеттi деректердi мiндеттi түрде көрсете отырып, қызметкерлердi алдағы салық кезеңiнде жалдау туралы мәлiметтер табыс етедi.
Содан кейiнгi салық кезеңдерiнде бiрыңғай жер салығын төлеушi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн және жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етедi.
3. Осы арнаулы салық режимiн таңдап алған жаңадан құрылған салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебi мен арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бергеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы баптың 2-тармағында аталған құжаттарды табыс етедi.
4. Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушi қызметтi тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтiнiштi салық органына бергеннен кейiн он бес күн мерзiмде өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсыруға мiндеттi.
383-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеу ерекшелiктерi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалығының басшысын және мүшелерiн қоса алғанда, әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 20 проценттiк ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады.
Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны және жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тиiсiнше 451-465-баптарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салықтың, жеке табыс салығының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің және жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақының есептелген сомасын төлеу бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн көзделген мерзiмдерде мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 20 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қаңтардан 1 қазанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сома төленедi;
2) есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қазаннан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома төленедi.
384-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық есептiлiгiн табыс ету
Бiрыңғай жер салығын төлеушілер бiрыңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмдерде:
1) әлеуметтiк салық бойынша декларацияны;
2) төлем көзiнде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есептi;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi есептiлiктi;
4) жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы бойынша декларацияны табыс етедi.
66-тарау. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға
арналған арнаулы салық режимі
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 385-бап өзгертілді
385-бап. Жалпы ережелер
1. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимi патент негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және заңды тұлғалардың:
1) жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген осы өнiмдi ұқсату және өткiзу жөнiндегi;
2) толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның iшiнде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру жөнiндегi, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi ұқсату және өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылады.
2. Мыналардың:
1) еншiлес ұйымдары, филиалдары мен өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң;
3) осы арнаулы салық режимiн қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилиирлендiрiлген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн (бұдан әрi - арнаулы салық режимi) қолдануға құқығы жоқ.
3. Арнаулы салық режимi салық төлеушiлердiң акцизделетiн өнiмдi өндiру, ұқсату және өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылмайды.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпы белгiленген тәртiбiн дербес таңдауға құқылы.
Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
5. Салық төлеушiлер осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктiң (соның iшiнде көлiк құралдары мен жер учаскелерiнiң) есебiн бөлек жүргiзуге және қызметтiң мұндай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) Заңымен 386-бап өзгертілді
386-бап. Салық кезеңi
Күнтiзбелiк жыл патент құны есебiне енгiзiлген салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеуге арналған салық кезеңi болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 04.07.03 ж. N 475-II (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 387-бап өзгертілді
387-бап. Патент беру тәртiбi
1. Арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi жыл сайын 20 ақпаннан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша патент алуға өтiнiш бередi.
Салық төлеушiнiң көрсетiлген мерзiмде өтiнiш бермеуi оның салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны жалпы белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге келiскенi болып есептеледi.
2. Салық төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданудың алғашқы салық кезеңiнде өтiнiшпен бiрге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) салық кезеңiнің басындағы жағдай бойынша қолда бар және көлiк құралдарына салынған салықты есептеу үшiн қажеттi көрсеткiштердi көрсете отырып, осы Кодекстiң 385-бабының 1-тармағында белгiленген қызметте пайдаланылатын автокөлiк құралдарының тiзбесiн;
4) мүлiкке салық салу объектiлерi болып табылатын және сенiмгерлiк басқарудағы меншiк құқығындағы объектiлердi бөлiп алып, салық кезеңiнiң басындағы жағдай бойынша бухгалтерлiк есептегi олардың қалдық құнын көрсете отырып, осы Кодекстiң 385-бабының 1-тармағында белгiленген қызметте пайдаланылатын негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық активтердiң тiзбесiн;
5) лицензиясын (қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асырған жағдайда);
6) жұмыс берушiнiң (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлiмделген қызметкерлер санына табыс түрiнде төлейтiн шығындарын қоса алғанда, салық төлеушiнiң өткен бес жыл үшiн жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшiн қажеттi есептерiнiң көшiрмелерiн табыс етедi. Бұл орайда аталған табыстары осы Кодекстің 149-бабының 2-тармағына сәйкес анықталады;
7) салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан мен тәртiп бойынша толтырған патент құнының есебiн табыс етедi.
3. Жоғарыда аталған құжаттардың бәрi болған жағдайда салық органы бес жұмыс күнi iшiнде патент бередi.
Келесi салық кезеңдерiнде салық төлеушiлер салық органына патент алу жөнiнде өтiнiш берген кезде, осы баптың 2-тармағының 1)-5) тармақшаларында белгiленген құжаттарды олардағы деректер өзгерген кезде ғана табыс етедi.
4. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркеу есебiне қойылған кезден бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
5. Патент беру әрбiр салық кезеңiне жүргiзiледi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 04.07.03 ж. N 475-II (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 388-бап өзгертілді
388-бап. Патент құнының есебiне енгiзiлген салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлем ақыны есептеу тәртiбi
1. Патент құнының есебiне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтiк салық, меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлiк салығы, көлiк құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеушi қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепте тұрған жағдайларда) енгiзiледi.
2. Салық кезеңiнiң басында патент құнының есебiне енгiзiлген салық сомаларын есептеу:
1) корпорациялық табыс салығын және қосылған құн салығын белгiлеу кезiнде - өткен бес жыл iшiндегi шаруашылықтың табысы мен шығындарының көрсеткiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер табыс пен шығындар көрсеткiштерiн осыған ұқсас шаруашылықтардың орташа көрсеткiштерi бойынша анықтайды.
Табыстар мен шығындар көрсеткiштерiн анықтау тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілейдi;
2) әлеуметтiк салықты анықтау кезiнде - осы Кодекстің 316-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленетiн табыстар түрiнде жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн шығыстарына осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.
Бұл орайда жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрінде төлейтiн шығындары осы шаруашылық бойынша өткен жыл iшiндегi орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлiмделген қызметкер санына көбейту жолымен анықталады.
Жаңадан құрылған кәсiпорындар үшiн мәлiмделген орташа жалақының мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен төмен болмауға тиiс;
3) жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының мүлiк салығы мен көлiк құралдары салығының сомасы - жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiстi салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы сомасы 80 процентке азайтылады.
4. Осы арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебiне енгiзiлген салық және жер участкесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі есептілік тапсырудан босатылады.