4) кедендiк iлесiп алып жүру үшiн кедендiк алым;
5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергенi үшiн алым;
6) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын бергенi үшiн алым;
7) алдын ала шешiм үшiн төлемақы.
2. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген оңайлатылған тәртiппен тауарлар алып өткен кезде, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер және салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
3. Салық әкімшілігін жүргізу
17-бөлім. Жалпы ережелер
92-тарау. Негізгі ережелер
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 517-бап өзгертілді
517-бап. Салық бақылауы
1. Салық бақылауы - салық қызметi органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
2. Салық бақылауы:
1) салық төлеушiлердi тiркеу есебi;
2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi есепке алу;
3) бюджетке түсiмдердi есепке алу;
4) қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу;
5) салық тексерiстерi;
6) камералдық бақылау;
7) салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметi мониторингi;
8) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелерi;
9) акцизделетiн тауарлардың кейбiр түрлерiн таңбалау және акциздiк постыларды белгiлеу;
10) мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртiбiн сақтауды, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктiң толық және уақтылы берiлуiн тексеру;
11) уәкiлеттi органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуiмен байланысты төленуге тиiс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу жөнiндегi салық бақылауын осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 518-бап өзгертілді
518-бап. Салық құпиясы
1. Мыналардан:
1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi туралы;
2) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық жылында бюджетке салық төлеушi (салық агентi) төлеген салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомалары туралы;
3) салық құқығын бұзушылықтар мен қылмыстарды жасайтын тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн айқындау туралы iстердi және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшiн жауапкершiлiктi қарау барысында соттарға берiлетiн;
4) Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдарының арасында өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келiсiмдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға ұсынылатын мәлiметтерден басқа, салық төлеушi туралы салық қызметi органдары алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.
2. Салық төлеушiге қатысты ақпаратты салық төлеушiнiң жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қызметi органдары, олардың лауазымды адамдары салық құпиясын жарияламауға тиiс.
4. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарындағы қызметi кезеңiнде де, өзi жұмыстан босағаннан кейiн де салық құпиясы болып табылатын деректердi жария етуге құқығы жоқ.
5. Салық құпиясы болып табылатын мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту не осындай мәлiметтердi жариялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
519-бап. Бюджетке түсiмдердi есепке алу
1. Бюджетке түсiмдердi есепке алуды салық органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және түскен сомалары бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салық төлеушiнiң жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырады.
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн есептеу бiрыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Жеке шоттарды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
93-тарау. Салық төлеушілерді тіркеу
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 520-бап өзгертілді
520-бап. Осы тарауда қолданылатын терминдер мен анықтамалар
1. Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкiлетті мемлекеттiк орган жүргізетін салық төлеушілердi есепке алудың мемлекеттiк деректер базасының жүйесi.
2. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу - салық төлеушi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзу.
3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi - салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттiк тiркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне ол туралы мәлiметтердi енгiзу кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық төлеушiге берiлетiн бiрыңғай нөмiр.
4. Тiркеу есебi - салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тіркеу деректері, оның ішінде салық төлеушінің тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлілiгi; салық төлеушiнiң тіркеу деректерінің ағымдағы өзгерiстерін тіркеу; есептен шығару белгіленеді. Салық төлеушінің тіркеу деректері салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу (тіркеу есебіне алу) кезінде оның салық органына берген мәліметтері.
5. Салық төлеушiнiң куәлiгi - қатаң есептiлiк бланкiсi болып табылатын және салық төлеушiге оны Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркеу кезiнде тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы құжат.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 520-1-баппен толықтырылды
520-1-бап. Жалпы ережелер
1. Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тіркеу туралы (мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеу есебіне қою туралы, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы) өтініш, есептен шығару туралы өтініш негізінде жүргізіледі, олар:
1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жасалады;
2) қол қойылады, куәландырылады және салық есептілігі үшін осы Кодекстің 69-бабында көзделген тәртіппен салық органына беріледі.
2. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тәртібін, сондай-ақ тіркеу және есептен шығару туралы өтініштерге қоса берілетін құжаттардың тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
3. Салық салу объектілерінің есебін жүргізу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 521-бап өзгертілді
521-бап. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу
1. Қазақстан Республикасында мыналар:
1) орналасқан жері бойынша - тұрақты мекеме құру арқылы қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде резидент еместер;
2) қызметін жүзеге асыратын жері бойынша - тұрақты мекеме құрмай қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен астам кез келген он екi айлық кезеңнiң шегiнде қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңдарында айқындалған уәкiлеттi тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша бiрлескен жеке кәсiпкерлiк;
4) тұрғылықты жерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасында болатын жері бойынша - осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар;
6) салық салу объектiлерi орналасқан және (немесе) тiркелген жер бойынша Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер;
7) резидент банк орналасқан жері бойынша осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 1)-3), 5) және 6) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, резидент банктерде ағымдық шоттарын ашатын резидент еместер салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
2. Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жасау және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 522-бап өзгертілді
522-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiркеуден өту мерзiмдерi
1. Жеке тұлғалар осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерi туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өту және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн алу үшiн салық органына өтiнiш жасауға мiндеттi.
2. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында олар мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өту және салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн алу үшiн салық органына өтiнiш жасауға мiндеттi.
3. алып тасталды
4. Осы Кодекстің 522-бабы 1 және 2-тармақтарының ережелері мемлекеттік тіркеуден өту мерзімі осы Кодекстің 527-бабымен белгіленген резидент еместерге қолданылмайды.
523-бап. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi
1. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берiп және салық төлеушi салық органына мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш бергеннен кейiнгi екi жұмыс күнi iшiнде оған салық төлеушiнiң куәлiгiн бере отырып жүзеге асырады.
2. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi салық төлеушi ұсынатын салық есеп-қисабы құжаттарында, сондай-ақ салық мiндеттемелерiнiң орындалуына байланысты өзге де құжаттарда көрсетiлуге тиiс.
3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн салық органы оның салық мiндеттемелерiне қатысты жiберiлетiн салық төлеушiнің барлық құжаттарында көрсетуге тиiс.
4. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру, өзгерту және оны жарамсыз деп тану тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-ІІ; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 524-бап өзгертілді
524-бап. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi
1. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi салық төлеушi салық органдарында салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу рәсiмiнен өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
Бұл ретте салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу салық төлеушіні тіркеу есебіне алғаш рет қою болып табылады.
2. Салық төлеушi:
1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға үшiн:
заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан орны бойынша;
қызметтi жүзеге асыру орны бойынша;
салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
2) жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер үшiн:
резидентке - тұрғылықты жерi бойынша;
резидент емеске келген орны бойынша;
салық салу объектілерінің, салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.
3. Салық органы жеке тұлғаларды салық салу объектiлерiнің орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiн осы Кодекстің 530-бабына сәйкес салық салу объектiлерiн есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер негiзiнде жүргiзедi. Осы баптың мақсаты үшiн мыналар:
1) жылжымайтын мүлiк (жер) үшiн - олардың нақты орналасқан жерi;
2) көлiк құралдары үшiн - көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркелген жерi, ал ондай жоқ болған жағдайда - мүлiк иесiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi болып танылады.
4. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi бар және өз қызметін заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлға тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiне қойылуға тиiс.
5. Құрылымдық бөлiмшенi тiркеу есебiне қою кезiнде есепке қою туралы өтiнiште осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi көрсетiледi.
6. Салық төлеуші салық органына тіркеу туралы өтінішті тіркеу есебіне қою орны бойынша:
тіркеу есебіне қою үшін тіркеу есебіне қою туралы талаптар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
тіркеу деректерінің өзгерістерін енгізу үшін осындай өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
7. Тіркеуге алу есебі салық төлеушіге бұрын берілген тіркеу нөмірі өзгертілмей жүргізіледі.
8. Салық органы тіркеуге алу есебіне қоюды салық төлеушінің өтініші берілген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
9. Салық төлеушінің қалауы бойынша салық органы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тіркеуге алу есебіне қойылғандық туралы растайды.
10. Салық төлеушінің куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 521-524-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, салық төлеушінің бұрынғы тіркеу нөмірі сақталған және салық төлеушінің бұрын берілген куәлігі жойылған жағдайда, салық төлеушінің деректері өзгертілген куәлігін беруді жүзеге асырады.
11. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға орналасқан жерiн, қызметiн жүзеге асыратын орнын, тұрғылықты жерiн, келген жерiн немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркеу орнын өзгерткен жағдайда, салық төлеушi өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына он жұмыс күнi iшiнде есептен шығару туралы өтiнiш беруге және салық төлеушiнiң бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, жаңадан орналасқан жерi, қызметiн жүзеге асыратын орны, тұрғылықты жерi, келген жерi немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi және (немесе) тiркеу орны бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.
12. Салық салу объектiлерiнiң есебiн жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-ІІ; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 525-бап өзгертілді
525-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарып тастау
1. Салық төлеушiнi Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарып тастау осы Кодекстiң 57, 58-баптары негiзiнде салық мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына байланысты уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер бойынша және (немесе) салық төлеушiнiң немесе оның өкiлiнiң есептен шығару туралы өтiнiшiмен жүзеге асырылады.
1-1. Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен:
1) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған резидент еместерді шығару, Қазақстан Республикасында салық салу объектілеріне және салық міндеттемелерін орындауға (меншік, жерді пайдалану, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы) қатысты осы Кодексте белгіленген құқық тоқтатылғанда жүзеге асырылады;
2) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында аталған резидент еместерді шығару, банктегі шоты жабылған жағдайда жүзеге асырылады;
3) осы Кодекстің 525-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталғандардан басқа, осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын резидент еместерді шығару, Қазақстан Республикасынан кеткен және осындай резидент емес Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерін орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Салық төлеушiнi Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау салық төлеушi әрекетсiз заңды тұлға белгiлерiне сәйкес келген және салық берешегi болмаған жағдайда тiркеу нөмiрi сақтала отырып жүргiзiледi.
Осы тармақтың мақсатында әрекетсiз заңды тұлға болып корпорациялық табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңiлдетiлген декларацияны осы Кодексте белгiленген оларды беру мерзiмiнен бiр жыл өткеннен кейiн бермеген заңды тұлға танылады, бұған аталған декларацияларды беру жөнiндегi талаптар қолданылмайтын салық төлеушiлер қосылмайды.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 526-бап өзгертілді
526-бап. Банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:
1) салық төлеушіге резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа банк шоттарын ашу кезінде, салық төлеушінің тіркелу нөмірін ескеру, салық төлеуші заңды тұлғаға және жеке кәсіпкерге аталған шоттардың ашылғандығы туралы салық органдарын үш жұмыс күні ішінде хабардар ету;
2) вексельді және банк соның негізінде қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру жүргізетін төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында салық төлеушінің тіркеу нөмірін қоймай, резидент еместердің шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа банк шоттары бойынша операцияларды жүргізбеуге;
3) төлем құжаттарын өңдеу кезiнде салық төлеушінің тiркеу нөмiрiн тiркеу нөмiрiнiң құрылымына (қалыптастыру алгоритмiне) сәйкес көрсетуiнiң дұрыстығын бақылауға;
4) клиентке қойылатын талаптардың бәрін қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық төлеушiнiң банк шотынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассалық өкiмдерiн осындай тәртiппен салық органдары нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей орындауға міндетті.
Банктегі ақша клиентке қойылатын талаптардың бәрін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда банк ақшаны алып қоюды мынадай кезектілікпен жүргізеді:
бірінші кезекте өмірге және денсаулыққа келтірілген зиян туралы талаптарды, сондай-ақ алименттер бойынша талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша;
екінші кезекте клиенттiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жөнiндегi мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ жұмыстан босаған кездегі жәрдемақы және еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адамдардың ақысын төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақыны төлеу жөніндегі есептеулер үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша;
үшінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша жүргізіледі.
5) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылығының шотына салық төлеушiнің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күнi аударуға;
6) нұсқамасы болған ретте, тексерiлетiн заңды тұлға мен жеке кәсiпкерлердiң банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, осы шоттарда ақша бар-жоқтығын тексеруге салық органдары қызметкерлерiн жiберуге;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салық төлеушi заңды тұлға мен жеке кәсіпкердiң банк шоттарындағы салық берешегiн өтеу жөнiндегi операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
8) банк қарыз алушының берешегiн есептен шығарған кезде салық төлеушiде мiндеттемелерiн есептен шығару нәтижесiнде кiрiс пайда болғаны туралы қарыз алушы-салық төлеушi тiркелген жер бойынша салық органын бiр ай iшiнде хабардар етуге;
9) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша осы Кодекстің 198-бабына сәйкес салық агенттері тіркелген орын бойынша салық органдарына есеп беруге;
10) осы Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес салық органдарының жүргізген жазбаша сауал салуы негізінде жеке кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарындағы, заңды тұлғалардың банк шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы жөніндегі мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-ІІ; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 527-бап өзгертілді
527-бап. Резидент емес жеке және заңды тұлғаларды салық органдарында мемлекеттік тiркеу ерекшелiктерi
1. алып тасталды;
2. Осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағында аталған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына келген немесе кәсіпкерлік қызметті бастаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
Қалған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттігін алған кезден бастап салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
3. Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
3-1. Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әділет органдарында есепті тіркеуден өткен күннен бастап, бірақ қызметін жүзеге асыру басталғаннан бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, салық органында он жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
3-2. Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерді иеленуші резидент еместер Қазақстан Республикасында салық салынатын объектіні алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
4. Осы Кодекстiң 177-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қызметi резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын, соның iшiнде резидент емес жеке немесе заңды тұлға тиiстi келiсiмге (шартқа, келiсiм-шартқа) қол қойған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiркеу туралы немесе аталған келiсiм болмаған жағдайда осындай қызметi нақты басталған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өту мақсатында салық органына өтiнiш табыс етуге мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасында резидент еместiң қызметiн жүзеге асыруын бастау күнi мына күндердiң бiрi:
1) келісiм-шартты (шартты, келiсiмдi):
Қазақстан Республикасындағы жұмысты (қызмет көрсетудi) орындауға;
Қазақстан Республикасында оның атынан iс-әрекет жасауға өкiлеттiк беруге;
өткiзу мақсатымен Қазақстан Республикасында тауарларды сатып алуға;
Қазақстан Республикасында (жай серiктестiкке қатысуға) бiрлескен қызметтi жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру мақсатында жұмысты (қызмет көрсетудi) сатып алуға жасасқан күнi;