Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
329-бап. Қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн тауарлар шығару
немесе сату, жұмыстар орындау не қызмет көрсету
1. Тұтынушының өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарына жауап бермейтiн тауарлар (соның iшiнде Қазақстан Республикасына әкелiнген) шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызмет көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiндiгiн куәландыратын ресми құжатты заңсыз беру немесе пайдалану, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына зиян келтiрмесе және iрi көлемде жасалмаса, -
лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
адамға зиян келтiруi мүмкiн тауарлары тәркiлене отырып, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың мақсаты үшiн iрi мөлшер деп бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома танылады.
22-тарау. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа
қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
330-бап. Ұсақ бұзақылық
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, азаматтарды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау және қоғамдық тәртiптi және азаматтардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық
қондырғыларды жару
1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда азаматтардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, -
қаруды тәркiлеп немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда азаматтардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -
пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
пиротехникалық құралдарын тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстiң 333-бабымен көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам қайталап жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе оннан он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
333-бап. Тыныштықты бұзу
1. Азаматтардың қалыпты демалысы мен тынығуына кедергi келтiретiн түнгi уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген бұзушылық, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
334-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтi, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, табиғи апат зардаптарын жою кезеңiнде жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
335-бап. Үйде жасалатын күштi спирт iшiмдiктерiн дайындау және сату
Самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да күштi спирт iшiмдiктерiн сату мақсатымен заңсыз дайындау, сол сияқты аталған спирт iшiмдiктерiн сату, -
спирт iшiмдiктерiн, аппараттарды, оларды дайындауға арналған шикiзаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
336-бап. Спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде
келу
1. Жергiлiктi атқарушы орган спирт iшiмдiктерiн құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде, стадиондарда, гүлзарларда, саябақтарда, қоғамдық көлiкте және басқа да қоғамдық орындарда спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, спирт iшiмдiктерiн iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал ерекше жағдайларда, егер iстiң мән-жайына орай және тәртiп бұзушының жеке басы ескерiле отырып, бұл шаралар жеткiлiксiз деп танылса, - он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
337-бап. Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйiнде келуi
Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйiнде келуi, сол сияқты олардың спирт iшiмдiктерiн iшуi, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
338-бап. Құмар ойындар
1. Бұл үшiн бөлiнбеген орындарда құмар ойындарға (ақшаға, затқа және басқа құндылықтарға) қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тiгуi, -
ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды ақша, зат және өзге де құндылықтар салып құмар ойындармен айналысуға тарту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
339-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
Осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату, тарату немесе жарнамалау, -
аталған өнiмдердi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
340-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану
ережелерiн бұзу
Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
341-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiнi
қорлау
1. Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiлердi қорлау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ адамдар жерленген орындарды қорлау, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
23-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы
әкімшілік құқық бұзушылық
342-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу
1. Баспа немесе бұқаралық ақпарат құралдарының, оны тiркеуден өткiзбей тұрып баспаны немесе бұқаралық ақпарат құралдарын тiркеуден бастарту туралы шешiм шығарылғаннан кейiн, бұқаралық ақпарат өнiмдерiн дайындауы мен таратуы, сол сияқты басқа баспалардың немесе бұқаралық ақпарат құралдарының тек өздерiне ғана тиесiлi ақпараттарды жариялау құқығын бұзуы, -
баспасөз немесе өзге де өнiмдерiн тәркiлей отырып, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк тiлдегi телерадиохабарлары бағдарламаларын уақыты жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен аз шығару, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
343-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық араздықты тұтандыруға
бағытталған материалдарды жариялауға рұқсат беру
Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-таптық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар мәлiметтер мен материалдарды баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру, -
бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
344-бап. Ұлттық араздықты тұтандыру мақсатында республикаға баспа
өнiмдерiн әкелу
Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни араздықты тұтандыру мақсаты бар, соғысты, тектiк-таптық артықшылықты насихаттайтын, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар баспасөз және өзге де өнiмдердi республикаға әкелу, -
баспасөз және өзге де өнiмдерi тәркiлене отырып, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
345-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлiметтердi терiске шығару
және жауап жариялау құқығын бұзуы
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мәлiметтердi терiске шығаруды жариялаудан не мәлiметке жауапты жариялаудан бас тарту, сол сияқты терiске шығару мен жауапты жариялаудың белгiленген тәртiбi мен мерзiмiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
346-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сотқа ықпал жасау
Сот қарайтын қандай да болсын iс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сотта iс қарау нәтижелерiне алдын ала пайымдау жасау немесе сот актiсi күшiне енгенге дейiн сотқа ықпал ету, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
347-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беру
Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
348-бап. Бақылау даналарын және мiндеттi даналарды беру тәртiбiн бұзу
1. Баспа басылымдарының бақылау даналарын және мiндеттi даналарды беру тәртiбiн, сол сияқты теле- және радиохабарлар материалдарын есепке алу, тiркеу және сақтау тәртiбiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын немесе басылымын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
349-бап. Теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге
шығару тәртiбiн бұзу
1. Заңдармен белгiленген уақытты бұза отырып, темекi және алкоголь өнiмдерiн насихаттайтын теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге шығаруға рұқсат беру, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
өнiм таралымын тәркiлей отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртiбiн бұзу
1. Белгiленген шығарылым деректерiнсiз, сол сияқты анық емес немесе көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен телерадиохабарлардың эфирге шығуы, баспа басылымдарының не бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өнiмдерiн шығару, тарату, -
бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралдары басылымын шығаруды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
351-бап. Ақпарат көзi құпиясын жария ету
Баспасөз органының немесе басқа да бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамның бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат көзi туралы мәлiметтi жария етуi, егер ол құпияны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
352-бап. Журналистiң заңды қызметiн орындауына кедергi жасау
Журналистке заңдарда көзделген құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн немесе оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайларды туғызу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
24-тарау. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын
әкімшілік құқық бұзушылық
353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану
1. Мемлекеттiк органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, не белгiленген тәртiпте жарияламау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
354-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң
ережелерiн бұзу
1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң заңдармен белгiленген ережелерiн лауазымды адамдардың бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 12.07.01 ж. N 240-II; 09.08.02 ж. N 346-II Заңдарымен 355-бап өзгертілді
355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк
органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет
қызметiнiң, қаржы және әскери полициясының, кеден органының,
шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi
қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкiмiне
немесе талабына қасақана бағынбау
1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
356-бап. Мемлекеттiк инспекторға өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн
орындауына кедергi келтiру, нұсқауларын және өзге де
талаптарын орындамау
1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге - онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстiң 130, 168, 173, 216, 219, 305, 313-баптарында, 317-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 13) тармақшасында, 362, 381, 455, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттiк инспекцияның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
357-бап. Озбырлық
Озбырлық, яғни бiр адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, өз бетiмен жасаған, заңдылығы екiншi бiр адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
358-бап. Мемлекеттiк органның лауазымды адамының салықты және басқа
да мiндеттi төлемдердi бюджетке уақтылы аудармауы
(тапсырмауы)
1. Салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке есептеудi және (немесе), жинауды жүзеге асыруға салық заңдарымен уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органның лауазымды адамының салықтар сомасын және басқа да мiндеттi төлемдердi мемлекеттiк бюджетке уақтылы аудармауы (тапсырмауы), -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 12.07.01 ж. N 240-II Заңымен 359-бап өзгертілді
359-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
Салық қызметi, қаржы полициясы органдары лауазымды адамдарының кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
360-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты
және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай,
сондай-ақ мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып,
белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -