273-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына
минералды шикiзатты пайдалану туралы ақпарат беруден бас
тарту немесе жалтару
Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералды шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және сенiмдi ақпарат беруден бас тарту немесе жалтару, -
лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
274-бап. Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты
қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын
нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi
Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
275-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу
ережелерiн бұзу
Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардың талаптарын бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
276-бап. Су ресурстарын қорғау ережелерiн бұзу
1. Жер үстi және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Судың ластануын және былғануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi iске қосу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимi жай-күйiнiң жақсаруын қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
277-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен
жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, оларды
пайдалану ережелерiн бұзу
1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
278-бап. Су қоймаларының жай-күйiне әсер ететiн өз бетiмен құрылыс
салу
1. Өзендердiң және басқа да су қоймаларының жай-күйiне әсер ететiн үйлердi, құрылыстарды және басқа да объектiлердi өз бетiмен салу, -
өз бетiмен салынған құрылысты мәжбүрлеп бұздыра отырып, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өз бетiмен суға арналған ұңғыма бұрғылау және жер асты суларын жинау орындарын салу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
279-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану ережелерiн
бұзу
Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
280-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есеп-қисап деректерiн бұрмалау
Су кадастрын есепке алу мен есеп-қисап деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
281-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi жасау
Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерiне орай оларды реттеуге кедергi жасау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
282-бап. Орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану
Тиiстi рұқсатсыз тамырымен жұлу, құрылыстар салу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар тұрғызу және басқа мақсаттар үшiн орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану, -
азаматтарға айлық - есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
283-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау
1. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау, орман питомниктерi мен плантацияларындағы орман дақылдарын, себiндiлердi не көшеттердi, сондай-ақ табиғи өскiндердi, жас шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдардағы өздiгiнен көктеген өскiндердi жою немесе зақымдау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Орман қорына кiрмейтiн және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ заңсыз кесу және зақымдау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
284-бап. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық
ережелердi бұзу
1. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық ережелердi бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ нақ сол әрекет, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
285-бап. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен
әкетудiң, сүрек шырындарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу
Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректердi, екiншi дәрежелi орман материалдарын дайындау мен әкетудiң, сүрек шырындарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
286-бап. Орман қорының уақытша иеленiп отырған учаскелерiн қайтару
мерзiмдерiн бұзу
Орман қорының уақытша иеленiп отырған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды мақсатты түрде пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
287-бап. Шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, сондай-ақ орман
қоры жерлерiнде өз бетiмен шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк
өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты жинау
1. Орман қоры жерлерiнде шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Орманда және орман қоры жерлерiнде өз бетiмен шөп шабу және мал жаю, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты бұған тыйым салынған немесе орман билетi бойынша ғана жiберiлетiн учаскелерде өз бетiмен жинау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
288-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен
орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы
жерлерiне ағаш егудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу
Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш егудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
289-бап. Орман үшiн пайдалы фаунаны құрту, сондай-ақ орманды
қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және
орман қоры жерлерiне өзге де залал келтiру
1. Орман үшiн пайдалы фаунаны құрту,
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Оның қурап кетуiне немесе ауруға шалдығуына не орманның ластануына әкеп соқтыратын ағынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық төгiндiлермен, қалдықтармен және тастандылармен орманды зақымдау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орман қоры жерлерiндегi орман құрғату жыраларын, дренаж жүйесi мен жолдарды құрту немесе бүлдiру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
290-бап. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген
мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге
асыру
Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
291-бап. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал
етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану
Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, ал заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
292-бап. Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың
белгiленген тәртiбiн бұзу
Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
293-бап. Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындау
Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындау, -
есептiк ағаш кесуден артық бөлiгiндегi сүректi тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
294-бап. Өсiмдiк қорғау құралдары мен басқа да препараттарды
тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу
Өсiмдiк қорғау құралдарын, олардың өсуiн жылдамдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге соқтырған немесе соқтыруы мүмкiн басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
295-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын
қорғау ережелерiн, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау,
есепке алу және пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты
жануарларды өз бетiмен қоныс аударту, жерсiндiру, керi
жерсiндiру мен шағылыстыру
Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды өз бетiмен қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
296-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi
орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге
асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау
құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да
препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi
қорғау ережелерiн бұзу
Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетпiс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
297-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимiн бұзу
1. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи парктер, табиғат ескерткiштерi, мемлекеттiк табиғи заказниктер мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн жерсiндiру мен бейiмдеудiң мемлекеттiк табиғи заказниктерiнiң режимiн бұзу, сол сияқты жануарлар мен өсiмдiктер түрлерi санының азайып кетуiне немесе тiршiлiк ортасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттер жасау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғат қорғау режимiн бұзуға нұсқаулар немесе заңсыз рұқсаттар беру, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген құстар мен жануарлардың барлық түрлерiн сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту мемлекеттiк табиғи қорықтарда, мемлекеттiк заказниктерде, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде және басқа да мемлекет ерекше қорғайтын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн пайдалану тәртiбiнiң режимiн бұзу деп ұғынылады.
298-бап. Заңсыз аң аулау, балық аулау, жануарлар дүниесiн пайдалану
1. Аң аулау ережелерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аң аулау ережелерiн өрескел бұзу (тиiстi рұқсатсыз немесе тыйым салынған жерлерде не тыйым салынған мерзiмдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен аң аулау), -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiн немесе онсыз аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерiн бұзу, -
тәртiп бұзушының меншiгiндегi құқық бұзушылық жасау құралы болған заттарын тәркiлей отырып, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң - онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
тәртiп бұзушының меншiгiндегi мылтықтарды және аң аулайтын басқа да құралдарын, көлiк құралдары мен аталған тәртiп бұзушылық жасауда құрал болған өзге де заттарын тәркiлей отырып немесе онысыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
299-бап. Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су қоймаларын
бекiту, пайдалану мен қорғау тәртiбiн бұзу
Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су қоймаларын бекiту, пайдалану мен қорғау тәртiбiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
300-бап. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережелерiн бұзу
Жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
301-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты
теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн
бұзу
Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
302-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат
етiлген қызметтi реттейтiн қолданыстағы стандарттарды
(нормаларды, ережелердi) немесе лицензия шарттарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн қолданыстағы стандарттарды (нормаларды, ережелердi) не лицензия шарттарын бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуы мүмкiн су асты кабельдерiн немесе құбыр жолдарын Қазақстан Республикасының аумағына шығару ережелерiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдарды тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
303-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз
ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатымен немесе халықаралық шарттарымен көзделген теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу, не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiнiң бағдарламаларын өз бетiмен өзгерту, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеулер нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
304-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қалдықтар
мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ
уақытша тоқтата тұру және бөлшектеу ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруге немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуға әкеп соғуы мүмкiн уақытша тоқтата тұру мен бөлшектеу ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
305-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау
органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ бұл лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруiне кедергi жасау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайта жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
306-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы
минералдық және жанды ресурстарды заңсыз беру
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы минералдық және жанды ресурстарды шет мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғаларына не шет мемлекеттерге заңсыз беру, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -