Осы тармақтың мақсаттары үшін:
1) банктің және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы;
2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы);
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында аталған адамдар ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы болып табылатын заңды тұлға;
5) ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы, осы тармақтың 1) 3) тармақшаларында аталған адамдардың жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адам аффилиирленген тұлға болып танылады.
3. Осы бапта көзделген шегерiмдердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер жасалмайды.
98-бап. Ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-
конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар
бойынша шегерiмдер
Негiзгi құралдарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстарды және күрделi сипаттағы басқа да шығындарды қоспағанда, табыс алуға байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын шығыстар шегерімге жатады. Жобалау-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстар актiсi және тиiстi ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстары жүргiзiлгенiн растайтын басқа да құжаттар осындай шығыстарды шегерiмге жатқызу үшiн негiз болып табылады.
99-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды шегеру
1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиiстi (төленген) сақтандыру сыйлықтары сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, белгiлеген шектерде сақтандыру сыныптары бойынша шегерiлуге тиiс.
2. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiруге (сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомаларын шегерiмге жатқызуға құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 100-бап өзгертілді
100-бап. Әлеуметтiк төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру
Салық төлеушiнiң қызметкерлердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне, жүктiлiгiне және босануына байланысты демалысына ақы төлеу бойынша есептелген шығыстары шегерiмге жатады.
Шегерiмге, сондай-ақ өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде мертiгуiне не денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге келтiрiлген зиянның өтемiн және жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын төлеуге жұмсалған шығыстар да Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде шегерiмге жатады.
101-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi
1. Бағалау және абаттандыру кезеңiнде пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары жеке топты құрап, жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшерiндегі амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған кезден бергі амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiп тасталады.
Осы шығыстар табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:
1) пайдалы қазбаларды өткiзу кезiнде алынған табыстар;
2) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп табиғи ресурстарды геологиялық зерттеу, игеру немесе пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтерге жұмсаған шығыстарына да қолданылады.
3. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға нақты жұмсаған шығыстары жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарында белгіленген сомалар шегiнде шегерiмге жатады.
102-бап. Терiс бағамдық айырма бойынша шегерiмдер
1. Салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуына байланысты терiс бағамдық айырма осы бапта көзделген тәртiппен шегерiмге жатады.
2. Құрылысқа алынған кредиттер (қарыздар) бойынша және құрылыс кезеңiндегi төлемдер бойынша туындаған терiс бағамдық айырма объект құнына енгiзiледi.
3. Шегерiмге жатқызылуға тиiс терiс бағамдық айырманың ең жоғары сомасы салық төлеушiнің салық салынатын табысының 50 процентi мөлшерiндегi сома қосылған оң бағамдық айырма түрiнде алған табыс сомасымен шектеледi. Осы баптың мақсатында салық салынатын табыс салық төлеушiнiң бағамдық айырма бойынша табыстары мен шығыстары есепке алынбай, оның жылдық жиынтық табысы мен шегерiмдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Терiс бағамдық айырма орын алған салық кезеңiнде осы тармақтың ережелерiне байланысты шегеруге жатқызуға болмайтын терiс бағамдық айырманың қалған сомасы осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде осы тармақтың ережелерiне сәйкес келесi салық кезеңдерiнде өтеледi.
103-бап. Салықтар шегерiмi
1. Есептелген шектерде мемлекеттiк бюджетке төленген салықтар шегерiмге жатады, оларға:
1) жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейiн есептен шығарылатын салықтар;
2) Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы;
3) үстеме пайдаға салынатын салық қосылмайды.
2. Өткен салық кезеңi үшiн ағымдағы салық кезеңiнде төленген салықтар төлем жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
104-бап. Шегерiмге жатпайтын шығыстар
Мыналар:
1) жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;
2) құрылысқа және тiркелген активтердi иемденiп алуға жұмсалған шығыстар мен күрделi сипаттағы басқа да шығыстар;
3) мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
4) шегерiмдерге жатқызудың осы Кодекспен белгiленген нормасынан асып түсетiн жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстар;
5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нормадан артық төленуге тиiс (төленген) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы;
6) кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану мен күтiп-ұстау жөнiндегi шығыстар;
7) салық төлеушiнің өтеусiз негiзде берген мүлкiнің, орындаған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерiнің құны шегерiмге жатпайды.
§ 3. Тiркелген активтер бойынша шегерiмдер
105-бап. Тiркелген активтер
1. Тiркелген активтер - салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерілетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.
2. Материалдық емес активтер - жылдық жиынтық табыс алу үшiн ұзақ мерзiмдi (бiр жылдан артық) кезең iшiнде пайдаланылатын материалдық емес объектiлер.
106-бап. Тiркелген активтердің құны
1. Негiзгi құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөнiндегi шығындар, сондай-ақ салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізiледi.
2. Қатысушылар, құрылтайшылар негiзгi құралдарды жарғылық капиталға өздерiнiң салымы ретiнде енгiзген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.
Негiзгi құралдарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актiсiнiң деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгiленедi.
3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге тиiс) кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
4. Қатысушылардың, құрылтайшылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтердi сатып алу жөнiндегi шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.
5. Тiркелген активтердiң құны осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерiмге жатқызылады.
107-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу
1. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық iшкi топтар бойынша жүргiзiледi. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтерге:
1) жер;
2) өнiм беретiн мал;
3) мұражай құндылықтары;
4) сәулет және өнер ескерткiштерi;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жағажолдар, бульварлар, скверлер;
6) аяқталмаған күрделi құрылыс;
7) фильм қорына жататын объектiлер;
8) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негiзгi құралдар;
9) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген негiзгi құралдар жатады.
2. Әрбiр iшкi топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында iшкi топтың құн балансына амортизация нормаларын, бiрақ осы Кодекстің 110-бабында белгiленген шектен асырмай, қолдану жолымен есептеледi.
Салық төлеушi таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңiндегi қызмет кезеңiне сәйкес түзетiледi.
3. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объект бойынша жеке-жеке белгiленедi.
108-бап. Амортизациялық iшкi топтардың құн балансын анықтау
1. Әрбiр амортизациялық iшкi топ бойынша салық кезеңiнiң басында iшкi топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар анықталады.
2. Салық кезеңiнiң соңындағы iшкi топтың құн балансы:
өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабына және 113-бабының 2-тармағына сәйкес жасалған түзетулер ескерiлген өткен салық кезеңiнiң соңындағы iшкi топтың құн балансы ретiнде анықталатын салық кезеңiнің басындағы iшкi топтың құн балансы
қосу
осы Кодекстің 109-бабына сәйкес белгiленген құн бойынша салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген құн бойынша салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
109-бап. Тiркелген активтердiң келiп түсуi және шығып қалуы
1. Сатып алу, өтеусiз алу, жарғылық капиталға салым ретiнде алу кезiнде келiп түскен тiркелген активтер iшкi топтың құн балансын осы Кодекстің 106-бабына сәйкес белгiленетiн құнға арттырады.
2. Шығып қалатын тiркелген активтер iшкi топтардың құн балансын:
өткiзу, қаржы лизингiне беру кезiнде - өткiзу құнына;
жарғылық капиталға салым ретiнде берген кезде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес анықталатын құн бойынша;
тiркелген активтер сақтандырылған жағдайда олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлiнген, ысырап болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтiн сақтандыру төлемiнiң сомасын негiзге ала отырып, анықталатын құн бойынша;
өтеусiз беру кезiнде - баланстық құны бойынша кемiтедi.
3. Егер тiркелген активтiң бiр бөлiгi ғана өткiзiлсе, сату кезеңiнде тiркелген активтiң құны қалған және өткiзiлген бөлiктiң арасында бөлiнедi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 110-бап өзгертілді
110-бап. Тiркелген активтер амортизациясының шектi нормалары 1. Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай екті нормаларымен топтарға және ішкі топтарға бөлінеді:
Топ N | ішкі топ N | Тiркелген активтердiң атауы | Аморти- зацияның шекті нормасы% |
I | 1 | Yйлер, құрылыстар Үйлер, құрылыстар | 8 |
II | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 | Ғимараттар Мұнай және газ скважиналары Мұнай-газ қоймалары Кеме қатынайтын каналдар, су каналдары Көпiрлер Бөгендер, плотиналар Өзен және теңiз айлақтық құрылыстары Кәсіпорындардың темір жолдары Жағалауды бекiтетiн, жағалауды қорғайтын құрылыстар Резервуарлар, цистерналар, бактар және басқа да сауыттар Шаруашылық ішіндегі және шаруашылықаралық суару желiсi Жабық тоспа-кәріз желісі Әуе кемелерiнiң ұшу-қону белдеулері, олар жүретін жолдар, тұратын орындар Парктер мен хайуанаттар парктерінің ғимараттары Спорт-сауықтыру ғимараттары Жылыжайлар мен көктемелер Өзге құрылыстар | 20 10 10 7 7 7 8 7 8 7 7 8 8 10 10 7 |
| 1 2 3 4 | Беріліс құрылғылары Электр берiлiсі және байланыс құрылғылары мен желiлерi Ішкі газ құбырлары мен құбыр желілері Су құбырлары, канализациялық және жылу желілері Өзгелер | 10 8 7 7 |
ІV | 1 2 3 4 5 | Қуат машиналары мен жабдықтары Жылу-техникалық құрал-жабдықтар Турбиналық жабдықтар мен газ турбиналық қондырғылар Электр двигательдерi мен дизель-генераторлар Кешенді қондырғылар Өзге де күш машиналары мен жабдықтары (икемді көліктен басқа) | 15 15 10 8 7 |
V | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | Қызмет түрлерi бойынша жұмыс машиналары мен жабдықтары (икемдi көлiктен басқа) Қара, түстi металлургия машиналары мен жабдықтары Химия өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсiбi машиналары мен құрал-жабдықтары Мұнай-газ өндiру машиналары мен құрал-жабдықтары Кен байыту өнеркәсiбi машиналары мен құрал-жабдықтары, 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретін карьер автосамосвалдарын қоса алғанда Электронды өнеркәсіп құрал-жабдықтары Құрылыс материалдары өндiрісінің машиналары мен құрал-жабдықтары Ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi машиналары мен құрал-жабдықтары Полиграфия өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары Жеңіл өнеркәсiп машиналары мен құрал-жабдықтары Тамақ, балық, ет және сүт өнеркәсібі құрал-жабдықтары Сауда және қоғамдық тамақтандыру машиналары мен құрал-жабдықтары Көлiк, машиналар мен механизмдер өндiрісіне арналған құрал-жабдықтар Ауыл шаруашылық тракторлары, машиналары мен құрал-жабдықтары Құю өндiрiсiне арналған машиналар мен құрал-жабдықтар, қажақ және алмас өндірiсiнiң құрал-жабдықтары Коммутациялардың және деректер берудiң цифрлы электрондық құрал-жабдықтары, цифрлы жүйелер, хабар беру құрал-жабдықтары, цифрлы өлшеуiш байланыс техникасы Спутниктiк, ұялы байланыс, радиотелефон, пейджинг және транкинг байланысы құрал-жабдықтары Хабар беру жүйесi коммутацияларының ұқсас құрал-жабдықтары Киностудиялардың мамандандырылған құрал-жабдықтары, медициналық және микробиология өнеркәсiбі құрал-жабдықтары Өзге салалардың машиналары мен құрал-жабдықтары | 20 20 20 15 25 20 20 20 15 20 20 15 20 20 20 25 15 10 8 10 |
VІ | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 | Басқа машиналар мен жабдықтар (икемдi көлiктен басқа) Өнеркәсiптiк тракторлар Металл кесетін құрал-жабдықтар Компрессорлық машиналар мен құрал-жабдықтар Ұста-пресс құрал-жабдықтары Насостар Жүк көтеру-көлік, жүк тиеу-түсiру машиналары мен құрал-жабдықтары, жер, карьер және жол құрылысы жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар Тірек қағу жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар, ұнтақтау-үгу, сорттау, байыту құрал-жабдықтары Су асты техникалық жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар Электрмен дәнекерлеуге және кесуге арналған машиналар мен құрал-жабдықтар Технологиялық процестерге арналған сауыттардың барлық түрi Тиын ақша жасауға арналған құрал-жабдықтар Өзге де машиналар мен құрал-жабдықтар | 20 15 15 15 20 15 20 20 10 8 20 10 |
| 1 2 3 4 5 6 7 8 | Икемдік көлік Жылжымалы темір жол составы Теңіз, өзен кемелері, балық өнеркәсiбi кемелерi Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы составы, өндiрiстiк көлiк (жеңiл автомобильдер мен таксиден басқа) Жеңіл автомобильдер мен такси Магистралды құбыр желілері Коммуналдық көлік Әуе көлiгi Өзге де көлiк құралдары | 15 10 10 7 15 10 15 7 |
1 2 | Компьютерлiк, перифериялық құрылғылар мен деректер өңдейтін құрал-жабдықтар Компьютерлер Перифериялық құрылғылар мен деректер өңдейтін құрал-жабдықтар | 25 20 |
ІХ | 1 2 3 4 5 6 | Басқа топтарға енгізiлмеген тiркелген активтер Көпжылдық екпелер Материалдық емес активтер Офис жиhазы Құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық саймандар мен заттар Көшіру-көбейту техникасы Өлшеу және реттеу аспаптары мен құрылғылары, зертхана құрал-жабдықтары | 8 15 10 8 20 10 |
| 7 | Басқалары | 7 |
2. Салық төлеушi Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға
алғаш берiлген тiркелген активтер бойынша, осы тiркелген активтердi
жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемiнде үш жыл пайдаланған жағдайда,
пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде амортизациялық аударымдарды
амортизацияның екi есе нормасы бойынша есептеуге құқылы. Осы тiркелген
активтер пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде iшкi топтың құн балансынан
бөлек есептеледi. Келесi салық кезеңiнде осы тiркелген активтер тиiстi
iшкi топтың құн балансына енгiзiлуге тиiс.
111-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
1. Iшкi топтың барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн осы iшкi топтың құн балансы салық кезеңiнiң соңында шегерiмге жатады.
2. Егер iшкi топтың құн балансының сомасы салық кезеңiнiң соңында 100 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, салық төлеушi iшкi топтың құн балансының көлемiн шегерiмге жатқызуға құқылы.
3. Салық төлеушi тiркелген активтер бойынша осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерiмдер жасауға құқылы.
112-бап. Қаржы лизингi шарттарымен берiлген (алынған) тiркелген активтер
1. Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны лизинг алушының iшкi тобының құн балансында ескерiледi.
2. Егер активтер оларды қаржы лизингiне бергенге дейiн iшкi топтың құн балансына енгiзiлген болса, лизинг берушiдегi тиiстi iшкi топтың құн балансы қаржы лизингiне берiлген тiркелген активтердің құнына азайтылуға тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 113-бап толықтырылды
113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер
1. Осы топқа енетiн негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған нақты шығыстар бойынша әрбiр топқа қатысты шегерiм жасауға рұқсат етiледi.
2. Әрбiр топ бойынша негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалған нақты шығыстар сомасы топтың салық кезеңiнiң соңындағы құн балансының 15 процентi шегiнде шегерiледi. Көрсетiлген шектен асып кеткен сома топтың құн балансын ұлғайтады.
3. Мемлекеттiк бюджеттен алынған субсидиялар есебiнен жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтардың құн балансын ұлғайтпайды.
4. Жалдаушы жасаған және жалға беруші жалдау шартына сәйкес өтемеген негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар жалдаушының негізгі құралдарының тиісті тобын жөндеуге арналған шығыстар құрамына қосылады және осы бапта белгіленген тәртіппен шегерілуге жатады.
Егер жалданатын негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар осы тармаққа сәйкес шегеруге жатқызылмаса, мұндай шығыстар жалдаушыдағы топтың құндық балансын ұлғайтуға және шегеруге жатпайды.
§ 4. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша
табыстар мен шегерiмдер
114-бап. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша табыстар мен шегерiмдер
1. Ұзақ мерзімдi келiсiм-шарттарға қатысты табыстар мен шегерiмдер олардың нақты орындалу бөлiгiнде салық кезеңi iшiнде ескерiледi.
Тауарларды тиеп жiберуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасалған, қолданылу мерзiмi бiр жылдан артық келiсiм-шарт (шарт) ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарт болып табылады.
2. Келiсiм-шарттың орындалу үлесi салық кезеңiнiң соңына дейiн жұмсалған шығыстар сомасын осы келiсiм-шарт бойынша жалпы шығыстар сомасымен салыстыру арқылы анықталады.
16-тарау. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына
салық салу жөніндегі жекелеген ережелер
§ 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 115-бап өзгертілді
115-бап. Салық салу объектiсi
1. Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған) сақтандыру сыйақыларының қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы түріндегі табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын бөлігінде корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады. Сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:
1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;
2) инвестициялық кірістер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөніндегі кірістер;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау жөніндегі бағам айырмасы;
4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;
6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сақтандыру резервтеріне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі сақтандыру резервтерінің мөлшерін азайту;
7) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға берілген заемдар бойынша кірістер;
8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімге жатқызылған күмәнді міндеттемелерді қоспағанда, сақтандыру қызметінен күмәнді міндеттемелер бойынша алынатын кірістер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салу объектісі болып табылмайды.
2. Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кіріс пен осы тармақта белгіленген тәртіппен анықталатын шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептеліп, салық салынатын кіріс осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кірістер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерімге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен белгіленеді.
116-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының табыстары мен шығыстарының есебi
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметiн қоса алғанда, сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстары бойынша және осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталмаған өзге де қызметтiң табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
117-бап. Корпорациялық табыс салығының ставкалары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тiркелген аударымдар түрiнде корпорациялық табыс салығын:
1) жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 4 процентi;
2) жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 процентi мөлшерiнде төлейдi.
2. Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңi iшiнде алуға жататын (алған) табыстарға осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиiс.