8. Тұтынушы:
1) Қызмет берушiге мыналарды жолдауға:
а) ТЖК алдындағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiн - алдын ала; ТЖК алдындағы жылдың 1 қарашасына дейiн - нақтыланған нысан бойынша: Шарттың 4-тармағына сәйкес мұнайдың мiндеттi ең aз жылдық көлемiн қoca алғанда, Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайды жоспарланатын тоқсандық көлемге бөле отырып, MM жүйесi бойынша мұнай тасымалдаудың жоспарланатын көлемдерi туралы жылдық өтiнiмдi. Жоспарланатын ТЖК-ге арналған нақтыланған жылдық өтiнiм мәлiмделген көлемдердi жылдық Кестегe қосу үшiн негiз болып табылады;
б) келесi тоқсан басталғанға дейiн қырық бес күнтiзбелiк мерзiм бұрын Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiн қоса алғанда, Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайды жоспарланатын айлық көлемге бөле отырып, ММ жүйесi бойынша мұнай тасымалдаудың жоспарланатын көлемдерi туралы тоқсандық өтiнiмдi;
в) ТАК алдындағы айдың 10-күнiнен кешiктiрмей мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiн қоса алғанда, Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайды ММ жүйесi не тапсыруға және оны тасымалдауға арналған айлық өтiнiмдi. Осы мерзiмде ұсынылған айлық өтiнiмдер "бастапқы айлық өтiнiмдер" (бұдан әрi - БАӨ) деп аталады. ТАК-ке тасымалдауға осы тармақта көрсетiлген мерзiмнен кеш ұсынылған барлық айлық өтiнiмдер "қайталама айлық өтiнiмдер" (бұдан әрi - ҚАӨ) ретiнде қаралатын болады. ҚАӨ ММ жүйесiнiң техникалық мүмкiндiгiнiң болуы жағдайында бекiтiлген айлық кестені толықтыру үшін ғана пайдаланылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органы айлық кестенi бекiткеннен кейiн Тұтынушының айлық кестеде көрсетiлген мұнай жеткiзуi көлемiн азайту мақсатындағы Тұтынушының өтiнiмдердi енгiзуiне жол берiлмейдi;
2) Шартты қолданудың бүкiл мерзiмi iшiнде тиiстi негiзде бекiтiлген Кecтeдe көрсетілген мұнайдың көлемiн MM жүйесiне бepугe;
3) Қазақстан Республикасының iшкi рыногына мұнайды тасымалдау кезiнде Шарттың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген хабарламаны жiберген күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қызмет берушiге өзiнiң өкiлдерi арқылы мынадай құжаттар пакетiн тапсыруға:
а) Тұтынушының мұнайдың барлық аралық иелерiн және түпкi Тұтынушыны көрсете отырып, мұнайды өзiнiң ресурстарынан жеткiзу туралы растамасын (хаттың бланктегi түпнұсқасы);
б) Қазақстан Республикасы МӨЗ-дiң түпкi Жүк алушыны көрсете отырып, мұнайды қабылдауға келiсiмi туралы растамасын;
4) мұнайды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өз бетiнше және өз есебiнен құжаттаманы ресiмдеуге және Қызмет берушiнiң мұнай көлемдерiн және оны тасымалдау бағыттарын көрсете отырып, хабарлама жiберген күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қызмет берушiге өзiнiң өкiлдерi арқылы мынадай құжаттар пакетiн:
а) мұнайды экспортқа темiр жол көлiгiмен және Ақтау порты арқылы жеткiзген кезде:
мұнайды экспорттауға арналған уақытша жүк кеден декларациясының түпнұсқасын;
тауардың шығарылған жерi сертификатының көшiрмесiн;
б) мұнайды MM жүйесi бойынша экспорттау (импорттау) кезiнде:
мұнайды экспорттауға (импорттауға) арналған уақытша жүк кеден декларациясының түпнұсқасын (4-дана);
тауардың шығарылған жерi сертификатының көшiрмесiн;
Тұтынушының түпкi Жүк алушының бағытын көрсете отырып, мұнайды өзiнiң ресурстарынан жеткiзу туралы растамасын (хаттың бланктегi түпнұсқасы) бepугe құқылы;
5) ұсынылған қызметтер көрсетуге осы Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
6) Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органына және Қызмет берушiге кестеде бекiту үшiн берiлетiн тасымалдауға арналған жылдық (айлық) өтiнiмде Шарттың 4-тармағында көрсетiлген көлемнен төмен емес мұнайдың мiндеттi ең аз жылдық (айлық) көлемiн көрсетуге;
7) ММ жүйесiне алдыңғы ТАК үшiн мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемiн қосымша келесi ТАК-те тасымалдау үшiн мәлiмдеуге және беруге. Ауыспалы толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлем мiндеттi ең аз айлық көлемнен __% аспауға тиiс. Өтiнiмдердi түзетуге және Тұтынушының ММ жүйесiне мұнайдың қосымша көлемiн мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемi есебiнен беруге есептi тоқсанның шегiнде рұқсат етiледi;
8) БТ ресiмделгеннен кейiн мұнайды тасымалдауға жүк iлеспе құжаттарын қайтарып алмауға;
9) Қызмет берушi және Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген техникалық талаптарды орындауға;
10) Тұтынушының құрылтай құжаттарындағы және деректемелерiндегi барлық өзгерiстер туралы тиiстi өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде Қызмет берушiге хабарлауға мiндеттi.
5. Мұнайды көлемi мен сапасы бойынша
қабылдау және тапсыру тәртiбi
9. Қызмет берушi мұнайды бағыттың соңында ТҚП-ға тасымалдау және тапсыру жөнiндегi барлық қызметтер көрсетудi белгiленген техникалық талаптарға, Қызмет берушiнiң белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген нормативтiк-техникалық құжаттарына және Техникалық келiсiмге сәйкес жүpгізеді.
10. Тұтынушы мұнайды ММ жүйесiне бағыттың басында ТҚП-ға Шартта көзделген тәртiппен тапсырады.
11. Тұтынушының MM жүйесiне тапсырған барлық мұнай Қызмет берушiнiң жауапкершiлiкпен сақтауында болады. Мұнайды жауапкершiлiкпен сақтау үшiн тариф есептеу толық ТАК-те ММ жүйесiнде болған мынадай үлгiмен анықталатын мұнайдың бөлiнбеген қалдығынан (көлемiн құзыретті мемлекеттiк орган бекiтетiн ұтқырлық, технологиялық қалдықтарды шегергенде) жүргiзiледi:
а) егер ТАК соңында мұнайдың бөлiнбеген қалдығы ТАК басындағы қалдықтан артық болған жағдайда, онда ТАК басындағы бөлiнбеген қалдық толық ТАК-те сақталған көлем болып саналады.
б) егер ТАК соңында мұнайдың бөлінбеген қалдығы ТАК басындағы қалдықтан аз болған жағдайда, онда көлем TAК соңындағы бөлінбеген қалдық толық ТАК-те сақталған көлем болып саналады.
12. Мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету БТ негізінде ММ жүйесіндегі мұнайдың технологиялық жүк ағыны схемасына сәйкес бағыттар бойынша жүргізіледі.
13. Қызмет беруші мұнайды Жүк алушыға беруші бағыттың соңында ТКП-ға сапа паспорттарын және қабылдау-тапсыру актілерін ресімдей отырып мынадай тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының МӨЗ-іне жеткізу кезінде - мұнайды жеткізу жүзеге асырылатын MӨЗ өкіліне;
2) Кеңқияқ-Орск мұнай құбыры арқылы жеткізу кезінде "Орскмұнайоргсинтез" ААҚ өкіліне немесе оның "Орск" ТҚП-дағы құқықтық мұрагеріне;
3) Ақтау порты арқылы мұнайды тиеу кезінде - Жүк алушыға;
4) мұнайды темір жол мұнай құю (құйып алу) эстакадаларында және мұнайды құюдың (құйып алудың) автомобиль пункттерінде тиеу кезінде жүк алушыға;
5) Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы жақын және алыс шет елдер бағытына және Ресей Федерациясының МӨЗ-iне жеткізу кезiнде "Привольжские магистральные нефтепроводы" ААҚ өкіліне немесе оның "Самара" TҚП-дағы құқықтық мұрагеріне ресiмдеп жүзеге асырады (Tapaптap мұнайды тасымалдау бағыттарына байланысты осы тармақты басқа ережелермен толықтыруға құқылы).
14. Жүк алушыға бағыттың соңында ТҚП-де тапсырылған мұнайдың таза салмағы бойынша іс жүзіндегі мөлшерi Тұтынушыдан бағыттың басында ТҚП-де қабылданған мөлшерден қолданыстағы табиғи кему нормаларына сәйкес есептелген мұнайдың ысырап көлемiнен аз болуы тиіс.
15. Тұтынушы негізгі схема бойынша мұнайдың мөлшерi мен сапасын өлшеу құралдарының жұмысын реттейiн нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарын сақтамаған кезде мұнайдың мөлшерi мен сапасын анықтау жөніндегі pәcімдep бекiтiлген резервтік схемалар бойынша жүргізіледі.
16. Тасымалданатын мұнай көлемiне меншiк құқығы бағыттың барлық өн бойында бағыттың басында ТҚП-де MM жүйесiне тапсырғаннан бастап оны бағыттың соңында ТҚП-де Жүк алушы қабылданға дейін Тұтынушыда болады.
6. Тұтынушы тапсыратын мұнайдың сапасы
17. ММ жүйесi бойынша жеткізу үшiн мұнайдың сапасы мынадай
талаптарға сәйкес болуы тиіс _____________________________________.
18. Қазақстан Республикасының iшкi рыногына жеткiзу үшiн мұнайдың сапасы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс _____________.
19. Мұнайда бос газдың және хлорорганикалық қоспалардың болуына жол берiлмейдi. Шарттың 17, 18-тармақтарында көрсетiлген талаптарға сапасы бойынша сәйкес келмейтiн мұнай ММ жүйесiне қабылданбайды.
20. Тұтынушы және Қызмет берушi Техникалық келiсiмге сәйкес мұнайды дайындау дәрежесiн және сапасын бiрге бақылайды.
7. Мұнайды тасымалдау кезiнде құжаттарды ресiмдеу тәртiбi
21. Мұнайды БТ негiзiнде қабылдау және тапсыру (бағыттың басында және соңында ТҚП-де) Қызмет берушiнiң мұнайды ММ жүйесi бойынша тасымалдау кезiнде есепке алу жөнiндегi талаптарына сәйкес мынадай актiлермен ресiмделедi:
1) ММ негiзiнде бағыттың басында ТҚП-де ресiмделген мұнайды қабылдау-тапсыру актісi мұнайды ММ жүйесiне тасымалдау үшiн қабылдаудың растамасы болып табылады;
2) бағыттың соңында ТҚП-де ресiмделген мұнайды қабылдау-тапсыру актiсi Қызмет берушiнiң Шартқа сәйкес мұнайды тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелерiн орындағанын растайды.
22. Тұтынушы MM жүйесінде жауапкершілікпен сақтаудағы мұнайды үшiншi тарапқа берген жағдайда Тұтынушы мiндеттi түрде Қызмет берушіге мұнайды қабылдау-тапсыру актiсiн келiсу үшiн ұсынады, бiр түпнұсқасы Қызмет берушiде қалады. Қызмет берушiмен мұнайды қабылдау-тапсыру актiсiн келiспеген жағдайда мұнайдың берiлген көлемiн ресiмдеу жүргізілмейді.
8. Ақы төлеу және есеп айырысу тәртiбi
23. Мұнайды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетуге ақы төлеудi Тұтынушы төлем тапсырмасы және шот-фактура бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы бекiткен тарифтерге сәйкес Тұтынушыға оларды қойған күннен бастап бес банктiк күн iшiнде жүргiзедi. Тұтынушы төлем тапсырмасы бойынша ақы төлеудi 100% алдын-ала төлеу тәртiбiмен жүргiзедi.
Тұтынушы тасымалдауға жататын, брутто-тонна салмағы бойынша мұнай көлемi үшiн қызметтер көрсетуге ақы төлеудi жүргiзедi.
24. Төлем тапсырмасында және шот-фактурада көрсетiлген Қызмет берушiнiң банктiк шотына ақша iс жүзiнде есептелген күн Тұтынушының Қызметтер көрсетуге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін іс жүзінде орындаған күн деп танылады.
25. Tөлемді аударуға байланысты шығыстарды Тұтынушы көтереді.
26. Қызмет берушi Тұтынушыға Шарттың 6-тармағының 9) тармақшасына сәйкес мұнайды қабылдаудың және жеткізудің іс жүзіндегі көлем туралы мәлiметтер негізінде, бағыт соңында ТҚП-ға іс жүзінде тапсырылған мұнайдың брутто салмағын көрсете отырып, шот-фактураны көрсетеді.
27. Ақы төлеу ақша әрбiр төлем тапсырмасы және шот бойынша банк аударымдары арқылы аудару жолымен жеке жүргізіледі. Төлем тапсырмасында міндетті түрде ҚҚС сомасы, шарттың нөмірі, тасымалданатын мұнай мөлшерi, төлем тапсырмасының, шоттың нөмірі және олардың шығарылған күнi жеке жолмен көрсетiлуi тиіс.
28. Тұтынушы үшiн қызметтер көрсетуге үшінші тұлғалардың ақы төлеуі Қызмет берушінің алдын aлa келісімімен жүргізіледі. Бұл ретте төлем құжатында 27-тармақта көрсетiлген мәліметтерден басқа, міндетті түрде Тұтынушының атауы көрсетіледі.
29. Әрбір тоқсан аяқталғаннан кейін Тараптар:
1) Шарт бойынша өткен тоқсанның өзара есеп айырысуларына;
2) Тұтынушының өткен тоқсандағы мұнайды жеткізу көлемiне салыстыру жүргізеді.
Мұндай салыстырулар Қызмет берушiде есепті тоқсан аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелік күннен кешіктiрмейтін мерзiмде жүргізіледі. Егеp Тұтынушының уәкілетті өкілі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30 күнiне дейiн салыстыруға келмесе, Қызмет берушi Тұтынушыға (факс арқылы) бiржақты қол қойылған актіні жiбередi, ал Тұтынушы оларды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларға қол қоюға не дәлелді қарсылық бiлдiруге және өзінің уәкілетті өкiлi арқылы бiр уақыттағы бағытпен факс арқылы көшірмелер жiбepугe міндетті. Тұтынушы қол қойылған актілерді не жазбаша қарсылықтарын eceптi тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 10 күнiне дейін ұсынбаған жағдайда салыстыру аяқталды деп, ал оның нәтижелерi орындауға міндетті деп саналады.
9. Тараптардың жауапкершілігі
30. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісті орындалмағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
31. Төлем тапсырмалары мен шоттары бойынша төлемінің мерзiмi өткені үшiн Тұтынушы Қызмет берушiге төлемнiң мерзiмi өткен күнiнiң іс жүзіндегі санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төлем жүргiзiлген күнге белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
32. Мұнайды ММ жүйесiне қабылдау сәтiнен бастап және оны Жүк алушыға ТҚП-ға берген сәтке дейiн тасымалдаудың соңғы бағытында Қызмет берушi оның сақталуына жауап бередi.
33. Осы Шарттың талаптарына сәйкес айып санкцияларын төлеу шот жiберiлген күннен бастап бес банктiк күн iшiнде жүргiзiледi.
34. Егер Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органы айлық (жылдық) кестеде Тұтынушының мәлiмделген мұнай көлемiн мiндеттi ең аз айлық (жылдық) көлемдерiнен кем бекiтсе, Тұтынушы мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемi үшiн жауапты болмайды, сондай-ақ Қызмет берушi де мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемiн ТАК iшiнде тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетпегенi үшiн жауапты болмайды.
35. Тұтынушы айлық кестенi орындамаған немесе орындаудан бас тартқан жағдайда және егер бұл жағдайлар Қызмет берушiнiң қайта айдау режимiнiң азаюына не мұнай құбырының кез келген учаскесiнiң тоқтауына әкеп соқтырса, Тұтынушы Қызмет берушiнiң талабы бойынша барлық жеткiзiлмеген көлем үшiн немесе Тұтынушы бас тартқан көлемге белгiленген тарифтiң 20% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
36. Егер Тұтынушы мұнайды бағытталған пунктiнде қабылдауды қамтамасыз етпеген және бұл жағдай Тұтынушының мұнай тасымалдау үшiн iске қосылған мұнай құбыры учаскесiнiң тоқтауына себеп болған жағдайда, ол Қызмет берушiнiң талабы бойынша мұнай партияларын тасымалдау бағытының басында ресiмделген әрбiр тонна үшiн (таза салмақ) ақы төлеу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң (бұдан әрi - АЕК) 0,05% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
37. Қызмет берушiнiң мұнай құйып алу (мұнай құю) эстакадасына олардың ақаулығынан, мұнайды құйып алу (мұнай құю) мүмкiндiгiн болдырмайтын ақаулы вагон-цистерналарын берген қажеттi iлеспе құжаттары жоқ болған, сондай-ақ мұнай құйып алу эстакадаларына бос вагон-цистерналарды берген жағдайда Тұтынушы Қызмет берушiге оның талабы бойынша әрбiр осындай вагон-цистерна үшiн 5 (бec) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
38. Қызмет берушiнiң мұнай құйып алу (мұнай құю) эстакадалары құйып алынған (құйылған) вагон-цистерналарды мезгiлсiз жинаумен байланысты Тұтынушының кiнәсiнен бос тұрып қалған жағдайда Тұтынушы Қызмет берушiге оның талабы бойынша мұнай құйып алу (мұнай құю) эстакадасының Тұтынушы мен Қызмет берушiнiң тиiстi филиалы арасында жасалатын Мұнайды қабылдау тәртiбi туралы техникалық келiсiмде белгiленген нормативтiк уақыттан артық бос тұрып қалған әрбiр сағаты үшiн 30 (отыз) АЕК мөлшерiнде өсiм пұлын төлейдi.
39. 37, 38-тармақтарда көрсетiлген әрбiр жағдай бойынша Тараптардың өкiлдерi мен "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ өкiлi немесе басқа темiр жол тасымалдаушының өкiлiмен тиiстi акт жасалады. Тұтынушының өкiлдерi оған осындай актiнi берген күннен бастап екi жұмыс күнiнiң iшiнде aктiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда Қызмет берушiнiң уәкiлеттi өкiлi қол қойған актiнi Тұтынушы қабылдаған болып саналады.
40. Вагон-цистерналарды пайдалану жөнiндегi құқығын белгiлейтiн iлеспе құжаттарынсыз вагон-цистерналарды берген кезде Қызмет берушiнiң өкiлдерi вагон-цистерналардың нөмiрiн тiркейдi.
Осы вагон-цистерналарды сол бiр пайдаланушылар iлеспе құжаттарды бұза отырып, бiр айдың iшiнде қайта берген кезде Тараптардың өкiлдерi тиiстi акт жасайды және осы Шарттың 37-бабына сәйкес айыппұл өндiрiп алады.
41. Егер Тұтынушы мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiн есептiк тоқсан iшiнде мәлiмдемеген және мәлiмделмеген көлемдi Шарттың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес өтемеген жағдайда, ол Қызмет берушiге тиiстi қызметтiң тариф ставкасына есептi тоқсан үшiн мәлiмделмеген мұнай көлемiн (таза салмағын) өндiру ретiнде айқындалатын мөлшерде айыппұл төлейдi.
42. Егер Тұтынушы (Қызмет берушi) есепті тоқсан iшiнде ММ жүйесiне мұнайдың мiндеттi ең аз үш айлық көлемiн (олар айлық кестелерде бекiтiлген жағдайда) тапсырмаған (қабылдамаған) және толық жеткiзiлмеген мұнай көлемiн Шарттың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес өтемеген жағдайда, ол Қызмет берушiге (Тұтынушыға) тиiстi қызметтің тариф ставкасына есептi тоқсан үшiн толық жеткізілмеген (қабылданбаған) мұнай көлемiн (таза салмағын) өндiру ретiнде айқындалатын мөлшерде айыппұл төлейдi.
43. Тұтынушы Шарттың 8-тармағының 1) тармақшасында белгiленген өтiнiм беру мерзiмдерiн бұзған жағдайда, сондай-ақ өтiнiм Қызмет берушi белгілеген нысандарды бұзумен берілген жағдайда, Тұтынушы Қызмет берушiге 150 (бiр жүз елу) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
44. Қызмет берушi Шарттың 6-тармағының 5), 7) тармақшаларын орындамаған жағдайда, Қызмет берушi Тұтынушыға 150 (бiр жүз елу) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
45. Шарттың 8-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну мерзiмдерiн бұзғаны, сондай-ақ құжаттардың толық емес пакетiн ұсынғаны үшiн, Тұтынушы Қызмет берушiнiң талабы бойынша әрбiр бұзушылық жағдайлары үшiн 150 (бiр жүз елу) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
46. Магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау шарттарын уақтылы ресiмдемегенi және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органының кестелерiмен бекiтiлген мұнайды ММ жүйесiне қабылдаудан негiзсiз бас тартқаны үшiн Қызмет берушi Тұтынушыға 150 (бiр жүз елу) AEК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
10. Форс-мажорлық мән-жайлар
47. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күштiң мән-жайлары салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалды өтеуге құқығы жоқ. Mұндай жағдайда Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша өзара мiндеттемелердiң орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бiр де бiреуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
48. Еңсерiлмес күш жағдайлары пайда болған жағдайда Тараптар олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бұл туралы бiр бiрiне Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажордың басталған күнiн нақтылайтын әрi сипаттайтын жазбаша хабарламаны беру не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
49. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайлары қолданылу мерзiмiне, бiрақ осындай мән-жайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi болған дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкiн.
50. Егер еңсерiлмес күш жағдайлары 3 және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.
11. Жалпы ережелер және дауларды шешу
51. Тараптар Шарттың талаптарын орындаған кезде Шарттың ережелерiн және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
52. Тараптар Шарттың талаптарын орындау кезiнде бiр бiрiнен алған кез-келген мәлiметтер мен ақпараттың құпияда сақтауға мiндеттi (Құпия ақпарат). Тараптар Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде, сондай-ақ оның қолданысы аяқталғаннан кейiнгi бес жыл iшiнде Құпия ақпаратты қандай да бiр себеппен үшiншi тұлғаларға басқа Тараптың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз бepмeугe мiндеттенедi.
53. Тараптардың бiрi құпия ақпаратты үшiншi Тұлғаға берген жағдайда (Шарттың талаптарын орындауға қатысатын Тараптардың қызметкерлерiн және заңды уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды қоспағанда) беретiн Тарап үшiншi тұлғалардың алынған ақпараттың құпиялылығының сақталуын Шарттың талаптарына ұқсас шарттарда олармен жазбаша мiндеттемеге қол қою жолымен қамтамасыз етуi тиiс.
Құпия ақпаратты ашқан Тарап бұл мiндеттеменi бұзған жағдайда екiншi Тарапқа құпиялылықты сақтамау нәтижесiнде келтiрiлген зиянның орнын толтырады.
54. Шарттың талаптарын орындау процесiнде туындаған Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер жолымен шешедi.
Тараптар арасында келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген сот тәртiбiмен шешiледi.
55. Шарт 200_ "___" _________ бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "__" ________ дейiн, ал орындалмаған мiндеттемелер бөлiгiнде олар толық орындалғанға дейiн қолданылады. Бұл ретте, Тұтынушы және Қызмет берушi мiндеттi түрде жыл сайын Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Техникалық келiсiм жасасады.
56. Екi Тараптың бiрi қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт өзiнiң заңды күшiн жоймайды және ол бойынша барлық құқықтар мен мiндеттемелер олардың құқықтық мұрагерлерiне көшедi. Бұл ретте, Шарттың жаңа Тараптарының арасында тиiстi келiсiмге қол қоюы мiндеттi болады.
57. Тараптар Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқылы.
58. Шартқа барлық өзгерiстер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалған, екi Тараптың уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған және Тараптардың мөрлерiмен бекiтiлген жағдайда ғана заңды болып табылады. Бұл ретте, Тараптар механикалық көшiру құралының көмегiмен уәкiлеттi тұлға қолының факсимильдiк көшiрмесiн пайдалануға жол бередi.
12. Қорытынды ережелер
59. Шарт Тараптардың әрқайсысына бiр данадан берiлетiн бiрдей заң күшi бар 2 түпнұсқалық данада жасалды.
60. Тараптардың Шарттан туындайтын қатынастары және олар реттемеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
61. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді.
13. Тараптардың деректемелері
Қызмет берушi: _______________ | | | Тұтынушы: _______________
|
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. N 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен
бекiтiлген
Аэронавигация қызметтерiн көрсетуге арналған үлгі шарт
_________________________ 200_ жылғы "___"___________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын _____________________________
(қызметтер көрсетудi ұсынатын
____________________________________________________________________
субъектiнiң атауы, құрылтайшы құжаттары)
_____________________________________________________________ атынан
(мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi және берген орган)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан