5) труба құбырларына дезинфекция жүргiзу қажет болған жағдайларда;
6) нормативтiк құқықтық кесiмдермен және Тараптардың келiсiмiмен көзделген басқа да жағдайларда жүргiзiледi.
Осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Тұтынушы қызметтер көрсетудi берудi тоқтатқанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын хабардар етiледi.
8. Шарттың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айтылған жағдайларда Тұтынушыны қосу туындаған бұзушылықтарды болдырмау және жою кезiнде жүргiзiледi.
Шарттың 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айтылған жағдайларда қосу борышты өтегеннен және есепке алу құралдарын салыстыруды өткiзгеннен кейiн жүргiзiледi.
Қосқаны үшiн төлем өндiрiп алынбайды.
4. Қызметтер көрсетудiң құны мен оған ақы төлеу тәртiбi
9. Берiлген суға және/немесе сарқынды суға қабылданған ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
Қызметтер көрсетудiң құны шарттың өзге талаптары сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларынан басқа жағдайларда, барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi.
10. Ақы төлеудi Тұтынушы нақты ұсынылған қызметтер көрсетудiң мөлшерi үшiн ай сайын төлем құжатының негізiнде, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, келесi есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде жүргiзедi.
5. Қызметтер көрсетудi берудi және тұтынуды есепке алу
11. Берiлген су мөлшерi жеке есептеу құралдарының көрсеткiштерi бойынша, жеке есептеу құралдары болмаған кезде нақты тұратын адамдар санына сәйкес деректердi бөле отырып, жалпы үйдiң есептеу құралының көрсеткiштерi бойынша, ал олар болмаған кезде осы елдi-мекен үшiн бекiтiлген су тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгiленедi.
Қызмет берушiмен есеп айырысу үшiн өрт сөндiру автоцистерналарына құюға пайдаланатын судың мөлшерi жолға шығатын техникамен өрт сөндiру депосы ғимараттарында ескерiлмейдi.
12. Тұтынушыдан бөлiнген су мөлшерi кәрiз жүйесiне:
1) ыстық сумен жабдықтау жүйесi жабық кезде, жергiлiктi су жылытқыш пайдаланылған жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне;
2) ыстық сумен жабдықтау жүйесi ашық кезде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесiнен келiп түскен жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне ыстық сумен жабдықтауға берiлген судың мөлшерiн қосып тең қабылданады.
13. Қайтарымсыз жоғалған су және өрт сөндiру автоцистерналарына құюға пайдаланатын су сарқынды суды айдау үшiн есеп айырысу кезiнде ескерiлмейдi.
Қайтарымсыз жоғалған судың мөлшерi технологиялық есептерге сай айқындалады.
14. Есептеу құралдарынсыз Тұтынушыны тiкелей қосуға Қызмет берушiнiң рұқсатымен уақытша жол берiледi. Мұндай жағдайда берiлген қызметтер көрсетудiң мөлшерiн Қызмет берушi есеп айырысу жолымен не Тараптардың келiсiмiмен белгiлейдi.
15. Есепке алу Тұтынушының кiнәсiнен тыс уақытша бұзылған кезде қызметтер көрсеткенi үшiн есеп айырысу алдыңғы есептi кезеңнiң орташа тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.
16. Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есептеу құралдарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледi. Қызмет берушi есептеу құралдарын арнайы бөлiнген үй-жайға орнатқан кезде олардың сақталуы үшін Қызмет берушi жауап бередi.
17. Есептеу құралдарын белгiсiз бiр тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, оның сақталуына жауапты тұлға, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiр ай мерзiмде есептеу құралдарын қалпына келтiруге мiндеттi. Есептеу құралдарын қалпына келтiру сәтiне дейiн Тұтынушы оны желiге қосуды талап етуге құқылы.
6. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi
18. Тұтынушы:
1) қызметтер көрсетудi белгiленген сапада, оның денсаулығына қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн Шарттың талаптарына сәйкес қажеттi мөлшерде алуға;
2) қажеттi көлемдегi сарқынды суды рұқсат етiлген жүктемелер шегiнде айдауға;
3) Қызмет берушiден қызметтер көрсетудi есептеу құралдарын орнатуды талап етуге;
4) Қызмет берушiнiң заңнамаға қайшы келетiн әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртiбiмен шағым жасауға;
5) қызметтер көрсетуге арналған тариф жобасын талқылау жөнiнде өткiзiлетiн жария тыңдауларға қатысуға;
6) уақтылы төлем жасаған кезде оған қажеттi көлемде қызметтер көрсетудi пайдалануға;
7) Қызмет берушiден қызметтер көрсетудi тиiсiнше ұсына алмау салдарынан өмiрге, денсаулыққа және (немесе) мүлiкке келтiрiлген залалды толық көлемде өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды өтеудi белгіленген тәртiппен талап етуге;
8) мемлекеттiк стандарттарда және өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн қызметтер көрсетудi ұсынған жағдайда қызметтер көрсетудiң құнын қайта есептеудi талап етуге;
9) өзінің қарамағындағы су құбырлары мен кәрiз желiлерiнiң пайдалану қауiпсiздiгiн, сумен жабдықтауға және сарқынды суды айдауға байланысты олар пайдаланатын құралдар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етуге;
10) егер Қызмет берушi белгiленген тәртiппен шот қоймаса, алынған қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi жүргiзбеуге;
11) Қызмет берушiнi бұл туралы бiр айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлама берген кезде пайдаланылған қызметтер көрсетуге ақы төлеп, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.
19. Тұтынушы:
1) берiлген төлем құжаттарына сәйкес ұсынылған қызметтер көрсетуге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Қызмет берушiге қызметтер көрсетудi пайдалану кезiнде туындаған сумен жабдықтау, кәрiз жүйелерi құрылысының және есептеу құралдарынан жұмысындағы ақаулар туралы, ал сумен жабдықтау мен кәрiз жүйеciнің құрылысы бұзылған немесе ластайтын, улы заттарды авариялық тастау жағдайында - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi жергiлiктi органдарға, өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметiне де дереу хабарлауға;
3) Қызмет берушi өкiлдерiнiң желiлердiң, құралдардың және жабдықтардың техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн бақылау үшiн eceптeу құралдарына қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
4) қызметтер көрсетудi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтауға мiндеттi.
7. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
20. Қызмет берушi:
1) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уақтылы және толық көлемде ақы алуға;
2) заңнамаға сәйкес сақтауға мiндеттi техникалық талаптарды белгiлеуге;
3) реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданыстағы кезеңiне барлық Тұтынушылар үшiн ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi азайтуға;
4) сумен жабдықтау кәрiз жүйелерi құрылысына техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу құралдарын тексеру мен тексерiстi ұйымдастыруға;
5) қызметтер көрсетудi тұтынуға және оған ақы төлеудi бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
21. Қызмет берушi:
1) Тұтынушыны Шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсетумен уақтылы және үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз етуге;
2) жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзуге арналған үзiлiстердi қоспағанда, қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету жүйелерiн Тұтынушыға қызмет көрсетугe тұрақты дайындықта ұстауға;
3) Тұтынушыларға қызметтер көрсетудi есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға;
4) ұсынылатын қызметтер көрсетудiң сапасы мен мөлшерiне есеп жүргiзуге және оны бақылауға, қызметтер көрсетудi ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
5) Тұтынушы қызметтер көрсету сапасының төмендегенi туралы арыз берген күннен бастап үш күннiң iшiнде сапаны қалпына келтiру жөнiнде барлық шараларды қабылдауға және қайта есеп жүргiзуге;
6) Тұтынушымен қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған шарт жасасуға;
7) Тұтынушыға берiлетiн қызметтер көрсетуге ақы төлеуге келесi есептi айдың 10 күнiне дейiнгi мерзiмде төлем құжатын ұсынуға;
8) Тұтынушыларды тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
9) сумен жабдықтаудың көлемi мен сапасына негiздi кiнәраттар алынған кезде, Тұтынушының талабын 24 сағаттың iшiнде қанағаттандыруға;
10) Тұтынушының жылу желiлерi мен есептеу құралдарын тексерген кезде қызметтiк куәлiктi көрсетуге;
11) алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде Тұтынушыға ауыз суды көлiк құралдарымен жеткiзiп беруге мiндеттi.
8. Тараптарды шектеу
22. Тұтынушыға:
1) Қызмет берушiмен келiсiмсiз үй iшiндегi желiлердi, сумен жабдықтау, кәрiз жүйелерi құрылыстары мен есептеу құралдарын қайта жабдықтауға;
2) қызметтер көрсетудiң қолда бар есептеу схемаларын бұзуға тыйым салынады;
23. Қызмет берушіге:
1) басқа Тұтынушылардың талаптарды орындамауы себептерi бойынша Тұтынушыны қызметтер көрсетудi ұсынудан бас тартуға немесе қызметтер көрсетудi алудан шектеуге;
2) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн peттeушi орган белгiлегеннен артық ақы алуға;
3) Тұтынушыдан қызметтер көрсетуге оларға төлемдер құжаттарын ұсынбай ай сайын ақы төлеудi, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтер үшiн алдын ала ақы төлеудi талап етуге тыйым салынады.
24. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.
9. Тараптардың жауапкершiлiгi
25. Жабдықтар мен инженерлiк желiлердi тиiсiнше ұстау үшiн жауапкершiлiк оның меншiк иесiне жүктеледi және теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлу шекаралары бойынша айқындалады.
26. Шартта көзделген мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi орындамаған жағдайда, кiнәлi тарап екiншi тарапқа заңнамаға сәйкес келтiрiлген зиянның орнын толтырады.
27. Ұсынылған қызметтер көрсеткенi үшiн төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда Тұтынушы Шартқа сәйкес (30-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде осы сомаларды төлейтiн күнде қолданылатын, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Тұрақсыздық айып мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргiзiледi. Тұрақсыздық айыбын есептеудiң басталу мерзiмi, егер Тараптардың келiсiмiмен өзгеше айтылмаған болса, есептi кезеңнен кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнi болып табылады.
28. Егер Қызмет берушi үшiн Тұтынушыға Қызмет берушiмен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен қызметтер көрсету ұсыну мүмкiн болмаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауап бередi.
29. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.
30. Құжатпен расталған ауыр материалдық шығынға немесе уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеп соқтырған ауырған немесе жазатайым оқиға кезiнде Тараптардың келiсiмi бойынша Тұтынушыға оның жазбаша өтiнiшi бойынша өсiмпұл есептеу жөнiндегi мерзiм ұзартылуы мүмкiн.
10. Форс-мажор мән-жайлары
31. Тараптардың бiр де бipeуi форс-мажор мән-жайлары басталған жағдайда, яғни Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiстi орындамауына әкеп соқтырған еңсерiлмес күш жағдайлары (табиғи апат немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ әскери iс-қимылдар, ереуiлдер және басқа да жағдайлар басталған жағдайда басқа тараптың алдында жауапты болмайды.
Еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған жағдайда Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бұл туралы бiр-бiрiне Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажор мән-жайларын басталған күнi мен сипаттарын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейiннен беру не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш жағдайларының әрекет ету мерзiмiне, бiрақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiретiн дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкiн.
Егер еңсерiлмес күш жағдайы 3 және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа болжалды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей алдын ала хабарлаған кезде Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.
11. Жалпы ережелер және дауларды шешу
32. Тараптар өздерiнiң құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
33. Қызметтер көрсетудi ұсыну Шарты Тұтынушының белгiленген тәртiппен iс жүзiнде желiлерге бiрiншi қосу сәтiнен бастап күшiне енедi.
Тұрмыстық Тұтынушы үшiн Шарттың iс-әрекетi мерзiмсiз, ал мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес болып табылады.
34. Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.
35. Шарт, егер Тұтынушы осы рынокта қызметтер көрсетудi ұсыну жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын өзге Қызмет берушiмен Шарт жасасқан жағдайда, өз күшiн жоғалтады. Бұл ретте Тұтынушы Қызмет берушiнi Шартты алдағы бұзғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын хабардар етуге және тұтынылған қызметтер көрсетуге толық көлемде ақы төлеуге мiндеттi.
36. Тараптардың бiрi Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе бұзған кезде, екiншi тарап келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қоя отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
37. Тараптардың арасындағы келiсiмге қол жетпеген кезде, даулар мен қайшылықтар сот тәртiбiмен шешiледi.
38. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
39. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органдарында тiркеледi және ол тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзедi.
40. Тараптардың келiсiмi бойынша Шарт үлгi Шарттың нормаларына қайшы келмейтiн басқа талаптармен толықтырылуы мүмкiн.
41. Шартта айтылмаған Тараптар арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледi.
12. Тараптардың деректемелерi
ҚР Үкіметінің 23.04.04 ж. N 458 қаулысымен үлгі шартпен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен
бекiтiлген
Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді
ұсынуға арналған
үлгі шарт
_______________________ 200_ жылғы "___"_________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
(құжаттың атауы)
___________________________________________________________________
негiзiнде әрекет ететiн, мұнай тасымалдау бойынша табиғи монополия.
ның қызметтер көрсетуін (бұдан әрі - Қызметтер көрсету) ұсынатын
____________________________________________________________________
(қызметтер көрсетуді ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
____________________________________________________________ атынан
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
__________________________________________________ бір тарапты және
(лауазымы, аты-жөнi)
бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын, ___________________________ атынан
(тұтынушының атауы)
________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі
(лауазымы, аты-жөнi)
Тараптар деп аталатындар мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
Қызмет берушінің магистралды мұнай құбырларының жүйесі (бұдан әрі - ММ жүйесі) - мұнайды қабылдау пункттерінен оны жүкті алушыға беру пункттеріне дейiн тасымалдауды, көлiктiң басқа түрiне ауыстырып құюды немесе басқа сабақтас құбыр жүйелерiне берудi қамтамасыз ететiн жер асты, су асты, жер бетi және жер үстi құбырларынан, мұнайды қайта айдау станцияларынан, сорғы станцияларынан, резервуарлардан, мұнайды қабылдау, тапсыру, құйып алу, құю, жылыту, араластыру пункттерiнен және басқа да технологиялық объектiлерден тұратын бiрыңғай технологиялық жүйе;
тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсету - мұнайды қабылдау, қайта айдау, ауыстырып тиеу, құйып алу, құю, сақтау және араластыру жөнiндегi қызметтер көрсету;
мұнайды тапсыру және қабылдау пунктi (бұдан әрi - ТҚП) мұнайды қабылдау және тапсыру жүргiзiлетiн, қабылдау-тапсыру құжаттары ресiмделетiн пункт;
жүктi алушы - Тұтынушы немесе Тұтынушы тасымалдау бағытының соңында ТҚП-ға мұнайды қабылдауға уәкiлеттiк берген тұлға;
мұнай - шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикi мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейiн және жанар тақтатастарын немесе шайырлы құмдарды өңдеуден кейiн алынған көмiрсутегi;
кесте - мұнайды Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткiзу кестесi (жылдық, тоқсандық, айлық) және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органы бекiткен экспорт;
позициялық кесте - белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген теңiз порттарындағы тоннажды беру және орналастыру кестесi;
төлемге тапсырма - мұнайды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетуге алдын ала ақы төлеу құжаты;
бағыстық тапсырма (бұдан әрi - БТ) - Қызмет берушінiң өзiнiң филиалдарына қажеттi жүк iлеспе құжаттары, мұнайды тасымалдау бағыты, бағыт басында ТҚП-де ММ жүйесiне қабылданатын және бағыт соңында ТҚП-де Жүк алушыға тапсырылатын мұнай мөлшерi, иеленушi, мұнайды бepу тәртiбi және соңғы Жүк алушы көрсетiлген мұнай партиясын тасымалдау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыруға арналған тапсырмасы;
тасымалдаудың айлық кезеңi (бұдан әрi - ТАК) - мұнайды тасымалдау және оны есепке алу жүргiзiлетiн мәскеу уақытымен қысқы кезеңде күнтiзбелiк айдың 1-күнiнiң 06:00 сағатынан бастап және мәскеу уақытымен жазғы кезеңде күнтiзбелiк айдың 1-күнiнiң 07:00 сағатынан бастап мәскеу уақытымен қысқы кезеңде келесi айдың 1-күнiнiң 06:00 сағатына дейiнгi және мәскеу уақытымен жазғы кезеңде келесi айдың 1-күнiнiң 07:00 сағатына дейiнгi уақыт аралығы;
тасымалдаудың жылдық кезеңi (бұдан әрi - ТЖК) - 12 ТАК-ты қамтитын ұзақтығы бiр күнтiзбелiк жыл мұнайды тасымалдау кезеңi;
мұнайдың мiндеттi ең аз жылдық көлемi - ТЖК iшiнде БТ жүйесiне Тұтынушы жеткiзуге мiндеттi, Шарттың 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органымен белгiленген тәртiппен келiсiлген мұнай тасымалдаудың жекелеген бағыттары бойынша Тараптар көздейтiн мұнай көлемi;
мұнайдың міндетті eң аз айлық көлемi - мұнайдың міндетті ең аз жылдық көлемiнiң 1/12;
мұнайдың кем жеткiзiлген көлемi - мұнайдың мiндетті ең аз айлық көлемiнiң немесе айлық кестеде (eгep ол мiндеттi ең аз айлық көлемнен кем болған жағдайда) бекiтiлген мұнай көлемiнiң және ММ жүйесiне тасымалдау үшiн ТАК iшiнде нақты тапсырылған мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;
мұнайдың толық мәлiмделмеген көлемi - мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемi мен есептi ТАК-қа Тұтынушы тасымалдау үшiн мәлiмдеген мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;
техникалық келiсiм - Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылатын ММ жүйесiне мұнайды қабылдау тәртiбi туралы Техникалық келiсiм.
2. Шарттың мәнi
2. Қызмет берушi Тұтынушыға мұнайды MM жүйесi бойынша Қазақстан Республикасының iшкi рыногына жеткiзу үшiн және/немесе мұнайды кейiннен Жүк алушыға беру арқылы экспортқа тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.
3. Тұтынушы бағыттың басында ТҚП-ға ММ жүйесiне тасымалдауға арналған мұнай көлемiн тапсыруға және мұнайды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетуге Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмде ақы төлеуге мiндеттенедi.
4. Мұнайдың мiндетті ең аз жылдық көлемi мынаны құрайды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
5. Қызмет берушiнiң:
1) Тұтынушыдан ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда уақтылы ақы алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшiн мiндетті техникалық талаптарды белгiлеуге;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртiппен барлық Тұтынушылар үшiн ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi азайтуға;
4) Тұтынушыдан бағыт басында ТҚП-ға мұнайдың мiндеттi ең аз көлемiн ММ жүйесiне Шартта белгiленген талаптарда уақтылы тапсыруды талап етуге;
5) Тұтынушыға мұнайды қабылдаудан және тасымалдаудан, соның iшiнде мынадай себептер бойынша:
бағыттың соңында ТҚП-ға мұнайды қабылдаудан бас тартқан немесе Тұтынушының MM жүйесiнде бар ресурстарын таратпаған жағдайда;
Тұтынушы мұнай тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсету үшiн ақы төлемеген жағдайда;
Шарттың 8-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайда жауапкершiлiкке алып сақтаудан бас тартуға құқығы бар. 6. Қызмет берушi:
1) Тұтынушы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн тиiсiнше орындаған кезде Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде айлық кестеде көрсетiлген Тұтынушының мұнай көлемдерiн тасымалдау жөнiндегi қызметтердi Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда көрсетуге;
2) Тұтынушыны мұнайды қабылдауды шектеуге әкелетiн кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы жедел хабардар етуге;
3) Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде MM жүйесiнiң техникалық мүмкiндiктерi шегiнде жекелеген сегменттерге де, сол сияқты тұтастай алғанда MM жүйесiне де қолдануға болатын Тұтынушының мұнайға кемсiтпеушiлiкпен қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
4) есепке алудың негiзгi және резервтiк схемасы бойынша мұнайдың мөлшерi мен сапасын өлшейтiн құралдардың жай-күйi мен қолданылуына метрологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
5) айлық кестенi, позициялық кестенi алған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде Тұтынушының мұнай көлемдерiн және тасымалдау бағыттарын көрсете отырып, Тұтынушыға хабарлама жолдауға;
6) айлық кесте негiзiнде төлемге арналған тапсырмаларды ресiмдеудi жүргiзуге, оларды Тұтынушыға Шарттың 6-бөлiмiне сәйкес тасымалдау жөнiндегi Қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшiн жолдауға;
7) Қызмет берушiнiң банктiк шотына төлемге арналған тапсырмаға сәйкес толық ақының түскен күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бағыттық тапсырманы шығаруды қамтамасыз етуге;
8) Тұтынушыға мұнайды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетуге тарифтердiң өзгерiстерi туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей хабарлауға;
9) Тұтынушыға ТАК-тен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн MM жүйесi бойынша ТАК үшiн мұнайды қабылдаудың және жеткiзудiң нақты көлемдерi туралы мәлiметтер беруге;
10) Тұтынушының мұнайды тасымалдауға арналған өтiнiмiн оның түскен күнiн мiндеттi түрде көрсете отырып уақтылы тiркеуге;
11) Тұтынушымен жасалатын көлiктiк экспедицияның жеке шарты негiзiнде таяу және/немесе алыс шет елдерге экспортталатын мұнайды жөнелтумен байланысты қызметтер кешенiн көрсетудi қамтамасыз етуге;
12) Шартқа қол қойылған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Тұтынушыға Шарттың 8-тармағы 1) тармақшасында көрсетiлген өтiнiмдер нысанын ұсынуға мiндеттi.
4. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi
7. Тұтынушының:
1) тиiстi сападағы қызметтер көрсетудi алуға және Қызмет берушiден мемлекеттiк стандарттарда және өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн қызметтердi ұсынған жағдайда қызметтер көрсету құнын қайта есептеудi талап етуге;
2) Қызмет берушiден ТАК-тен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн есептi ТАК iшiнде ММ жүйесi бойынша мұнайды қабылдаудың және жеткiзудiң нақты көлемдерi туралы мәлiметтер алуға;
3) Қызмет берушiге өзiнiң өкiлдерi арқылы Шарттың 8-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн, оларды берген күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде олардың түпнұсқаларын ұсынған жағдайда беруге;
4) Қызмет берушiде мұндай қосымша көлемдердi тасымалдаудың техникалық мүмкiндiктерi болуы жағдайында мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiнен асатын мұнайдың қосымша көлемiн тапсыруды және тасымалдауды мәлiмдеуге құқығы бар.