12.2. Ауылдың әлеуметтiк саласы мен инфрақұрылымын дамыту
Үкiметтің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытындағы басымдық ауыл проблемасында айқындалған.
Президенттің Қазақстан халқына Арнауына сәйкес 2003-2004 жылдарға Ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленіп бекітілдi.
Осы бағдарламаны әзiрлеу Ауыл халқының өмiр cүругe болатын және қабылдауға болатын кiрiстер деңгейiмен қамтамасыз ететiн экономикалық перспективалы жерлерде ресурстарды шоғырландыруға мүмкiндік беретiн ауыл аумақтарын тиімдi дамыту және ауылды орналастыру схемасын оңтайлы қалыптастыру жөнінде шараларды қабылдаумен байланысты болды.
Ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттiк саясатының негiзгi мақсаты ауылдық орналастыруды оңтайландыру негізінде ауылдың қалыпты тыныс тiршiлiгi жағдайларын жасау болып табылады.
Бағдарлама мақсаттарына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделеді:
ауылдық елдi мекендердi (бұдан әрi - АЕМ) паспорттау негізінде әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштер бойынша бiрiншi кезектегi шаралар әзiрлеу;
әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнiң өлшемдерi бойынша AEM-дi жiктеу;
экономикалық қызметтi дамыту, құрылысты инвестициялау, әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн жөндеу және қайта жаңғырту жөнінде бiрiншi кезектегi шаралар әзiрленедi;
AEM әлеуметтiк-экономикалық дамуының мониторингiн, ауыл аумақтарының экологиялық қауiпсiздiгiн, жер ресурстарына баға берудi, ауыл тұрғындарының әлеуметтiк қызмет көрсетулермен және инженерлiк инфрақұрылымды қамтамасыз етудiң нормативтерi мен стандарттарын ұйымдастыру;
ауыл тұрғындарын қайта орналастыруды ынталандыру бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру;
ауылдағы тиiмдi орналастырудың моделiн әзiрлеу және оны iске асыру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу.
Қойылған мақсаттарға жетудiң және мiндеттердi шешудің жолдары
Бағдарлама шеңберінде проблемаларды шешудің ауқымы мен жаңалықтары республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң мүмкіндіктерiне қарай оны екi кезеңде iске асыруға шешiлетiн шараларды үйлестiрудің қажеттiлiгi.
Бiрiншi кезеңде (2004-2006 жж.) алғашқы үш мiндеттi шешу ұйғарылып отыр.
Бұл үшiн қазiргi кезде ауылдық елдi мекендердi паспорттау негізінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерi бойынша қалыптасқан жағдайға талдау жүргiзілдi, әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнің өлшемдерi бойынша AEM-дi жiктеу жүргiзілдi, экономикалық қызметтi дамыту құрылысты инвестициялау әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн жөндеу мен қайта жаңғырту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар әзiрлендi.
Бұдан басқа ауылдық орналастырудың кiрiстер мен қызмет көрсетулер құнының оңтайлы моделi жөнiндегi теңгерiмділігі негізінде қалыптастыру үшін, ауыл тұрғындарының әлеуметтiк және инженерлiк қамтамасыз етілуінің ұлттық стандарттары бекiтілдi, көшi-қон тасқындарын мемлекеттiк реттеу және ауыл көшi-қонын қолдау жөнiндегi шаралар бағдарламасы әзiрлендi, қолда бар заңнамалық базаны ревизиялау жүргiзілдi және қажеттi нормативтiк құқықтық құжаттар әзiрлендi.
Екiншi кезеңде (2007-2010 жж) әрбiр AEM-нің әлеуеттiк сыйымдылығына бағалау жүргiзу, ауылды орналастыру жөніндегі шараларды iске асыру, ауыл тұрғындарының неғұрлым жоғары өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз ету, ауыл аумақтарын тұрақты дамыту негiздерiн құру жоспарлануда.
Жүргiзiлген жiктеме негiзiнде 7660 АЕМ мынадай 4 топқа жiктелдi:
1. жоғары әлеуеттi дамуы бар ауылдық елдi мекендер - саны 1,6 млн. адам 1062 бiрлiк;
2. жоғары әлеуеттi дамудағы ауылдық елдi мекендер саны 5,3 млн. адам тұрғыны бар 5664;
3. төмен әлеуеттi дамудағы ауылдық елдi мекендер - саны 300 мың адамға жуық тұрғыны бар 776;
4. экологиялық жағдайлары ерекше қолайсыз ауылдық елдi мекендер саны 10 мың адамға жуық 22.
Бұдан басқа, республика бойынша тұтастай алғанда қазiргi кезде бүкiл халқы кетiп қалған және оларда ешкiм тұрмайтын 136 елдi мекен бар.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерiне сәйкес объектiлердi инвестициялауға таңдау кезінде мынадай басымдықтар ұсынылады:
Жоғары немесе орташа даму әлеуетi бар АЕМ-ге бағыттауға қажеттi құрылыс пен әлеуметтiк-инженерлiк инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестиция беру. Бұл ретте әрбiр АЕМ-нің нақты жағдайы қарастырылатын болады, инвестициялауға жататын объектiлер анықталды, қаржыландыру көздерiнің мүмкiндiгiне қарай құны мен теңгерiм сомалары есептелдi. Агроөндiрiстiк және қайта өңдеу салаларының өсу бағдарламасы әзiрлендi, сату рыноктары кеңейтілдi, кiрiстердің әлеуеттік өлшемдерi және оларға сәйкес ауылға көшiп келушiлердi қосымша қабылдау мәнiне елдi мекеннiң әлеуеттiк сыйымдылығы ескерілдi.
Әлеуеттiк дамуы төмен АЕМ бойынша қосымша экономикалық қызмет салаларын дамыту және кiрiстердi өсiру мүмкіндiгi қарастырылады, тiршiлік етудің нормативтiк қызметтер көрсету деңгейiне жеткiзуге арналған шығындар бағаланды, қаражатты салудың неғұрлым тиiмдi нұсқасын айқындау үшiн көшiруге арналған шығындар мүмкіндiгiне қарай теңдестiрілдi. Осы жұмыстарды жүргiзуге дейiн қаражатты тек қана қолда бар бiлiм беру және денсаулық сақтау объектілерiн, байланыс қызметтерiн және көлік қатынастарын қамтамасыз етуге бағыттау көзделедi.
Айрықша қолайсыз экологиялық жағдайлары бар аумақтар жаңадан инвестицияланатын аумақтар тiзiмiнен алынып тасталады. Осы аумақтар бойынша неғұрлым қолайлы жерлерге қоныстандыруды ынталандыратын шаралар есептер даярлау жоспарланады және қоныстандыруға арналған қаражат қажеттілігiн, көгалдандыруға арналған кредиттер берудi, мал және өндiрiстiң керек-жарағын сатып алуды, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзуге бөлiнетiн жер учаскелерiнiң көлемiн айқындау көзделедi.
Әртүрлi АЕМ-дер үшiн мемлекеттiк бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануды арттыруға бағытталған олардың экономикалық әлеуетiне байланысты сараланған мемлекеттiк қызмет көрсетулердi ұсыну жөнiндегi барлығын қамтитын көп секторлы стратегияны жасау. Ауыл аумақтарын дамытуды инвестициялау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар жiктемесінің нәтижелеріне сәйкес жоғары әлеуеттi дамудағы 1062 AEM және орташа даму деңгейi жиынтығымен, бiрақ жоғары экономикалық әлеуетi жоқ 132 AEM қамтылатын болады.
Ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттiк саясатының ең басты сәттерiнің бiрi ауыл халқын орналастыру моделiн әзiрлеу және оны iске асыру болыптабылады.
Болжанатын нәтижелер
Ауыл халқының кәсіпкерлiк белсендiлiгiн арттыру және экономикалық қызмет аясын кеңейту негізінде ауылдық елдi мекендер тұрғындарының кiрiстерi деңгейiнің өсуi;
ауыл халқының тыныс тiршiлiгi аясын дамыту;
АЕМ-дi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейiн арттыру;
ауыл тұрғындарын электрмен жабдықтауды және газбен жабдықтауды жақсарту;
ауылдық жерлердегi көлiктiк қызмет көрсету рыногын дамыту үшiн жағдайлар жасалады, ауыл жолдарын салу, қайта жаңғырту және оларға күрделi жөндеу жүргiзiледi;
қолда бар телекоммуникациялар жүйесiн жаңғырту және олардың жаңаларын салу бойынша осыған ұқсас АТС-тердi цифрлы АТС-терге ауыстыру жолымен шаралар жүзеге асырылады, ауылдық почта байланысын дамыту саласында "Қазпочта" ААҚ-ты дамыту жоспарын iске асыру қамтамасыз етiледi;
ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсету жақсарады, жаңа ауруханалар салынады, қолда бар денсаулық сақтау объектiлерiне күрделi жөндеу және қайта жаңғырту жүргiзiлдi, олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды;
орта жалпы және бастауыш оқу орындары әрi қарай дамытылады, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жақсарады;
мәдениет және спорт мекемелерiнің қызметтерiне қол жеткізудi арттыру, ұлттық теледидар мен радио тарату бағдарламаларымен қамту 100 % қамтамасыз етiледi;
ауыл тұрғындарының қоғамдық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жақсарады, полицияның учаскелiк пункттерi көлiк құралдарымен, жиhаздармен, компьютерлiк техникамен, стационарлық рациялармен қамтамасыз етiледi;
AEM-нің экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн әкiмшiлiк бiрлiктердің экологиялық паспорты жасалады, экологиялық мониторинг жүйесi ұйымдастырылады;
Ауыл тұрғындарының көшi-қон процестерін реттеу шеңберінде iшкi көшi-қонды ынталандыру тетiгi әзiрленедi. 2006 жылдың аяғына қарай ауылдық орналастырудың табиғи климаттық аймақтарына және өндiргiш күштердi орналастырудың ұлттық схемасына байланыстағы оңтайлы моделi әзiрленедi, ал оны iске асыру 2010 жылдың аяғына қарай жүзеге асырылады.
Осы iс-шараларды iске асыру үшiн алғашқы үш жыл iшiнде (2004-2006 жж) тек қана республикалық бюджеттен 67,5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлу көзделген, бұдан басқа жергiлiктi бюджеттерден және бюджеттiк емес көздерден (қарыздық қаражат, тiкелей инвестиция, гранттар мен басқа да қаржылық институттар) қаражат бөлiнетiн болады.
12.3. Өңiрлiк даму
Қазiргi кезде өңiрлердің экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар iске асырылуда.
Бұдан басқа, тұтастай алғанда ел экономикасының өсуіне қарамастан республикада өңiрлердің, оның iшiнде шағын қалалардың, ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейiнде едәуiр сәйкессiздiк байқалады. Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай кірiстерiнің деңгейi бойынша өңiрлер арасындағы айырмашылық 3 еседен астамға жетіп отыр.
Ақшалай кiрiстердің едәуiр саралануы тек өңiрлер арасында ғана емес, олардың iшiнде де сақталуда. Көптеген шағын қалалардағы халықтың жан басына шаққандағы ақшалай кiрiсi тиiстi облыстардағы орташа деңгейден 30 80% ғана құрайды. Ауыл тұрғындарының номиналдық ақшалай кiрiсi қала халқымен салыстырғанда екi есе төмен.
Мақсаттары мен міндеттерi
Таяудағы жылдары өңiрлік саясаттың мақсаты инфрақұрылымды, шаруашылық қызметтi нығайтуға және өңiрлердiң сайлауды қолдау саясатымен үйлесiмiне ықпал ететiн басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолымен әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiндегi өңiрлер арасында орын алып отырған айырмашылықтарды азайту болып табылады.
Осы кезеңде мынадай мiндеттердi шешу мiндетi тұр:
өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың тасқындылығы мен теңгерiмдiлігiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердің дәл бөлінуi және бюджеттік қатынастар арасындағы тиімдi моделдi жасау;
шағын қалалар мен перспективалы ауылдық аудандарға мемлекеттiк қолдау көрсету;
шекара маңындағы, әсiресе ел қауіпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн оңтүстiк аудандардың экономикалық әлеуетiн нығайту жөніндегі мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және жүргiзу;
Қазақстан аумағына халықты қоныстандыру үшiн оңтайлы жағдайлар жасау.
Қойылған мақсаттарға және мiндеттердi
шешуге қол жеткiзу жолдары
Өңiрлер арасында әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде қалыптасып отырған айырмашылықтарды азайту мақсатында өңiрлердi дамытудағы, олардың шаруашылықтары құрылымдарын жетілдіру, өнеркәсiптің қайта өңдеу секторы кәсiпорындарын дамыту, аумақтардың инфрақұрылымдық қамтамасыз етiлуiн арттыру, бiрiншi кезектi су, энергия және электрмен қамтамасыз ету, жолдар салу және оларды жөндеу, шағын кәсiпкерлiктi саласын дамыту есебiнен сәйкессiздiктi төмендетуге ықпал ететiн iс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған.
Перспективалы ауылдық аудандарға және шағын қалаларға айрықша көңiл бөлiнедi, экономикалық, құқықтық, әлеуметтiк және олардың өздiгiнен дамуы үшiн жағдайлар жасау жөніндегі басқа да шараларды әзiрлеу және қабылдау.
Өңiрлiк даму мiндеттерiн шешу үшiн мыналар көзделедi:
Республикалық деңгейде:
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi бөлу тұжырымдамасы мен бюджеттiк қатынастарды жетілдіру негiзiнде жүзеге асырылатын мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкілеттiктердi дәл бөлу;
2004-2006 жылдары шағын қалаларды дамыту бағдарламасын бекiту және iске асыру;
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру;
Қазақстан Республикасының әзiрленетiн демография және көшi-қон саясатының 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде халықтың өмiр cүpу деңгейiн арттыру;
Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейінгi кезеңге арналған бағдарламасын әзiрлеу.
Өңiрлiк деңгейде:
экономика құрылымдарын, бiрiншi кезекте шикiзатты тереңдетiп қайта өңдеудi, өнiмнің өзіндiк құнын ұлғайтуды ұйымдастыру жөнінде инвесторлар үшін ынталандыру жағдайларын жасау есебiнен жетілдіру;
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын және 2003-2005 жылдарға арналған агроазық-түлiк бағдарламасын iске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындарын және ауылдың әлеуметтiк аясын дамытуды жеделдету;
инфрақұрылымның (жол, көлiк және коммуникация) озық дамуын қамтамасыз ету;
өз шикiзат ресурстарын қайта өңдеу саласында жаңа өндiрiстердi құру үшiн өңiрлерге тiкелей инвестицияларды тарту жөнiндегi жұмыстарды кеңейту;
тоқтап тұрған кәсiпорындардың жұмыстарын қайта қалпына келтiру есебiнен де, сол сияқты жаңа өндiрiстердi құру, шағын бизнестi дамыту есебiнен де жұмыс орындарын құру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру;
кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған өңiрлiк бағдарламаны iске асыру;
шағын қалаларды дамыту жөнінде, олардың экономикалық дамуына және халықтың өмiр сүру деңгейiн жақсартуға қол жеткiзуге бағытталған өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру.
Болжанатын нәтижелер
Өңiрлер арасында қалыптасып отырған айырмашылықтарды азайту, шаруашылық қызметi және халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыру үшін өңiрлерде тең жағдайлар жасау, мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi дәл бөлiсу, бюджеттiк қатынастар арасында тиімдi дәделдер құру.
12.4. Электрэнергиясы өндiрiсi және оны тасымалдауды дамыту
2003 жылы Қазақстан Республикасының энергетикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстанның ұлттық электр желілерiн қайта жаңғырту жобаларын iске асыру жалғасатын болады және "Солтүстiк-оңтүстiк" электр берiлiсi екiншi желiсiнiң құрылысы басталады.
Ресей рыногына электр энергиясын жеткiзе отырып Екiбастұз 2-ГРЭС-нің базасында қазақстан-ресей кәсiпорнын құру жөнiндегi жұмыстарды аяқтау көзделген.
Ұлттық электр желiсiн жаңғырту жобасын iске асыру шаралары жөнiнде Қазақстанның электр энергиясы рыногы мен қуатын одан әрi ырықтандыру үшiн 2002 жылғы кезеңде осы заманғы техникалық және көтерме электр энергиясы рыногы қызмет етуiнің ақпараттық базасы құрылады. Бәсекелес көтерме электр энергиясының қатысушылары споттық электр энергиясы саудасын өткiзу үшiн коммерциялық емес ұйым құрылады, электрмен қамтамасыз етудiң сапасы мен сенiмдiлiгiн арттыру үшiн электр энергиясының теңгерімдi рыногының тетiгi жасалатын болады.
Тариф саясатында тарифтi қалыптастырудың ашық қағидаты iске асырылады, инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету және негiзгi қорларды жаңарту, энергия сақтауды ынталандыру.
Энергетикалық кәсiпорындардың амортизациялық қорының жеткiліктi деңгейiн қалыптастыруға қадам жасалады.
2006 жылы электр энергиясын өндiру өсiмi 2003 жылға қарай 10,9%-ға күтiлiп отыр.
12.5. Көлiк пен байланысты дамыту
Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникациялық кешенi тұрақты жұмысымен және негiзгi көрсеткiштерiнің өсуiмен сипатталады. Азаматтық авиация, темiр жол көлiгi, автомобиль жолы, теңiзде сауда-саттық жүзуi саласындағы қызметтi реттеу жөнiндегi заңнамалық базаны қалыптастыру тұтастай алғанда аяқталады. Орта мерзiмдi кезеңге арналған салаларды дамыту бағдарламасы әзiрлендi және қабылданды.
Республикалық бюджет қаржылық қаражатының, оның iшiнде автомобиль жолдарын дамытуға арналған халықаралық қаржы институттарының қарыздарын тарту көлемi жыл сайын арттырылады, прогрессивтiк энергия өңдейтiн жаңа технология енгізіледі.
Тәуелсiз операторлардың инфрақұрылымына қол жеткiзудi ашқан темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау процесi басталды.
Сонымен бiрге кешендi тиiмдi дамытуды тежейтiн елеулi кедергi жылжымалы құрамның, кемелер мен жабдықтардың едәуір тозғандығы, инфрақұрылымның дамымай қалуы, бiлiктi кадрлардың тапшылығы болып табылады.
Мақсаттары мен мiндеттерi
2004-2006 жылдары көлiктiк-коммуникациялық кешеннің негiзгi мақсаты сыртқы рыноктарға шығуды және коммуникацияның оңтайлы желiсін қалыптастыруды қамтамасыз ететін транзиттік дәлiздердi дамыту болып табылады.
Көліктік-коммуникациялық кешеннің таяудағы 3 жыл кезеңдегi негiзгi міндеттерi мыналар болып табылады:
транзиттiк бағыттарды қалыптастыру және дамыту жолымен әлемдiк жүйеге интеграцияланған көліктік-коммуникациялық желіні оңтайлы құру;
қолданыстағы темiр және автомобиль жолдарын, су жолдарын, айлақтарды, әуе жайларды, аэронавигациялық кешендердi жаңғырту және қайта құру;
көлiктiң барлық түрлерi жылжымалы құрамның меншікті өндiрiстiк және жөндеу базасын дамыту;
почта байланысын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн құру;
көлiктік-коммуникациялық кешен мен басқару құрылымы жұмыс iстеуiнің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
республика аумағы арқылы жүктepдің транзиттік тасымалдануының өсуi;
ұлттық теңiз сауда флотын құру;
мемлекеттiк техникалық теңiз флотын жаңарту және жаңғырту;
осы заманғы авиациялық техникаға авиа тасымалдаушылардың қол жеткiзуiн ұлғайту;
телекоммуникациялардың ауылдық желiлерiн қалпына келтiру, дамыту және жаңғырту.
12.5.1. Автомобиль жолдарын дамыту
Қазақстан Республикасының автожолдары саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жалғастырылады.
Халықаралық көлiк желiсiне интеграциялануға ықпал ететiн халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ететiн бағыттарды дамыту басымдық алады, республиканың автомобиль жолдары желiсiн жаңғырту мен дамыту, сервис объектiлерін ұйымдастыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
2003 жылы "Алматы - Астана" автожолын оңалтуды, "Астана Бурабай" автомобиль жолын қайта құруды, Сырдария өзенi арқылы көпiрмен өту құрылысын аяқтау жоспарланған, Батыс Қазақстанның жолдарын оңалту және "Алматы - Бiшкек", "Yшарал - Достық" автомобиль жолдарын оңалту жөнiндегi iрi жобаларды icкe асыру басталды, "Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы" және Риддер - Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының құрылысы жалғасады.
"Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы" участогiн қоса алғанда, "Омбы - Майқапшағай", "Самара - Шымкент", "Астана - Қостанай - Челябинск" дәлiздерiнің неғұрлым бұзылған учаскелерiн, "Алматы - Астана - Петропавл", "Ақтау - Атырау" халықаралық дәлiздерін қалпына келтiру көзделген.
2006 жылдан бастап автожолдарды күрделi, орташа, ағымдағы жөндеудi және ұстауды қаржыландыру көлемi бекiтілген нормативтерге сәйкес деңгейге дейiн жеткiзу жоспарланған.
Таяудағы кезеңде саланың iрi жобаларын белгiленген мерзiмде және көзделген сапада iске асыруды қамтамасыз ету үшін инженерлiк-консультациялық ұйымдарды тартуды практикаға енгiзу белгiленген.
Барлық халықаралық дәлiздердi автомобиль жолдармен басқарудың желiлiк қағидатына көшу күтiлуде, бұл құралдарға қызмет көрсету мен олардың мақсатты пайдаланылуын неғұрлым тиімдi бақылауды қамтамасыз етуге мүмкiндік бередi.
Автомобиль жолдары құрылысының және оларды ұстаудың халықаралық стандарттарына Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып көшу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу жоспарланған.
12.5.2. Автомобиль көлiгін дамыту
Қазақстан Республикасының қолданыстағы автомобиль көлiгi саласындағы және отандық тасымалдаушының мүддесін білдіретін халықаралық келiсiмдер мен конференцияларға қосылуы жөнiндегi рәсімдердi аяқтау көзделген.
Автокөлiк құралдарына, қозғалыс қауiпсiздігіне, автомобиль көлiгi мен қоршаған орта қызметкерлерiнiң еңбегiн қорғауға қойылатын техникалық талаптар саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетілдіру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады.
12.5.3. Темiр жол көлiгін дамыту
Темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау бағдарламасының екiншi кезеңiн iске асыру көзделедi.
Темiр жол көлiгiнiң қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту және мемлекеттің транзиттiк дәлiздерiн одан әрi дамыту жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады. 2003 жылы "Алматы - Астана" желiсi бойынша жолаушылар поездарының жедел қозғалысы ұйымдастырылады. 2004 жылы "Хромтау Алтынсарин" жаңа темiр жол желiсiнің құрылысы негiзiнен аяқталады және поездардың жұмыс қозғалысы ашылатын болады.
2003-2006 жылдары "Екiбастұз - Павлодар" темiр учаскесiн электрлендiру көзделген, "Астана- Алматы", "Ақтоғай - Саяқ - Мойынты", "Бейнеу - Маңғышлақ" учаскелерiнiң қолданыстағы инфрақұрылымын осы заманғы жол техникасын қолдана отырып жаңғырту мен дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Жылжымалы құрамды оңалту және жаңғырту, зауыттық жөндеудің отандық базасын құру, жылжымалы құрамды кейiннен қалпына келтiру және жаңарту үшiн өндiрiстердегi локомотив және вагон жасау мен жаңа импорт алмастыратын өндiрiстердi құру жөніндегі шаралар iске асырылатын болады.
Тасымалдаудың қазiргi заманғы технологиясына көшу мақсатында темiр жолдарды техникалық қайта жарақтандыру, прогрессивтi ақпараттық басқару жүйелерiн енгiзу, жаңа pecуpc өңдейтiн технологияларды дамыту жалғастырылады.
Автоматтандырылған ақпараттық желiлердi оларды халықаралық ақпараттық көлiктiк желiге интеграциялай отырып одан әрi дамыту көзделедi.
12.5.4. Әуе көлiгiн дамыту
Қазақстан Республикасының Әуе кодексiнiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде Азаматтық авиацияны дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғастырылады.
Авиа тасымалдаушыларға жоғары талаптар қойылады, авиациялық қауiпсiздiкке, ұшулардың қауіпсiздiгiне мемлекеттiк бақылау қатайтылады, саланың нормативтiк құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
2004-2005 жылдары халықаралық әуежайлардың инфрақұрылымдарын халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады, Алматы қаласы халықаралық әуежайының құрылысын аяқтау көзделген. Әуе қозғалысын басқару және бақылау жөнiндегi негiзгi өндiрiстiк қуаттар одан әрi даму алады.
Мемлекеттiк лизинг жүйесi негiзiнде қызмет көрсетулер аясын кеңейту және жаңа рыноктарды жеңiп алу үшiн ұшақ паркiн жаңарту жөніндегі шаралар кешенiн iске асыру көзделген.
12.5.5. Аэроғарыштық қызмет саласында
Ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бiрлескен жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын сәйкес бiрқатар iс-шараларды iске асыру көзделген.
Осы бағдарлама шеңберінде мынадай инвестициялық жобаларды iске асыру көзделедi:
"Байланыс және тарату ұлттық геостанционарлық спутник жасау және ұшыру";
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан экологиялық таза тасымалдайтын-жаңа үлгідегi зымырандарды ұшыру кезiнде старт кешенiн құру және пайдалануға беру".
12.5.6. Су көлігін дамыту
Теңiздегi сыртқы сауда жүк тасымалдарында елдің қажеттілiгiн қамтамасыз ететiн толық көлемдегi ұлттық теңiз сауда флотын құру, айлақтың инфрақұрылымын дамыту көзделедi.
2004-2006 жылдары танкер, құрғақ жүк және көмекшi флоттарын құру, Қазақстан жалауы бар кемелердің халықаралық тасымалын қамтамасыз ету, Құрлықтағы (Маңғыстау облысы) кеме жөндеу базасын қоса алғанда, Түпқараған шығанағындағы және А. Бекович - Черкасск шығанағындағы айлақ инфрақұрылымының құрылысы жоспарланған. Каспий теңiзi қайраңының қазақстандық секторында Кеме қозғалысын басқару жүйесiн, сондай-ақ теңiз көлiгiнің ұлттық кадрларын даярлау мен қайта даярлау үшiн Теңiз оқу-жаттығу орталығын құру көзделген. 2006 жылдың аяғына қарай республиканың теңiз көлiгi 10 кеме болады деп есептеледi және олар 5 млн. тонна жүктi тасымалдауды қамтамасыз етедi. Ақтау теңiз сауда айлағының инфрақұрылымын одан әрi дамыту жалғастырылады.