2004 ж. 24 маусымда енгізілген өзгерістерге дейін қолданылған 18-тармақтың редакциясы
18. Комитеттiң төрағасы:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттің аумақтық органдары, құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiлiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтеді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қатынастарда Комитет атынан өкiлдiк етеді;
7) Комитет атынан келiсiмдер, шарттар және өзге де мәмiлелер жасасады;
8) заңнамаға сәйкес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға Комитет атынан талаптар және талап-арыз ұсыну туралы шешiмдер қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.