Қазақстан Республикасы нормативтік құқықытық актілерінің ресми мәтіндерін
кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі
Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әділет
министрінің 2002 ж. 22 қазандағы N 155 бұйрығы
(ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 144 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау мәселелерi бойынша заңдарды нақтылау мақсатында Бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi нұсқаулық;
2) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беруге өтiнiш нысаны бекiтiлсiн.
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық алуда құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Заң жобалау қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйелеу департаментіне жүктелсiн.
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. "Құқықтық ақпараттың республикалық орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және Құқықтық насихат, мемлекеттiк тiлдi дамыту және жұртшылықпен байланыс департаментi баспасөз басылымдарына берiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне сәйкестiгiне сараптама өткiзуде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Заң жобалау қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйелеу департаментіне көмек көрсетсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны "Официальный текст. Министерство юстиции Республики Казахстан" және "Ресми мәтiн. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген жазумен мөр дайындап және Нормативтiк құқықтық актілердi жүйелеу және жинақтау басқармасына берсiн.
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсiн.
6. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға
сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулықтың мақсаты Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің ресми мәтіндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру рәсiмiн нақтылау болып табылады.
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
2) сараптама - оның барысында баспа басылымдары ұсынатын нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң эталондық бақылау банкiнде сақталатын нормативтiк құқтық актiлердiң ресми мәтiндерiне сәйкестiгiн тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын рәсiм;
3) макет - кейiннен жариялауға жататын нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң алдын ала үлгiсi.
Макет ресми жарияланған нормативтiк құқықтық актiнiң нақты көшiрмесiн бiлдiредi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерi кейiннен жариялауға құқық алу үшiн қажеттi құжаттар пакетi түскенде, уәкiлеттi органмен олардың толықтығы және шынайылығы тексеріледi.
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Белгiленген тәртiпте ұсынылған қажеттi құжаттар пакетi сараптама өткiзуге қабылданады.
Нормативтiк құқтық актілердiң ресми мәтiндерi кейiннен жариялауға құқық алу үшін барлық қажеттi құжаттар Заң жобалау қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйелеу департаментіне (бұдан әрі - Департамент) тапсырылады.
2-тарау. Сараптама жүргiзу тәртiбi
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Сараптама Департамент қызметкерлерiмен ұсынылған макеттердi эталондық бақылау банкiнде сақталатын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқтық актiлердiң ресми мәтiндерiмен салыстыру жолымен жүргiзiледi.
5. Салыстыру грамматикалық және орфографиялық қателердi анықтау мәнiне жүргiзiледі.
6. Әдiлет органдарында тiркелген орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердiң ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға құқық алуға өтініш берген кезде макет нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің мәтiнiмен салыстырылады.
7. Сараптама уәкілеттi органға барлық қажеттi құжаттарды ұсынған кезден бастап 30 күн iшiнде жүргiзiледi.
3-тарау. Құқық беру
8. Оң қорытынды болған кезде баспа басылымы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық алады.
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға құқық беру туралы шешім жетекшілік ететін вице-министр қорытындыны бекіткеннен кейін тиісті мөртаңба (2-қосымшаға сәйкес) қою арқылы ресімделеді. Мөртаңбаны Ішкі әкімшілік департаментінің директоры қояды.
Кейiннен жариялауға құқық берiлетiн макеттiң мәтiнiнiң бiрiншi парағының оң жақ жоғарғы бұрышында мемлекеттiк тiлде мәтiнде - "Ресми мәтiн. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi", орыс тiлiндегi мәтiнде - "Официальный текст. Министерство юстиции Республики Казахстан" жазулармен көк түстi мөртаңба қойылады. Мөртаңба Ішкі әкімшілік департаментінде сақталады.
10. Кейiннен жариялауға құқық берiлген нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi жолдама хатпен тиiсiнше баспа басылымына жолданады немесе баспа басылымының заңға сәйкес уәкiлеттi адамына әдейi берiледi.
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Баспа басылымының құрылтай құжаттарының көшiрмелерi мен макеттiң көшiрмесi Департаментте қалады.
4-тарау. Keйіннен жариялауға құқық беруден
бас тарту
12. Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық беруден баспа басылымының теріс қорытындысы болғанда бас тартылады.
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық беруден бас тарту туралы шешiм бас тарту дәлелдi себептерiмен жазбаша нысанда баяндалады, баспа басылымы құрылтайшы құжаттарының көшiрмесiмен және баспа басылымының макеттерiмен бiрге жiберiледi, макет көшірмесi Департаментте қалады. Сонымен бiрге макетке мөртаңба қойылмайды.
5-тарау. Нормативтік құқтық актiлердiң мәтiндерiн
есепке алу
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
14. Департаментте мәтiндерiне Нормативтік құқтық актiлердiң және баспа басылымдарының олардың кейіннен жариялауға құқық алушы мәтіндеріне есеп жүргiзiледi.
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15. Есеп 1-қосымшаға сәйкес нысанда жүргiзiлетін нормативтiк құқтық актілердiң ресми мәтiндерiн кейіннен жариялауға құқықтарды есепке алу кiтабына жазба енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
6-тарау. Қорытынды ереже
16. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте шешiледi.
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Сараптама жүргiзiлудiң дұрыстығы мен шынайылығына Департамент директоры немесе оны алмастыратын адам жауапкершiлiкте болады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға құқық алуға
ӨТIНIШ
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 30-бабы мен "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 тамыздағы N 938
қаулысының___________________________________________________________________
(баспасөз басылымдарының атауы)
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнен Қосымшаға сәйкес
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiсiнiң(лерiнiң) ресми
мәтiнiн(дерiн) кейiннен жариялауға құқық берудi сұрайды.
- Өзге де мәлiметтер:_________________________________________
____________________________________________________________________
(баспасөз басылымының орналасқан жерi мен өзге де деректемелерi)
Баспасөз басылымы басшысының қолы_____________________________
"____"____________200__ жылы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен
бекітілген,
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің ресми мәтіндерін
кейін жариялауға сараптама
өткізу және құқық беру
жөніндегі Нұсқаулығына
1-Қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін
кейіннен жариялауға құқықтарды есепке алу
кітабы
N | Баспасөз басылымының атауы | Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі | | Кейіннен жариялауға құқық берілген күні | |
| | | | | |
ҚР Әділет министрінің 05.09.03 ж. N 182 бұйрығымен 2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің ресми мәтіндерін
кейіннен жариялауға
сараптама өткізу және
құқық беру жөніндегі
Нұсқаулығына
2-қосымша
РЕСМИ МӘТІН Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
Официальный текст. Министерство юстиции Республики Казахстан |