8) өз құзыретiнiң шектерiнде және заңнамаға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру;
9) дербес және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимылда кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, кеден инфрақұрылымы объектілерiнiң күзет жүйесiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының аумағындағы кеден шекарасын күзету;
10) сыртқы сауданың кеден статистикасын ұйымдастыру және жүргiзу, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру үшiн Маңғыстау облысы бойынша КБ-ға бастапқы деректердi ұсыну заңнамада белгiленген тәртiппен арнайы кеден статистикасын жүргізy;
11) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiмен келiсiм бойынша шет мемлекеттердiң кеден және кеден iсi мәселелерiмен айналысатын өзге де құзыреттi органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
12) Кеденде кадрларды iрiктеу, орналастыру, олардың кәсiби даярлығы жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу;
13) кеден инфрақұрылымының құрылысын жобалау мен оны қайта жаңғыртуды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу;
14) Кеден қызметкерлерi үшiн қажеттi еңбек жағдайларын жасау, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн жетілдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
16) Кеденнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларды кеден iсi мәселелерi бойынша хабардар ету, өз құзыретiнiң шеңберiнде азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерiн уақытылы және байыпты қарау, мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасауды туғызатын себептердi жою жөнiнде шаралар қабылдау;
17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды орындау болып табылады.
11. Кеденнiң өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруы кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
2) өз құзыретiнiң шектерiнде кеден ережелерiн бұзу туралы iстердi қарауға және жүргiзуге қабылдауға не оларды қарау үшiн ведомстволық бағыныстылығы бойынша беруге;
3) өз құзыретiнiң шектерiнде мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерiнiң лауазымды адамдарымен және азаматтарымен өзара iс-қимыл жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтық өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Кеденнiң қызметiн ұйымдастыру
12. Кеден жұмысты Маңғыстау облысы бойынша КБ-ның құрылымдық бөлiмшелерiмен, Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарымен өзара iс-қимылда ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде ұйымдастырады.
13. Кеден өзiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.
14. Кедендi Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
15. Кеден бастығының Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
16. Кеден бастығы Кеденнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
17. Кеденнiң бастығы осы мақсаттарда:
1) Кеденнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады;
2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Кедендi бiлдiредi;
3) өзiнiң орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өкілеттiктерi мен мiндеттерiн белгілейдi;
4) заңнамаға және лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Кеденнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) өз құзыреті шектерiнде бұйрықтарға қол қояды;
6) Кеденнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi және лауазымды адамдардың функционалдық мiндеттерiн бекiтедi;
7) заңнамада белгiленген тәртiппен қызметкерлерге қатысты көтермелеу шараларын қолданады, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады, Кеденнiң лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беру туралы Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiне ұсыныстар енгiзедi;
8) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiне Кеденнiң құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар енгiзеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Кеденнің мүлкі
18. Кеденнiң өзiне жедел басқару құқығымен берiлген оқшауланған мүлкi болады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Кеденнiң теңгерімінде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады.
19. Кеденге бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
20. Кеденнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Кеденге заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртiппен мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
5. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 24 маусымдағы
N 688 қаулысымен
бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. N 357 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау
агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi (бұдан әрi - Кеден) кеден органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және өз құзыретiнiң шектерiнде Шығыс Қазақстан облысының аумағында кеден iсiне басшылықты жүзеге асырады.
2. Кеден Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасына (бұдан әрi - Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ) есеп бередi және оның бақылауында болады және өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кедендi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен және шектерiнде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. N 357 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Кеденнiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимиттерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң басшысы белгiлейдi.
5. Кеден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады.
6. Кеденнiң толық атауы - Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Кеденнiң орналасқан жерi:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 7/2.
8. Осы Ереже Кеденнiң құрылтай құжаты болып табылады.
2. Кеденнiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Кеденнiң негiзгi мiндеттерi:
1) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және экономикалық мүдделерiн қорғау;
2) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ-ның аумағында орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген бiрыңғай кеден саясатының сақталуын қамтамасыз ету;
3) кеден iсiн ұйымдастыру және жетiлдiру;
4) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу болып табылады.
10. Кеденнiң негiзгi функциялары:
1) республикалық бюджетке алу кеден органдарына жүктелген кеден төлемдерi мен салықтарының уақытылы және толық енгiзілуін қамтамасыз ету;
2) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтуiнiң рұқсат етілетін тәртiбiн жүзеге асыру;
3) кеден iсiнiң жай-күйі мен дамуы жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу;
4) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік бақылау мен ресiмдеудi жүзеге асыру, оларды жетілдiруге шаралар қабылдау;
5) кеден ережелерiнiң бұзылуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) дербес және өзге де құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылда кеден заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестi жүзеге асыру, бiрлескен операциялар жүргiзу, ынтымақтастық мәселелерi бойынша бiрлескен құжаттар дайындау;
7) мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны, жануарларды, өсiмдiктердi қорғау, әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
8) өз құзыретiнiң шектерiнде және заңнамаға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру;
9) дербес және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимылда кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, кеден инфрақұрылымы объектілерiнiң күзет жүйесiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы кеден шекарасын күзету;
10) сыртқы сауданың кеден статистикасын ұйымдастыру және жүргiзу, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру үшiн Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ-ға бастапқы деректердi ұсыну заңнамада белгiленген тәртiппен арнайы кеден статистикасын жүргізy;
11) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiмен келiсiм бойынша шет мемлекеттердiң кеден iсi мәселелерiмен айналысатын кеден және өзге де құзыреттi органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
12) Кеденде кадрларды iрiктеу, орналастыру, олардың кәсiби даярлығы жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу;
13) кеден инфрақұрылымының құрылысын жобалау мен оны қайта жаңғыртуды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу;
14) Кеден қызметкерлерi үшiн қажеттi еңбек жағдайларын жасау, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн жетілдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
16) Кеденнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларды кеден iсi мәселелерi бойынша хабардар ету, өз құзыретiнiң шеңберiнде азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерiн уақытылы және байыпты қарау, мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасауды туғызатын себептердi жою жөнiнде шаралар қабылдау;
17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды орындау болып табылады.
11. Кеденнiң өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруы кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
2) өз құзыретiнiң шектерiнде кеден ережелерiн бұзу туралы iстердi қарауға және жүргiзуге қабылдауға не оларды қарау үшiн ведомстволық бағыныстылығы бойынша беруге;
3) өз құзыретiнiң шектерiнде мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерiнiң лауазымды адамдарымен және азаматтарымен өзара iс-қимыл жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтық өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Кеденнiң қызметiн ұйымдастыру
12. Кеден жұмысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ-ның құрылымдық бөлiмшелерiмен, Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарымен өзара iс-қимылда ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде ұйымдастырады.
13. Кеден өзiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.
14. Кедендi Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
15. Кеден бастығының Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
16. Кеден бастығы Кеденнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
17. Кеденнiң бастығы осы мақсаттарда:
1) Кеденнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады;
2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Кедендi бiлдiредi;
3) өзiнiң орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өкілеттiктерi мен мiндеттерiн белгілейдi;
4) заңнамаға және лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Кеденнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) өз құзыреті шектерiнде бұйрықтарға қол қояды;
6) Кеденнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi және лауазымды адамдардың функционалдық мiндеттерiн бекiтедi;
7) заңнамада белгiленген тәртiппен қызметкерлерге қатысты көтермелеу шараларын қолданады, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады, Кеденнiң лауазымды адамдарына арнайы атақтар беру туралы Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiне ұсыныстар енгiзедi;