Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 429 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.01.04 ж. N 459 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 8 қыркүйектегі N 942 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн:
1) аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары;
2) балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары;
3) өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары.
2. "Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарларды 1998-2002 жылдары шектеулi алудың мүмкiндiктерiн зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 14 қазандағы N 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 36, 329-құжат) мынадай толықтыру енгізiлсiн:
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жануарларды аулағаны үшiн төлем ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi, бiр дарағы үшiн теңгемен:
арқар - 900000;
үстiрт арқары - 500000;
қарақұйрық - 38000".
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысымен
бекiтiлген
Аңшылық объектілерi болып табылатын жануарлар түрлерiн
пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары
Р/с N | Жабайы жануарлардың түрлерi | Төлем ставкалары, бiр дарағы үшiн теңгемен |
Кәсiпшілік аулау | Әуесқойлықжәне спорттық аулау |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары кәсiпшілік, әуесқойлық және спорттық аулаған кезде |
1. Сүт қоректiлер |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | Бұлан (аталығы) 18500 Бұлан (ұрғашысы) 12500 Бұлан (ұшары) 5000 Марал (аталығы) 15000 Марал (ұрғашысы) 7500 Марал (ұшары) 3000 Аскания бұғысы (аталығы) 10000 Аскания бұғысы (ұрғашысы) 5500 Аскания бұғысы (ұшары) 3000 Елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, аталығы) 4000 Елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, ұшары) 3000 Елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, аталығы) 2000 Елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, ұшары) 1500 Сiбiр тау ешкiсi (аталығы) 4000 Сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, ұшары) 3500 Құдыр 1500 Қабан (аталығы) 4000 Қабан (ұрғашысы, ұшары) 3000 Киiк (аталығы) 1300 2700 Киiк (ұрғашысы, ұшары) 800 1800 Қоңыр аю (Тяньшань аюынан басқасы) 16000 Құндыз, кәмшат (орта азиялығынан басқасы) 1000 Бұлғын 1800 Суырлар (Мензбир суырынан басқасы) 70 Су тышқан 50 Борсық, түлкi 100 200 Қарсақ 50 100 Американ су күзенi 120 250 Сiлеусiн (түркiстандықтан басқасы) 500 Қояндар (құм қоян, ор қоян, ақ қоян) 10 50 Жанат тәрiздi ит, жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, тиiн 20 Зорман 15 |
2. Құстар |
33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 | Маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы) 15 30 Саңырау құр 150 Құр 60 Гималай ұлары 200 Қырғауыл 20 70 Қаздар (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз 20 50 Yйректер (отүйрек, сарыалақаз, барылдауық, ысылдақ шүрегей, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылбас сүңгуiр, көк сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, айдарсыз сүңгуiр, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтес бейнарық, бейнарық) 10 20 Қасқалдақ 5 10 Қызғыш 5 10 Шiлдер (аққұр, тундра аққұры, дала шілі, шiл, сақалды), кекiлiк, сұр құр 5 10 Кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептерлер (кәдiмгi түркептер, үлкен түркептер) 5 10 Шалшықшылар (күжiркей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, ауылдық тауқұдiретi, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ) 5 10 Бөдене 3 8 |
2. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер үшiн әуесқойлық және спорттық аулау кезiнде* |
1. Сүт қоректiлер |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 | |
2. Құстар |
25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 | Саңырау құр (көктемде) 23000 Саңырау құр (күзде) 7000 Құр (көктемде) 15000 Құр (күзде) 3000 Қаздар (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз 1000 Үйректер (отүйрек, сарыалақаз, барылдауық, ысылдақ шүрегей, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылбас сүңгуір, көк сүңгуір, айдарлы сүңгуір, айдарсыз сүңгуiр, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтес бейнарық, бейнарық) 350 Қырғауыл 1000 Гималай ұлары 7500 Шiлдер (аққұр, тундра аққұры, дала шiлi, шiл, сақалды), кекiлiк, сұр құр 350 Бөдене 300 |
* Қызмет көрсету ақысы есептелместен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысымен
бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 23.01.04 ж. N 459 қаулысымен жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Балық аулау объектілерi болып табылатын жануарлар түрлерiн
пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары
Рет N | Су жануарлары | Төлем ставкалары, бiр килограмм үшiн теңгемен |
1 2 3 |
1. Кәсiпшілiк және ғылыми мақсатта |
1 | Бекiре балықтар | 90 |
2 | Майшабақтар (қарынсау, бражников, қара жон) | 50 |
3 | Құбылмалы бахтах | 50 |
4 | Майқан | 50 |
5 | Ақсаха балықтар (көкшұбар, көкшарбы, пайда, шыр, мұқсын) | 50 |
6 | Хариусы | 50 |
7 | Қылышбалық | 50 |
8 | Тiкендi балық | 50 |
9 | Буффало | 50 |
10 | Ақ амур | 50 |
11 | Ақмарқа | 50 |
12 | Шармай | 50 |
13 | Сазан, тұқы | 50 |
14 | Көксерке | 50 |
15 | Берiш | 50 |
16 | Дөңмаңдай | 50 |
17 | | 25 |
18 | Шортан | 20 |
19 | Тұрпа балық | 20 |
20 | Май балық | 20 |
21 | Қызылкөз | 20 |
22 | Көкбас | 20 |
23 | Жыланбас балық | 20 |
24 | Түйетабан | 20 |
25 | Жайын | 20 |
26 | Нәлiм | 10 |
27 | Шабақ | 5 |
28 | Табан (балқаш және алакөл популяциясынан басқасы) | 5 |
29 | Итбалық | 2250 (бiр дарағы үшiн) |
30 | Ұзын саусақты шаян (түркiстандық түрiнен баcқасы) 50 |
Ұсақ шағын балықтар |
31 | Балқаш және алакөл табаны | 2,5 |
32 | Торта | 10 |
33 | Онғақ | 10 |
34 | Аққайран | 10 |
35 | Мөңке | 10 |
36 | Алабұға (балқаш-іле популяциясынан басқасы) | 10 |
37 | Кәдiмгi және таластық тарақ балық | 10 |
38 | Қызыл қанат | 10 |
39 | Балпан балық | 10 |
40 | Бiлеу балық | 10 |
41 | Айнакөз | 10 |
42 | Көктран | 10 |
2. Балықты қайтарып алу және "ұстау-қоя беру" қағидаты негiзiнде спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулау кезiнде |
1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, балықтарды қайтарып ала отырып |
1 | Қортпа | 7500 бiр дарағы үшiн |
2 | Бекiре балықтары | 1875 бiр дарағы үшiн |
3 | Iрi шағын балықтар | 60 |
4 | Ақсаха және албырт балықтар | 155 |
5 | Шортан, мөңке ұсақ шағын балықтар | 40 |
6 | Шаян | 15 (бiр дарағы үшiн) |
2. Шетелдiк азаматтар үшiн, балықтарды қайтарып ала отырып |
1 | Iрi шағын балықтар | 625 |
2 | Қортпа | 61875 бiр дарағы үшiн |
3 | Бекiре балықтары | 15470 бiр дарағы үшiн |
4 | Ақсаха және албырт балықтар | 1125 |
5 | Шортан, мөңке ұсақ шағын балықтар | 375 |
3. Шетелдiк азаматтар үшін, "ұстау-қоя беру" қағидаты негізiнде |
1 | Iрi шағын балықтар | 125 |
2 | Бекiре балықтары | 5813 бiр дарағы үшiн |
3 | Ақсаха және албырт балықтар | 325 |
4 | Шортан, мөңке ұсақ шағын балықтар | 80 |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысымен
бекiтiлген
Өзге шаруашылық мақсаттарда
(аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын
жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары
Рет N | Жануарлардың түрлерi | Төлем ставкалары,теңгемен |
әрбiр дарағы үшін | әрбiр килограмы үшiн |
1 | 2 | 3 | 4 |
Сүт қоректiлер |
1 2 | Шұбар немесе дала мысығы 30 Қарақас 15 | |
Құстар |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 | | |
Бауырымен жорғалаушылар |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 | Орта Азия тасбақасы 20 Саз тасбақасы 20 Ешкіемер 10 Бат-бат кесiртке 10 Жұмырбас құм кесiртке 10 Сығыркөз 10 Бозша жылан 50 Өрнектi қарашұбар жылан 40 Шығыс құм жыланы 40 Құм жылан 40 Көлбақа 5 | |
Су омыртқасыз жануарлары |
1 2 3 4 5 | Салин артемиясы (цисталары) Гаммарус Сүлiктер Шашақ мұрт шаяндар Басқа су омыртқасыздары мен цисталары | 100 15 50 15 5 |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
кейбiр күші жойылған шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында жабайы аңдарды аулауына арналған бiрыңғай ең төменгi төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 688 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 204-құжат).
2. "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында су жануарларын кәсiпшілік пайдалану үшiн төлемдердiң ставкалары мен спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулау жүргiзуге арналған рұқсаттың құнын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 шiлдедегi N 711 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 210-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды аулауына арналған бiрыңғай ең төменгi төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 тамыздағы N 760 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 28, 234-құжат).