5) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссиялардың қызметiн, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын орындауын үйлестiрiп отыру;
6) нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда денсаулық сақтау органдарына жәрдем көрсету және көмектi көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету;
7) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
8) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы заңдардың қолданылу практикасын талдау мен қорыту және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгiзу;
9) өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында жұмыс iстеу үшiн мамандарды, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм адамдардың профилактикасы, оларды емдеудi, әлеуметтiк оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және үйлестiру;
10) құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
2004.20.12. N 13-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
2) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзу;
5) стратегиялар мен бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз eту;
6) қылмыстық жазаны атқару органдары мен мекемелерiнде заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;
7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;
8) зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру.
2. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары
Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
4) орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмияттарда мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
10) қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерiндегi төтенше оқиғалар жағдайларына қызметтiк тексерулер жүргiзуге, олардың себептерiн анықтау мен талдауға, мұндай жағдайлар болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
11) қылмыстық жазаларды атқару органдары мен мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзуге;
12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша анықтауды жүзеге асыруға, әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
13) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
14) Қазақстан Республикасының заң актілерiмен берiлген өзге де өкілеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары
және олардың құқықтық жағдайы
25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
Әдiлет органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк қызметшiлер болып табылады және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi мен өзге де ұйымдарының және анықтау қызметiнiң заң актiлерiне сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiн қоспағанда, оларға "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшi қолданылады.
26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
1. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерi мемлекеттiк билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметiнде iстейтiн немесе кадрлары болып табылатын адамдар қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi болып табылады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне олардың жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн белгiленген үлгiдегi куәлiктер мен жетондар берiледi.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң қызмет өткеру талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
27-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарының арнаулы атақтары және нысанды киiмi
1. Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мен анықтау қызметi қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, бiлiктiлiгiне және еңбек сiңiрген жылдарына сәйкес белгiленген тәртiппен мынадай арнаулы атақтар берiледi:
1) қатардағы құрам:
қатардағы әдiлет қызметкерi;
2) кiшi басшылық құрам:
әдiлет кiшi сержанты,
әдiлет сержанты,
әдiлет аға сержанты,
әдiлет старшинасы,
әдiлет прапорщигi,
әдiлет аға прапорщигi;
3) орта басшылық құрам:
әдiлет кiшi лейтенанты,
әдiлет лейтенанты,
әдiлет аға лейтенанты,
әдiлет капитаны;
4) аға басшылық құрам:
әдiлет майоры,
әдiлет подполковнигi,
әдiлет полковнигi;
5) жоғары басшылық құрам:
әдiлет генерал-майоры.
Қылмыстық атқару жүйесi қызметкерлерiне арнаулы атақтар беру тәртiбi заңдармен белгiленедi.
2. Арнаулы атақтар берiлген адамдар нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етiледi, оның үлгiлерi мен тиесiлi нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Арнаулы атақтары бар адамдардың лауазымдық айлықақыларына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қосымша ақы белгiленедi.
28-бап. Еңбектi құқықтық реттеу
Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, ал осы Заңмен және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен реттелмеген бөлiгiнде еңбек туралы заң актiлерiмен реттеледi.
29-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
1. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен бiрыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы демалыс берiледi.
3. Әдiлет органдарының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттiк қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
30-бап. Мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Осы Заңда көзделген жағдайлар мен тәртiпте жүктелген мiндеттердi орындау үшiн әдiлет органдары лауазымды адамдарының жекелеген санаттарының мәжбүрлеу шараларын, оның iшiнде арнаулы құралдарды, күш және атыс қаруын қолдануға құқығы бар.
2. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi мен анықтау қызметтерi қызметкерлерiнiң атыс қаруын және оқ-дәрiлердi алып жүру мен сақтауға құқығы бар.
31-бап. Арнаулы құралдар мен күш қолдану
1. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күш және арнаулы құралдарды, оның iшiнде күрестің жауынгерлік тәсілдерiн, қолкісендерді, резина таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, алдандырғыш әсерi бар жарық-дыбыстық құрылғыларды, үй-жайларды ашуға, көлiктi ерiксiз тоқтатуға арналған құрылғыларды, су атқылағыштарды, қызметтiк жануарларды, брондалған машиналар мен тiзбесiн Үкiмет анықтайтын басқа да арнаулы және көлiк құралдарын:
1) қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң, ұйымдарының және органдарының аумағындағы азаматтарға, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi мен қылмыстық-атқару жүйесiнде жұмыс iстейтiн өзге де адамдарға жасалған шабуылдарды тойтару;
2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктiң, түзеу мекемелерiнде жаза өтеудiң белгiленген тәртiбiн топтасып бұзушылықтың жолын кесу;
3) қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiне, ұйымдары мен органдарына тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшiн;
4) егер сотталғандар қашып кетуi мүмкiн деп санауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды айдап апару және күзету;
5) егер сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, елiре қарсылық көрсетсе, жаппай тәртiпсiздiкке, кепiлге адам алуға қатысса, азаматтарға шабуыл жасаса немесе өзге де осы секiлдi iс әрекеттер жасаса, оларды ұстау;
6) түзеу мекемелерiнен сотталғандардың қашуы немесе қашқындарын ұстау кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттердiң жолын кесу;
7) ұсталған және сотталған адамдардың айналасындағыларға немесе өзiне-өзi залал келтiруiн болдырмау;
8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiнiң заңмен жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына қасақана кедергі келтiретiн адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерiнің жолын кесу үшiн қолдануға құқығы бар.
2. Айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiндей шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, арнаулы құралдар мен тәсiлдердi әйелдерге, мүгедектiктiң белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қолдануға тыйым салынады.
32-бап. Атыс қаруын қолдану
1. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметтерiнiң қызметкерлерi атыс қаруын:
1) азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, нақ сондай кепiлге алынған адамдарды босату;
2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қылмыстық-атқару жүйесiнде жұмыс iстейтiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
3) қызметтiк жасаққа, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң үй-жайларына, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күзететiн объектiлерге шабуылды тойтару;
4) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау кезiнде қолға түсiп қалған, түзеу мекемелерiнен қашқан адамдарды, сотталғандарды ұстау;
5) егер жүргiзушi қылмыстық-атқару жүйесiнiң жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырушы қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса, көлiк құралдарын оларға зиян келтiре отырып тоқтату;
6) жануарлардың шабуылынан қорғану;
7) аттандап немесе көмекке шақырып дабыл қағу;
8) сондай-ақ барлық өзге де қажеттi қорғаныс пен аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн басып алған, не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
3. Әдiлет органының қызметкерi қару мен арнаулы құралдар қолданған жағдайларда, айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және жоғары тұрған әділет органдары мен прокурорға хабарлау үшін қажетті шараларды қолдануға міндетті.
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы
мен қызметінің өзге де мәселелері
33-бап. Әділет органдарын қаржыландыру, материалдық- техникалық қамтамасыз ету
Әділет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының