11-тармақ мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"қылмыстық жазалауды орындау;";
12-тармақта:
7) тармақшаның он сегізiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"әдiлет органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарды ұйымдық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы шегiнде әдiлет органдарын ұстауға арналған қаржы қаражатын бөлу;";
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) қылмыстық жазалауды орындау саласында:
қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру;";
19-тармақта:
үшiншi абзац "Министрлiктi," деген сөзден кейiн ", төрағаның орынбасарларын, соның iшiнде бiрiншi орынбасарды және Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнде айрықша жағдай режимiн енгiзедi;
орта және аға басшы құрамның бiрiншi арнайы атағы, сондай-ақ iшкi қызмет полковнигi атағын бередi;".
8. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 11, 100-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі туралы Ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацы "ведомстволары бар: Қылмыстық-атқару жүйесi," деген сөздер "ведомствосы бар -" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 12) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақтың 1) тармақшасындағы "қылмыстық жазалау" деген сөздердiң алдынан "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында жазаларын өтеп жатқан, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған адамдарға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың 3) тармақшасындағы "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң объектiлерi" деген сөздер "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторлары" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 мамырдағы N 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 196-құжат):
15-тармақтың төртiншi абзацы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын, "Iшкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлігінiң" деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақтың бесiншi абзацы "Iшкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. N 330 қаулысымен 10-тармақтың күші жойылды
10. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген 5-бөлiм:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Түзеу мекемелерi 11 682
Павлодар заң колледжi 218".
11. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 483 қаулысына:
тақырып және 1-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесiнде:
тақырып "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "криминалдық полиция" деген сөздерден кейiн "Күзетке алу орындары департаментi" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы және оның жедел iздестiру жұмысы, анықтау, қылмыстық-атқару инспекциясы, iшкi қауiпсiздiк қызметi, режим, қадағалау және күзет жөнiндегi орынбасарлары, ҚАЖ комитетi аумақтық органдарының бастықтары және олардың жедел iздестiру жұмысы, анықтау, iшкi қауiпсiздiк қызметi, режим, қадағалау және күзет жөнiндегі орынбасарлары, Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң және Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi аумақтық органдарының жедел басқармасы (бөлiмi, бөлiмшесi), режим, қадағалау және күзет басқармасы (бөлiмi, бөлiмшесi), "А" бөлiмшесiнiң, қылмыстық-атқару инспекциясы бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) бастықтары және бастықтарының орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға жедел уәкiл, аға жедел уәкiл, жедел уәкiл, кезекшi бөлiм бастығы, аға кезекшi-инспектор, кезекшi-инспектор.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жедел-iздестiру жұмысы, режим, қылмыстық жазалауды орындау жөнiндегi бастықтар мен олардың орынбасарлары, жедел және режимдiк бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң), режим және күзет бөлiмi бақылау қызметi бөлiмiнiң бастықтары мен бастықтардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға жедел уәкiлдер, аға жедел уәкiлдер, жедел уәкiлдер, аға анықтаушылар, анықтаушылар, бастықтардың көмекшi кезекшiлерi, бастықтардың кезекшi көмекшiлерiнiң орынбасарлары, жасақтар, нарядтар, қарауылдар бастықтары, корпус бойынша аға, аға бақылаушылар, бақылаушылар, аға инспекторлар, режим және күзет бөлiмiнiң инспекторлары, пост полицейлерi, жүргізушi қызметкерлер, кезекшi инспекторлар, түзету мекемелерiнiң, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, белгiлi бiр тұратын жерi жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлушiлердiң кезекшiлерi.".
12. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1006 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесi:
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi".
13. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан РеспубликасыYкiметiнiң 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 4-жолда:
"245" деген сан "417" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi 167";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі 829
бұдан басқа:
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi 1024 ".
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң
2001 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1755 қаулысына қосымша
1. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 668 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 21, 235-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1003-61 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қарашадағы N 1761 қаулысының 5-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 3 шiлдедегi N 907 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы.
5. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 қарашадағы N 1541 қаулысының 5-тармағы.