Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару
жүйесi комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 мамырдағы № 668 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 27.11.00 ж. № 1761; 03.07.01 ж. № 907;
28.11.01 ж. № 1541 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 тамыздағы № 1231 қаулысының ( Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 36, 340-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2000 жылғы
5 мамырдағы № 668
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі құзыретiнiң шегiнде атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ қылмыстық жазаны атқару саласында салааралық үйлестiрудi қамтамасыз ететiн ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде бұйрықтар түріндегі кесiмдер шығарады, нұсқаулар бередi.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
6. Комитеттiң облыстарда және Алматы қаласында өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететiн мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары болады.
7. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Манас көшесi, 4.
8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы ішкi iстер министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" мемлекеттік мекемесi.
9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен және заң кесiмдерiнде көзделген көздерден жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтердi жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтерден түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтары
11. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) жазаларды атқарушы мекемелер мен органдардың қылмыстық жазаларды атқару жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру және жетiлдiру;
2) қылмыс жасады деп күдiк бiлдiрiлгендер мен айыпталғандарды, оларға қатысты заңды күшiне енбеген айыптау үкімі шығарылған сотталғандарды қамауда ұстауды ұйымдастыру;
3) жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарда және тергеулiк оқшаулау орындарында құқық тәртібі мен заңдылықты, олардың аумағындағы қызметкерлердiң, лауазымды адамдардың және азаматтардың, сондай-ақ онда ұсталатын сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
4) Қылмыстық-атқару кодексiнде белгiленген сотталғандарды ұстау шарттары нормаларының орындалуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
5) сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;
6) сотталғандарға жалпы білім беру мен кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру;
7) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару жүйесiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету және оның шығыстарын бөлiнген қаржы мен лимиттердiң шегiнде қаржыландыруды ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесiнiң материалдық-техникалық базасы мен әлеуметтiк саласын дамыту және нығайту;
8) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
9) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға қылмыстарды анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға жәрдемдесу болып табылады.
12. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамаларына және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) соттардың үкiмдерiне, қаулыларына және айқындамаларына сәйкес сотталғандарды жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарға, тергеулiк оқшаулау орындарына орналастыруды ұйымдастырады, сотталғандардың құқықтарының, оларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудi және медициналық қызмет көрсету нормаларының сақталуын қамтамасыз етедi;
2) сотталғандарға қатысты соттар үкiмдерiнiң, қаулыларының және айқындамаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастырады, жазаны атқарушы мекемелер мен органдарда және тергеулiк оқшаулау орындарында режимдiк талаптардың орындалуын ұйымдастырады, сотталғандарды оқшаулауды және оларды қадағалауды қамтамасыз етедi;
3) сотталғандарды және қамауға алынғандарды жазаларды атқарушы мекемелер мен органдардан, сондай-ақ тергеулiк оқшаулау орындарынан басқаларына ауыстыруды жүзеге асырады;
4) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi мен органдарын күзетудi және сотталғандар мен қызметшiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi, iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдасқан қылмыскерлiктердi бейтараптандыруға және жолын кесуге байланысты мәселелердi шешедi;
5) қылмыстық-атқару жүйесіндегі жедел жағдайды тұрақты бақылауды жүзеге асырады;
6) рақымшылық және кешiрiм жасау кесiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
7) сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды атқару, жазаның осы түрiн өтеуден жалтарушы сотталғандарға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын уақтылы жүргiзу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
8) сотталғандарды жазаларды атқарушы мамандандырылған мекемелерге жiбередi, алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеудi қамтамасыз ету бөлiгiнде соттар үкiмдерiнiң уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 9) сотталғандарды босатуға даярлау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, жазалауды атқарушы мекемелер мен органдардың басқа да құқық қорғау органдарымен, атқарушы өкiмет және басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен сотталғандарды түзеудiң нәтижелерiн бекіту, оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
10) азық-түлiктi, заттай және интенданттық мүлiктi орталықтандырылған берудiң есебiнен бас бостандығынан айыру және алдын-ала күзетпен қамауда ұстау орындарында ұсталатын адамдарды тұрақты материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
12) түзеу мекемелерi мен органдары жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдар мен арыздарды қарайды;
13) қылмыстық-атқару жүйесiнде қызметiн жүзеге асыратын мекемелер мен органдарды да, мемлекеттік кәсiпорындарды да құру және тарату туралы ұсыныстар дайындайды;
14) қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органдарының жұмысын үйлестiредi, оларға методикалық көмек көрсетедi;
15) қылмыстық-атқару жүйесiнiң аумақтық басқару органдарын, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарды, тергеулiк оқшаулау органдарын тексередi;
16) төтенше жағдайлар кезiнде қызметтiк және жауынгерлiк мiндеттердi орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қажеттi күштерi мен құралдарын тартуды және олардың басқа құқық қорғау органдары және күш қолдану құрылымдарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жедел iс-қимылдардың жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
17) Комитеттiң кадрларын iрiктеу, орналастыру, оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жетiлдiредi, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi, оларды кәсiби даярлауды ұйымдастырады;
18) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiмен бiрлесiп сотталғандарды тасымалдауды жоспарлайды және жүзеге асырады, Арнайы вагондардың жүру кестесiнiң жиынтығын әзiрлейдi және бекiтедi, әскери, арнайы тасымалдауларды жедел басқаруды жүзеге асырады;
19) жазаларды атқарушы мекемелер мен тергеулiк оқшаулау орындарында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырады және ұйымдастырады, оны жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдайды, қылмыстарды анықтауда, алдын алуда, жолын кесуде және ашуда iшкi iстер органдарының жедел, тергеу және басқа да аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
20) жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарды, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық басқару органдарын, тергеулiк оқшаулау орындарын заңнамаларда белгiленген тәртiппен бөлiнген қаржы мен лимиттердiң, сондай-ақ басқа да заңды көздерден алынған қаражаттардың шегiнде қаржыландыруды жүзеге асырады;
21) қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қаржы, материалдық-техникалық ресурстардың ұтымды бөлiнуiн қамтамасыз етедi, олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, қылмыстық-атқару жүйесiнiң аумақтық басқару органдарымен бiрлесiп қылмыстық-атқару жүйесi мүлкiнiң тиiмдi пайдаланылуын және сақталуын бақылайды;
22) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту мен нығайтудың бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, олардың орындалуы жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
23) халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады, жүзеге асырады және үйлестiредi;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Комитетке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13. Комитеттiң өз құзыретiнiң шегiнде негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Өзiнiң аумақтық органдарына қатысты бақылау-билiк ету функцияларын орындауға;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын дайындауға;
4) төтенше оқиғалар жағдайларына қызметтiк тексерулер жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдауға;
5) жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарда ерекше жағдай режимiн енгiзуге;
6) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар өткiзуге;
7) соттарда талапкер және жауапкер болуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттiң мүлкi
14. Комитеттiң жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкi болады.
15. Комитеттiң мүлкі өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен айналымдық қаражаттардан, сондай-ақ құны дербес баланста көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
16. Комитеттiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.
18. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
19. Комитеттiң төрағасы осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiліктерiн айқындайды;
2) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiткен лауазымдардың номенклатураларына сәйкес кiшi басшы және қатардағы құрамның қызметкерлерiн, сондай-ақ Комитеттiң арнаулы шенi жоқ қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамаларда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейді, тәртiптiк жаза қолданады;
4) Комитеттiң аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
6) қолда бар қаржы ресурстары мен қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттерiне сүйене отырып, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар үшiн шығыстардың сметаларын бекiтедi;
7) белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қылмыстық атқару жүйесiне Комитеттi, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдарды, қылмыстық атқару жүйесiнiң аумақтың органдарын ұстауға бөлiнген, сондай-ақ басқа да заңды көздерден алынған қаражатқа билiк етедi;
8) белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн өзiнiң жазаларды атқарушы мекемелерi мен органдарына практикалық көмек көрсету үшiн және олардың қызметiне тексеру жүргiзу, басқа да қызметтiк мәселелердi шешу үшiн iссапарларға жiбередi;
9) Комитеттiң, сондай-ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдардың жеке құрамының арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады, олардың тәртiптi, заңдылықты және құпиялық режимiн сақтауын, қызметтiк және жауынгерлiк даярлығын қамтамасыз етедi;
10) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтiнiштердi қарайды, олар бойынша шешiм қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактiлерi бойынша қызметтiк тексеру жүргiзедi;
11) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды;
12) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Комитетi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
5 мамырдағы № 668
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
ҚР Үкіметінің 27.11.00 ж. № 1761; 03.07.01 ж. № 907; 28.11.01 ж. № 1541 қаулыларымен тізбе өзгерді
1. ЕЦ-166/4 мекемесі
2. ЕЦ-166/5 мекемесі
3. ЕЦ-166/10 мекемесі
4. ЕЦ-166/11 мекемесі
5. ЕЦ-166/13 мекемесі
6. ЕЦ-166/18 мекемесі
7. ЕЦ-166/20 мекемесі
8. ЕЦ-166/21 мекемесі
9. ЕЦ-166/22 мекемесі
10. ЕЦ-166/23 мекемесі
11. ЕЦ-166/24 мекемесі
12. ЕЦ-166/25 мекемесі
13. КА-168/1 мекемесі
14. КА-168/2 мекемесі
15. КА-168/3 мекемесі
16. КА-168/4 мекемесі
17. ЛА-155/1 мекемесі
18. ЛА-155/4 мекемесі
19. ЛА-155/6 мекемесі
20. ЛА-155/12 мекемесі
21. ЛА-155/13 мекемесі
22. ЛА-155/14 мекемесі
23. ЛА-155/16 мекемесі
24. ЛА-155/17 мекемесі
25. ІІБ ҚАЖБ-нің күзет бөлімі
26. УГ-157/1 мекемесі
27. УГ-157/9 мекемесі
28. УГ-157/10 мекемесі
29. ОВ-156/1 мекемесі
30. ОВ-156/2 мекемесі
31. ОВ-156/3 мекемесі
32. ОВ-156/6 мекемесі
33. ОВ-156/12 мекемесі
34. ОВ-156/13 мекемесі
35. ОВ-156/14 мекемесі
36. ОВ-156/15 мекемесі
37. ОВ-156/16 мекемесі
38. ОВ-156/17 мекемесі
39. ОВ-156/18 мекемесі
40. ОВ-156/19 мекемесі
41. ОВ-156/20 мекемесі
42. ЖД-158/1 мекемесі
43. ЖД-158/2 мекемесі
44. ЖД-158/5 мекемесі
45. РУ-170/1 мекемесі
46. РУ-170/2 мекемесі
47. РУ-170/3 мекемесі
48. АК-159/1 мекемесі
49. АК-159/5 мекемесі
50. АК-159/6 мекемесі
51. АК-159/7 мекемесі
52. АК-159/9 мекемесі
53. АК-159/11 мекемесі
54. АК-159/17 мекемесі
55. АК-159/18 мекемесі
56. АК-159/20 мекемесі
57. АК-159/21 мекемесі
58. АК-159/22 мекемесі
59. АК-159/24 мекемесі
60. ЗК-169/1 мекемесі
61. ЗК-169/4 мекемесі
62. УК-161/1 мекемесі
63. УК-161/2 мекемесі
64. УК-161/3 мекемесі
65. УК-161/4 мекемесі
66. УК-161/11 мекемесі
67. УК-161/12 мекемесі
68. ГМ-172/1 мекемесі
69. ГМ-172/6 мекемесі
70. ГМ-172/7 мекемесі
71. ГМ-172/8 мекемесі
72. АП-162/1 мекемесі
73. АП-162/2 мекемесі
74. АП-162/3 мекемесі
75. АП-162/4 мекемесі
76. АП-162/5 мекемесі
77. АП-162/10 мекемесі
78. ЕС-164/1 мекемесі
79. ЕС-164/3 мекемесі
80. ЕС-164/4 мекемесі
81. ЕС-164/6 мекемесі
82. ЕС-164/8 мекемесі
83. ЕС-164/9 мекемесі
84. ИЧ-167/1 мекемесі
85. ИЧ-167/2 мекемесі
86. ИЧ-167/3 мекемесі
87. ИЧ-167/9 мекемесі
88. ИЧ-167/10 мекемесі
89. ЕЦ-166/1 мекемесі
90. УЛ-154/4 мекемесі
91. ЛА-155/8 мекемесі
92. ЖД-158/4 мекемесі
94. ОВ -156/21 мекемесі
95. ОВ -156/22 мекемесі
96. ИЧ -167/11 мекемесі
97. ЛА -155/18 мекемесі
98. ЕЦ-166/26 мекемесі
99. ЖД-158/6 мекемесі