14. Есiрткi құралдардан, психотроптық заттардан және
прекурсорлардан тұратын өсiмдiктердi жинауға және дайындауға
қойылатын бiлiктiлiк талаптары
134. Жалпы ережелер.
Халықаралық конвенцияларға сәйкес Тiзiмге енгiзiлген жабайы өскен немесе өсiрiлген құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi жинауды және оларды тасымалдау мен сақтау үшiн дайындауды есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинау мен дайындау деп есептеген жөн.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинауға және дайындауға тек белгiленген квота шегiнде заңды тұлғаларға ғана рұқсат етiледi.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсімдiктердi жинау мен дайындау қызметтiң осы түрiне лицензия болған кезде тек ғылыми, оқу, және прекурсорлар қосымша медициналық мақсаттарға да пайдалану үшiн жүргiзiледi, лицензия беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсе отырып, белгiленген квота шегiнде Агенттiк белгiлейдi.
Бiр заңды тұлғаға берiлген лицензия басқа заңды тұлғаға онда осы қызмет түрiне лицензиясы болуына екендiгiне қарамастан берiлмейдi.
135. Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлардан тұратын өсiмдiктердi жинау мен дайындауға қойылатын талаптар.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинау мен дайындау ережелерiнiң орындалуын бақылау заңды тұлғалардың басшыларына жүктеледi.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинау мен дайындауға лицензия алу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнен келiсiм-хат;
2) бұл жұмыстар ғылыми және оқу мақсаттарында орындалған жағдайда Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiм-хат қажет.
Агенттiк БҰҰ конвенцияларымен көзделген лицензия беру үшiн қажеттi қосымша құжаттарды талап ете алады.
136. Сақталудың қамтамасыз етiлуiне қойылатын талаптар:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiк шикiзатын дайындау iшкi iстер органдары жанындағы Мемлекеттiк қызметтiк күзет бөлiмшелерiнiң күшiмен күзетiлетiн қарауындағы учаскелерде және үй-жайларда жүзеге асырылуға тиiс.
2) техникалық қуаттылық, оны дайындау кезеңiндегi күзет түрлерi (сыртқы күзет, алқапты күзету) және күзет, өрт құралдарымен және дабыл белгiлерiмен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес келуi тиiс;
3) өсiмдiктердi жинау және дайындау жүргiзiлетiн аумақты қоршау ҚР IIМ-нiң нормативтiк құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес келуi тиiс;
4) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi дайындауға арналған тұрақты өндiрiстiк үй-жайларда жеке желдету жүйесi, су құбыры, кәрiз, салқындатқыш, санитариялық-тұрмыстық үй-жай болуы тиiс.
137. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлға тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күнi белгiленген нысан бойынша лицензиар органға Айналым туралы есептi (4-қосымша) тоқсан сайын, табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың мөлшерi мен жай-күйiнiң кез-келген өзгерiстерi нөмiрленген, бауланған, лицензиар органның жауапты адамының мөрi және қолы қойылып бекiтiлген арнаулы журналға тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бiр жыл мерзiмге жасалады және оған соңғы жазба түскен күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлға өзiнiң иелiгiндегi есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың жәй-күйiне әр айдың бiрi күнi мүкәммал жүргiзуге мiндеттi. Нақты мөлшерi кiтаптағы қалдық деректермен салыстырылады және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкессiздiгi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi.
Есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың барлық кiрiс және шығысы бойынша құжаттары осы құжаттамалардың (шот-фактураның, жөнелтпе құжаттың, сенiм хаттың және басқаларының) толық сақталу кепiлдiгi жағдайында олардың сақталуына жауапты адамда болуы тиiс.
138. Қызметкер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуына бақылаудың жүзеге асырылуына жеке жауапты болады;
2) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi ұйымның бұйрығымен бекiтiледi және тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн аумақтық iшкi iстер органымен келiсiледi;
3) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсатты тек нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдiк ауруы жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында қауiптілігi жоғары көздермен байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың болмауы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы бар адамдар ғана алуы тиiс.
139. Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинау және дайындау жүргiзiлетiн ұйымдардың учаскелерi мен үй-жайларына бөгде адамдардың кiруiне рұқсат етiлмейдi.
140. Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинау және дайындау кезiнде пайдаланылатын жабдықтарға қойылатын талаптар:
Өндiрiс жабдықтары мен процесi технологиялық регламентке, жабдықтарды пайдаланудың техникалық шарттары мен паспортына сәйкес келуi, сондай-ақ есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың және олардан алынған дайын өнiмдердiң сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.
141. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинаумен және дайындаумен айналысатын ұйымдарда есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызметтiң түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинақтамасы пайдаланылуы және болуы тиiс.
15. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды
сатып алуға қойылатын біліктілік талаптары
142. Жалпы ережелер.
Өнiмдердi сатып алу немесе басқа тауарларға немесе өнімге алмастырып алу (яғни, бартер) сатып алу болып табылады.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатып алуды есірткі құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет түрлерiнiң бiрiне лицензиясы бар заңды тұлғалар, сондай-ақ есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық, мал дәрiгерлiк мақсаттарда, сараптамалық және криминалистiк қызметте (ҚР ӘМ, ҚР ҰҚК сараптамалық бөлiмшелерi, денсаулық сақтау органдары және ҚР IIМ криминалистiк бөлiмшелерi) және жедел-iздестiру қызметiнде пайдаланушы ұйымдар жүзеге асырады.
143. Пайдаланушы ұйымдардың, көтерме сауда (дәрiхана қоймалары, химиялық реактивтер және басқаларын сататын дүкендер) және бөлшек сауда (дәрiханалар, дәрiханалық, оның iшiнде мал дәрiгерлiк, медициналық пункттер) кәсiпорындарының, есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауды, әкелудi және әкетудi жүзеге асыратын кәсiпорында есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды тек есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы тиiстi қызмет құқығына лицензиясы бар заңды тұлғалардан сатып алуға құқығы бар.
144. Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаның есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды тиiстi ведомстволар белгiлеген тiзбе және бекiтiлген нормативтер негiзiнде сатып алуға құқығы бар.
145. Есiрткi құралдарды және психотроптық заттарды сатып алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен ережелерге сәйкес жеке тұлғалар белгiлейдi.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатып алу қызметтiң бастапқы түрi болып табылатындықтан, қызметтiң негiзгi түрiне әзiрленген бiлiктiлiк талаптар толық көлемде осы кiшi түрге де (сатып алуға) қатысты болады.
Бiр заңды тұлғаға берiлген лицензия басқа заңды тұлғаға онда қызметтiң осы түрiне лицензиясының болуына қарамастан берiлмеуi тиiс.
146. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар немесе прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлға есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күнi белгiленген нысан бойынша Айналым туралы есеп (4-қосымша) тоқсан сайын, беруге міндеттi;
2) Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың мөлшерiнiң, жәй-күйiнiң өзгеруiмен байланысты кез келген операция нөмірленіп, бауланып, лицензиар орган жауапты адамының мөрi және қолы қойылып бекiтiлген арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бiр жыл мерзiмге жасалады және оған соңғы жазба жазылған күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар өздерiнiң иелігiндегi есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың жәй-күйi бойынша әр айдың бiрi күнгi түгендеу жүргiзуге міндеттi. Нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен салыстырылады және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкессiздiгi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi.
Есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың барлық кiрiс және шығысы бойынша барлық құжаттар осы құжаттамалардың (шот-фактуралардың, жөнелтпе құжаттың, сенiмхаттың және басқаларының) толық сақталу кепiлдiгi жағдайында оларды сақтауға жауапты адамда болуы тиiс.
147. Қызметкер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуына бақылаудың жүзеге асырылуына жеке жауапты болады;
2) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн аумақтық iшкi iстер органымен келiсiледi;
3) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсатты тек нашақорлық, уытқұмарлық созылмалы маскүнемдiк ауруы жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында қауiптiлiгi жоғары көздерде кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың болмауы туралы оларға қатысты психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы бар адамдар ғана алуы тиiс.
148. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарда есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызмет түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттар кестесi болуы және пайдаланылуы тиiс.
16. Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және
прекурсорларды жөнелту тәртiбiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
149. Жалпы ережелер.
Жөнелту - есiрткi құралдардан, психотроптық заттардан және прекурсорлардан тұратын жабық жөнелтiлiмдердi (орамдарды, бағалы, өте бағалы арнаулы жүктердi) қабылдаумен, тасымалдаумен және жеткiзумен байланысты жұмыстардың жиынтығы.
Жөнелту, сондай-ақ осыған қажеттi құжаттарды ресiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен, "Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды жөнелту тәртiбi туралы" Республикалық арнаулы байланыс қызметiнiң нұсқаулығымен реттеледi.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына жөнелту құқығы заңды тұлғаларға олар есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы тиісті лицензияларды алғаннан кейiн берiледi.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды пошталық, оның iшiнде халықаралық жөнелтiлiмдермен жiберуге тыйым салынады.
150. Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды жөнелту тәртiбi.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтiлiмдердi жөнелту үшiн:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтiң тиiстi түрiне заңды тұлғаның лицензиясы болуы;
2) заңды тұлғаның (жөнелтушiнiң) және жөнелтілiмдердi жөнелтудi жүзеге асыратын уәкілеттi органның есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтiлiмдердi қабылдаудың, тасымалдау мен жеткiзудiң талаптары көрсетiлген шарты қажет.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтiлiмдердi қабылдау оралған және мөрленген (пломбыланған), қол сұғылмайтындай, бiрiншi басшы жасаған және қол қойған тiзiлiм бойынша және заңды тұлғаның мөрi басылған күйде жүргiзiледi.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтiлiмдердiң әрбiр тапсырылған топтары тiзiлiмiне жөнелтiлетiн заттардың жүкқұжаты және заңды тұлғаның жөнелтушi қол қойған және мөр басылған жөнелтiлiм жiберiлетiн мекен-жайға есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң тиiстi түрiне лицензиясының көшiрмесi қоса тiркеледi.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауды және уақытша сақтауды жөнелтудi жүзеге асырушы ҚР IIМ, санитариялық және техникалық қадағалау, өрт қауіпсіздігі органдары қойған талаптарға сәйкес қауіпсіздік пен бақылау шараларын сақтай отырып, арнайы оқшауланған, күзетілетін үй-жайларда жүргiзiледi.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтiлiмдердi тасымалдау өте құнды жөнелтiлiмдердi тасымалдау мен жеткiзудiң шарттары сақтала отырып, арнаулы темiржол вагондарымен, әуе көлiгiмен және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар жөнелтiлiмдерiн алу тек бұған уәкiлеттi адамның, бiрiншi басшының қолы қойылып және жөнелтушiнiң мөрi басылып расталған сенiмхаты бойынша жүзеге асырылады.
151. Қызметкер:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтiлiмдердi жөнелту жөнiндегi операциялар есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы күзет қызметiне IIМ органдарының рұқсаты бар күзет қызметiнiң iлесiп жүруi арқылы жүзеге асырылады;
2) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмысқа рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн аумақтық iшкi iстер органымен келiсiледi;
3) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсатты тек нашақорлық, уытқұмарлық және созылмалы маскүнемдiк ауруы жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында қауiптiлiгi жоғары көздермен байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың болмауы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы бар адамдар ғана алуы тиiс;
4) жөнелтiлiмдi жөнелтуге әзiрлеуге есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлары бар заңды тұлғалар жауапты болады;
5) жөнелту ережесiн, оның iшiнде есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жүктердiң сақталуына жөнелтудi жүзеге асыратын орган жауапты болады.
152. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жөнелтудi жүзеге асыратын ұйымдар есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинақтамасын пайдалануы және болуы тиiс.
153. Есепке алу және бақылау:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлға есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды жөнелтумен байланысты құжаттамаларды (тiзiлiмдердi, жүкқұжаттарын) 5 жыл бойы қатаң сақтауға міндетті;
2) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтілімдерді жөнелтудi жүзеге асыратын орган құжаттамаларды (заңды тұлғалармен шартты, тізілімдерді, жүкқұжаттарын) ішкі нормативтік кесімдерге сәйкес сақтауға тиіс.
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және
есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасына құрамында есірткі құралдары, психотроптық
заттар және прекурсорлар бар белгілі бір мөлшерде өнім әкелуге (әкетуге)
N ____ Рұқсат (сертификат)
(беруге жатпайды, көшірмесі жарамсыз)
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
(ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефоны, факсі, Е-mail)
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге (әкетуге) рұқсат етілді:
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
(елдің, ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефоны, факсі, Е-mail)
р/с | Кесте N, Тізімі, Позиция N | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы | Өлшем бірлігі | Мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| | | | | |
_________________________________________________________________________
Көрсетілген қаражаттар мыналар үшін пайдаланылады: ______________________
_________________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: _____________________________________
_________________________________________________________________________
Төраға _____________________________ қолы ________________________
Мөрі 200__ ж. "____"__________
2-қосымша
"Келісілді" "Бекітілді"
АІІБ (ІІБ) ӘПҚ бастығы Бас директор
__________ ауданы (қаласы) ________________
_________________________ Заңды тұлғаның, филиалдың,
_________________________ өкілдіктің атауы
_________________________ ___________________________
Аты-жөні Аты-жөні
200__ ж. "____"__________ 200__ ж. "____"__________
Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және
прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсаты бар адамдардың
ТІЗІМІ
NN | Аты-жөні | Туған жері мен күні | Үй мекен-жайы | Білімі, диплом деректері | Лауазымы | Ескерту |
1. | | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
3-қосымша
"Келісілді" "Келісілді"
Наркологиялық диспансердің Психоневрологиялық
бас дәрігері диспансердің бас дәрігері
_________________________ _________________________
_________________________ _________________________
Аты-жөні Аты-жөні
200__ ж. "____"__________ 200__ ж. "____"__________
Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және
прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсаты бар адамдардың
ТІЗІМІ
NN | Аты-жөні | Туған жері мен күні | | Лауазымы | Ескерту |
1. | | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
___________ __________ 200__ жылғы "__"______
Аты-жөні қолы
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа
және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті
200__ жылдың ___ есепті тоқсаны ішіндегі есірткі құралдарының,
психотроптық заттардың және прекурсорлардың қатаң бақылауға жататын
айналымы туралы
Есеп
─────────────────────────────────────────────────────────────────────────
─────────────────────────────────────────────────────────────────────────
(ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефоны, факсі, Е-mail)
N р/с | Атауы | Жеткізуші (заңды мекен- жайы) | 200_ жылғы 1 қаңтарға қалған қалдық | Есепті тоқсан ішіндегі кіріс | Есепті тоқсан ішіндегі шығыс | 200__ жылғы |
Жеткі. зуші (заңды мекен- жайы) | Бумалар (ампу. лалар) саны | Сатып алушы - ұйым (заңды мекен- жайы) | Бумалар (ампу. лалар) саны | қалған қалдық |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. Есірткі құралдары: жиыны: |
2. психотроптық заттар: Жиыны: |
3. Прекурсорлар Жиыны: |
200__ жылғы "___"__________ Қолы ___________
Мөрі
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және
есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті
Өтініш
─────────────────────────────────────────────────────────────────────────
(ұйымның, заңды тұлғаның атауы, телефоны, факсі, Е-mail)
─────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
бар өнімді (керексізі сызып тасталсын) мыналардан әкелуге (әкетуге)
рұқсат беруіңізді өтінемін:
─────────────────────────────────────────────────────────────────────────
(елдің, ұйымның, заңды тұлғаның атауы, телефоны, факсі, Е-mail)
р/с | Кесте N, Тізімі, Позиция N | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы | Өлшем бірлігі | Мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| | | | | |
_________________________________________________________________________
Көрсетілген қаражаттар мыналар үшін пайдаланылады: ______________________
_________________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: _____________________________________
_________________________________________________________________________
Заңды тұлға басшысының қолы _____________________________________________
Мөрі 200__ ж. "____"__________
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және
есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және
прекурсорларды нақты әкелу (әкету) туралы
Есеп
1. Импорттаушының атауы _________________________________________________
(ел, заңды мекен-жайы, телефоны, факсі, Е-mail)