Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және
прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін
бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10
қарашадағы N 1693 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.01.01 ж. N 151; 16.02.01 ж. N 247;
23.05.01 ж. N 695; 23.01.02 ж. N 79; 03.09.03 ж. N 893 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. N 947 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-әрекет шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында 2000-2001 жылдарға арналған нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестегi мемлекеттiк бағдарлама туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже);
2) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыруға мемлекеттiк лицензиялардың нысандары және оларға қосымшалар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қаңтардағы N 35 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Рұқсат беру жүйесi туралы ережедегi:
8 және 12-тармақтарындағы "есiрткiлi заттар" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын:
"и) есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті орган берген әкелуге (әкетуге) рұқсат (сертификат).".
ҚР Үкіметінің 30.01.01 ж. N 151; 26.02.01 ж. N 247 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті 2001 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттар қызметін осы қаулыда көзделген талаптарға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.02.01 ж. N 247 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетіне 2001 жылғы 1 маусымға дейін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке уақытша рұқсаттар беру құқығы берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары психотроптық заттар
және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
Ережесi
ҚР Үкіметінің 30.01.01 ж. N 151; 03.09.03 ж. N 893 (бұр. ред. қара) қаулыларымен ереже және қосымшалар мәтінінде сөздер ауыстырылды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрлендi.
Ереже есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау), сондай-ақ заңсыз айналымнан алынып қойылған заттар мен құралдарды бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi. Құрамында есiрткi құралдар, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге, жинауға және дайындауға, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 наурыздағы N 186 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар тiзiмiнiң I, II, III және IV кестелерiне (бұдан әрi Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерi) енгiзiлген құралдар мен заттарды жасауға, өндiруге, ұқсатуға, әкелуге, әкетуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, жоюға, медициналық, ғылым және оқу мақсаттарында, сарапшылық қызметте және криминалистiк зерттеулер жүргiзуде пайдалануға мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылады.
2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi бағыттары мен нысандарын айқындауды Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.
ҚР Үкiметiнiң 23.05.01 ж. N 695 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыруды және үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитеті (бұдан әрi - Комитет) мына мүдделi мемлекеттiк органдармен:
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен;
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгiмен;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бiрлесiп, олардың құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
3. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың
заңсыз айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың нысандары мен
тәртiбi
ҚР Үкіметінің 23.01.02 ж. N 79 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1961 жылғы "Есiрткi құралдары туралы", 1971 жылғы "Психотроптық заттар туралы", 1988 жылғы "Есiрткi құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы" конвенцияларының (бұдан әрi - БҰҰ Конвенцияларының) талаптарына сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылаудың негiзгi нысандары мыналар болып табылады:
1) квоталау:
есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға халықаралық квота - БҰҰ-ның Есiрткiлердi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi (бұдан әрi - БҰҰ ЕБХК) Конвенцияларға мүше елдер үшiн жыл сайын осы елдердiң үкiметтерi ұсынатын есiрткi құралдарының, психотроптық заттарға, прекурсорларға қажеттiлiк есебi негiзiнде бекiтетiн олардың мөлшерi;
есiрткi құралдарына және психотроптық заттарға мемлекеттiк квотаны (Қазақстан Республикасының қажеттiлiк нормасы) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және бекiтедi және халықаралық шарттарға сәйкес есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға қажеттiлiк есебi шегiнде олардың айналымы жүзеге асырылатын есеп негiзiнде Қазақстан Республикасы үшiн халықаралық квотаны БҰҰ ЕБХК-iнiң бекiтуiне жiберiледi.
2) бөлу:
есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды бөлу - бұл республиканың iшкi рыногын көрсетiлген құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған және бөлiнген квоталар шегiнде әртүрлi ведомстволардың кәсiби қызметiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн iс-шаралар.
Тiзiмнiң ІІ кестесiндегi есiрткi құралдары, психотроптық заттар бөлуге жатады.
Бөлудi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi шешiмi негiзiнде Агенттiк жүзеге асырады.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды бөлудiң негiзгi қағидаттары кәсiпорындар мен ұйымдардың қалыпты қызметi үшiн қажет, бiрақ олардың 6 айлық қорынан аспайтын мөлшерде, осы құралдарға аймақтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылады.
Бөлу:
қамтамасыз ету нормативiнен;
тұтыну нормативiнен тұрады.
Қамтамасыз ету нормативтерi отандық өндiрушi кәсiпорындар мен әкелудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшiн бекiтiледi.
Келесi күнтiзбелiк жылға қамтамасыз ету нормативтерiн есептеу мен бекiту есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiру және оларды көтерме сату жөнiндегi қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде Комитет белгілейтін тәртіппен жүргiзiледi. Келесi күнтiзбелiк жылда қызметтi жүзеге асыруға қажеттi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың тiзбесi мен мөлшерi бар өтiнiштер тұтынушылармен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың көшiрмелерi қоса берiлiп, Агенттiкке ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Отандық өндiрушi кәсiпорындар өндiретiн және Қазақстан Республикасының аумағына келесi күнтiзбелiк жылғы әкелiнетiн Тiзiмнiң II кестесiндегi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың тiзбесi мен мөлшерi көрсетiлген жазба қызметi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты болатын көрсетiлген ұйымдар лицензиясының қосымшасына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн енгiзiледi.
Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмнiң белгілі бiр мөлшерлерiн әкелуге рұқсат (бұдан әрi - Рұқсат) (1-қосымша) заңды тұлғаға қатаң бақылауда болатын есiрткi құралдары, психотроптық заттар айналымы саласында қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензияның қосымшасында көрсетiлген қамтамасыз ету нормативтерi негiзiнде ресiмделедi.
Тұтыну нормативтерi:
қызметi лицензиялануға жататын нақты тұтынушы ұйымдар (емдеу-профилактикалық, дәрiхана, мал дәрiгерлiк, оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдары және басқалары) үшiн нормативтерi көрсетiле отырып, республиканың әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерi;
Тiзiмнiң II кестесiндегi есiрткi құралдары, психотроптық заттар айналымы саласындағы қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын мүдделi министрлiктер мен ведомстволар, ұйымдар (сарапшылық, криминалистiк және жедел-iздестiру қызметi) үшiн бекiтiледi.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды тұтыну есебiн жоғарыда аталған қызметтi жүзеге асыратын органдар жыл сайын жоғары тұрған ұйымға өтiнiмдер беру арқылы табыс етедi, ал содан соң жинақталған өтiнiмдi жоғары тұрған орган ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн тиiсiнше Агенттiкке табыс етедi.
Агенттiк тұтыну нормативтерiнiң негiздiлiгiн тексередi, Қазақстан Республикасының тұтастай қажеттiлiгiн есептейдi және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте бекiту үшiн Үкiметке енгiзедi.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды тұтынудың республикалық нормативiн Агенттiк заңды тұлғалардың арасында олар үшiн қамтамасыз ету нормативтерiн бекiту арқылы бөледi.
Қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын ұйымдардың (сарапшылық, криминалистiк және жедел-iздестiру қызметi) тұтыну нормативтерiн аймақтық және республикалық деңгейдегi ұйымдар үшiн тиiстi министрлiктермен келiсiм бойынша Агенттiк бекiтедi;
3) есепке алу және есеп беру:
Агенттiк БҰҰ ЕБХК-iне:
Қазақстан Республикасының есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға қажеттiлiгiн жылдық есептерiн;
есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың жұмсалуы туралы тоқсандық есептерiн;
өндiру, дайындау, тұтыну, қорлары мен тәркiлеу туралы жылдық статистикалық деректердi табыс етедi.
Қазақстан Республикасында кез келген мақсаттар үшiн есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды өндiрудің және әкелудiң (әкетудiң) жиынтық деректерi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк квотадан аспайды.
5. Көрсетiлген мемлекеттiк квоталарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Агенттiк мүдделi министрлiктердiң немесе ведомстволардың ұсынысы бойынша жүзеге асырады.
Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың айналымымен байланысты қызмет түрлерiне лицензия иелерi заңды тұлғалар осы Ережеде белгiленген нысан мен тәртiпте мынадай нысандар бойынша:
әкелу (әкету) жүзеге асырылған мемлекеттердi көрсете отырып әрбiр өндiрiлген, дайындалған, әкелiнген (әкетiлген) есiрткi құралдарының немесе психотроптық заттардың мөлшерi туралы тоқсандық есептердi;
Тiзiмнің III кестесiне енгiзiлген өсiрiлген немесе ұқсатылған өсiмдiктердiң мөлшерiн, әрбiр өндiрiлген, дайындалған, әкелiнген (әкетiлген), сатылған не пайдаланылған есiрткi құралдарының және психотроптық заттардың және прекурсорлардың мөлшерiн, сондай-ақ есiрткi құралдарының және психотроптық заттар қорларының есеп беретiн жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мөлшерiн көрсете отырып, өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi қызмет туралы есептi табыс етуге мiндетті.
Есептер деректерiнiң негiзiнде әрбiр аймақ бойынша және әрбiр заңды тұлға бойынша тұтыну нормативтерi белгiленедi.
Мемлекеттiк квоталарда белгiленген шектерде өсiмдiктердi өсiру, өндiру туралы, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды дайындау туралы, әкелу (әкету), сату туралы не пайдалану туралы жыл iшiндегi жиынтық деректер осы Ережеде белгiленген нысан мен тәртiпте табыс етiледi.
6. Агенттiк есеп беретiн кезеңнен кейiнгi айдың 25-iне қарай қатаң бақылауға жататын есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен жұмыс iстеуге құқығы бар жұмыс iстейтiн заңды тұлғалардың саны туралы есептi жасайды.
7. Мүдделi мемлекеттiк органдар бекiтiлген ведомстволық немесе ведомствоаралық жоспарларға сәйкес жылына бiр рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте шаралар қабылдау үшiн меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғаларда Тiзiмге енгiзiлген есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы тәртiбiнiң сақталуына бөлек не бiрлескен тексерулердi жүзеге асырады.
8. Тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде:
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi құралдарымен, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн аталған өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;
2) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нұсқамалар беруге;
3) бекiтiлген стандарттар мен нормативтiк құжаттама, сондай-ақ лицензиялау шарттары болмаған немесе бұзылған жағдайда заңды тұлғалар мен құрылымдық бөлiмшелердiң өндiрiстiк қызметiн тоқтата тұруға;
4) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттар мен және прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнаманы және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұзғандығы үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.
ҚР Үкiметiнiң 23.05.01 ж. N 695; 03.09.03 ж. N 893 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді
9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитеті:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүргiзу жөнiндегi қызметiн үйлестірудi;
2) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтiң барлық түрiн уәкiлетті мемлекеттiк органдармен олардың құзыретi Рұқсат (сертификат);
3) мемлекеттiк бақылау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасының қолданып практикасын қорытады және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзудi жүзеге асырады.
10. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша):
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңнамасы мен Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, олардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимылдарды қадағалауды жүзеге асырады;
2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын басқа да құқық қорғау органдарымен заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде өзара iс-қимыл жасайды және олардың есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметiн, олардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимылдарын үйлестiредi.
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша):
1) ұлттық қауiпсiздiк органдарының есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласындағы стратегиясын әзiрлейдi және қызметiнiң тактикасын белгiлейдi;
2) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткiзу, дайындау, ұқсату, тасымалдау, жөнелту мақсатында контрабандалық алып өтудiң, заңсыз сатып алудың немесе сақтаудың не өткiзудiң алдын алады, анықтайды, жолын кеседi және фактiлерiн тексередi және осы мақсаттарда жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзiлуi жолын кесуге бағытталған арнайы бақылау iс-шараларын жүргiзу жөнiндегi қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара әскерiнiң кинологиялық қызметi үшiн есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттiлiк нормасын айқындайды және заңнамада белгiленген тәртiппен бекiту үшiн оларды табыс етедi.
12. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымы және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласында қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған iшкi iстер органдарының қолданылып жүрген заңнамада көзделген ұйымдастырушылық және қызметiн реттейтiн арнайы бақылау iс-шараларын жүзеге асырады;
2) "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi лицензиялау жөнiндегi бiлiктiлiк талаптарына объектiлер мен заңды тұлғалар қызметкерлерiнiң сәйкестiгiн тексерудi, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайлардың сәйкестiгiн тексерудi жүргiзедi;
3) iшкi iстер органдары жедел-криминалистiк бөлiмшелердiң есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға криминалистiк зерттеулер жүргiзуiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
4) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткiсi бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеру жүргiзедi, сондай-ақ оларды жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзедi;
5) iшкі iстер органдарының тергеу және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуi үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының IIМ кинология қызметi үшiн есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттiлiк нормаларын белгiлейдi және оларды заңнамада белгiленген тәртiпте бекiту табыс етедi.
ҚР Үкiметiнiң 23.05.01 ж. N 695; 03.09.03 ж. N 893 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді
13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi:
1) алынып тасталды
4) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты мәселелер бойынша стандарттау және сертификаттау саласында қызметтi үйлестiредi және халықаралық талаптарға оның сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;
5) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмдi импорттауға байланысты мәселелер бойынша тауарлар импортын реттеу мен шектеу жөніндегi шараларды әзiрлейдi;
6) алынып тасталды
ҚР Үкiметiнiң 23.05.01 ж. N 695 қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды
13-1 Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі:
өнеркәсіп саласында пайдалану үшін есірткі құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды тұтынудың нормаларын қорытады және белгілейді және оларды белгіленген тәртіппен Комитетке ұсынады;
өз құзыретінің шегінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндірісінің, сондай-ақ құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлары бар шикізаттарды өңдеу саласына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
14. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
1) ғылыми-зерттеу ғылыми және бiлiм беру мекемелерi есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты өз қызметiн жүзеге асырған кезде қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ғылыми, ғылыми-зерттеу және оқу мақсаттарында пайдалану туралы статистикалық есептердi белгiленген мерзiмдерде Агенттiкке табыс етедi;
3) ғылыми, ғылыми-зерттеу және оқу мекемелерiнiң есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттiлiк нормасын белгiлейдi және заңнамада белгiленген тәртiпте бекiту үшiн оларды ұсынады.
15. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi:
1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молайту саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiмен құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктердiң өсетiн жерi, өсiру, жинау және дайындау мәселелерi бойынша қорытынды бередi;
2) құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктерге байланысты мәселелер бойынша қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молайту саласында мемлекеттiк зерттеулер бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
3) құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктерге байланысты мәселелер бойынша табиғат пайдалануға рұқсат бередi;
4) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жою, көму кезiнде қоршаған ортаға әсер ету нормативтерiн өз құзыретi шегiнде бекiтедi немесе келiседi.
16. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды мал дәрiгерлiкте, сондай-ақ жануарларды аулау үшiн пайдалану шарттары мен тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) мал дәрiгерлiк және жануарларды аулау үшiн есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттiлiк нормаларын белгiлейдi және заңнамада белгiленген тәртiпте бекiту үшiн Агенттiкке ұсынады;
3) өсiмдiктердегi есiрткi компоненттерiнiң деңгейiн жоғарылатуға бағытталған селекциялық жұмыстарды болдырмау мақсатында тұқым өсiру саласында бақылауды жүзеге асырады;
4) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдалану туралы статистикалық есептердi белгiленген мерзiмдерде Агенттiкке табыс етедi;