Қазақстан Республикасын 2002 жылы есiрткi құралдарымен және психотроптық заттармен қамтамасыз ету мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 79 қаулысы
(2014.12.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінiң 4-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) заңды тұлғалардың есiрткi құралдарын тұтынуының 2002 жылға арналған нормативтерi;
2) заңды тұлғалардың психотроптық заттарды тұтынуының 2002 жылға арналған нормативтерi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитетi 2002 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен қамтамасыз етудiң нормативiн есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды өндiрушi кәсiпорындар мен әкелудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2014.12.12. № 1315 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегi № 1162 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға «Есiрткi құралдарына қажеттiлiктi есептеу» деген 1-қосымшада:
«Елдiң iшiнде медициналық және ғылыми мақсаттарда тұтынуға арналған мөлшерi» деген 1-бағанда:
«Кодеин» деген жолда «КГ» деген бағандағы «523» деген сан «23» деген санмен ауыстырылсын;
«Морфин» деген жолда «Г» деген бағандағы «204» деген сан «209» деген санмен ауыстырылсын;
«фентанил» деген жолда «Г» деген бағандағы «140» деген сан «141» деген санмен ауыстырылсын;
«Омнопон» деген жолда «Г» деген бағандағы «840» деген сан «863» деген санмен ауыстырылсын;
«Тримеперидин» деген жолда «Г» деген бағандағы «380» деген сан «531» деген санмен ауыстырылсын;
«Дайындауға арналған саны» деген 2-бағандағы (а) тармақшасында:
«Тебаин» деген жолдағы «КГ» деген баған «1» деген санмен толықтырылсын;
«Фентанил» деген жолдағы «Г» деген баған «150» деген санмен толықтырылсын;
«Тримеперидин» деген жолдағы «КГ» және «Г» деген бағандар тиiсiнше «35» және «200» деген сандармен толықтырылсын;
(с) тармақшасында:
«Кодеин» деген жолдағы «КГ» деген баған «500» деген санмен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
IV тiзiмде:
«Мазиндол» деген жолдағы «7,063» деген сан алынып тасталсын;
«Мезокарб» деген жолдағы «23,082» деген сан «7,063» деген санмен ауыстырылсын;
«Медазепам» деген жолдағы «0,300» деген сан «23,082» деген санмен ауыстырылсын;
«Мепробамат» деген жол «0,300» деген санмен толықтырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 23 қаңтардағы № 79 қаулысымен
бекітілген
Заңды тұлғалардың есірткі құралдарын тұтынуының
2002 жылға арналған нормативтері
№ | Ұйымның атауы | Өлшем бірлігі | Кодеин | Морфин | Омнопон | | Фентанил | Героин | Апиын | Сора | Кокаин | Этил- морфин | Тебаин |
1 | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | грамм | | 34 | 19,8 | 535 | 0,77 | 780 | 450 | 13 | | | |
2 | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі | грамм | | 23 | 71 | 314,16 | | | | | | | |
3 | Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі | грамм | | 1,5 | | 7,04 | 0,41 | | | | | | |
4 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | грамм | 22912 | 3994 | 6449 | 47702 | 136 | | | | 2266 | 13006 | |
5 | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі | грамм | 47,5 | | | 555,46 | | | | | | | |
6 | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі | грамм | | | | | | | | 2000000 | | | |
7 | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті. нің Шекара қызметі | грамм | 816,5 | 51,5 | 124,8 | 387,5 | 0,11 | | | | | | |
8 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті | грамм | | | | | | 5310 | 5310 | 106 | 100 | | |
9 | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Республикалық емханасы | грамм | | | | 150,48 | | | | | | | |
10 | Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы | грамм | | 68,4 | 90 | 1320 | | | | | | 16 | |
11 | Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығы | грамм | 15 | 7 | | 89,23 | 2,51 | | | | | | |
12 | «Көлік медициналық қызметі» ашық акционерлік қоғамы | грамм | | 29,6 | 108,4 | 470,13 | 1,2 | | | | | | |
13 | «Химфарм» ашық акционерлік қоғамы Шымкент қаласы | грамм | 500000 | | | 35200 | 150 | | | | | | 1000 |
14 | Жиыны: | грамм | 523791 | 4209 | 6863 | 86731 | 291 | 6090 | 5760 | 200119 | 2366 | 13022 | 1000 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 23 қаңтардағы № 79 қаулысымен
бекітілген
| Ұйымның атауы | Өлшем бірлігі | Амфе- тамин | Бупре- норфин | Пента- зоцин | Пенто- барбитал | Флуни- тразепам | Цикло- барбитал | Алпра- золам | Барбитал | Броти- золам | Диазе- пам | Клона- зепам |
1. | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | грамм | | | | | | | | | | 1390 | |