- актiнi ресiмдеу орны мен күнiн;
- сынықты тапсырушының Тегiн, атын, мекен-жайын;
- жеке басын куәландыратын құжатты;
- салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
- сынығының көлемi мен Лицензиар барлық Лицензиаттар үшiн бекiткен үлгілік номенклатураға сәйкес оның сипаттамасы;
- сынықты тапсырушының сөзiнен сынық тегiнiң сипаттамасын;
- Сатып алу актiсiн ресiмдеген жауапты адамды;
- Сынықтары мен қалдықтарын өлшеудi, сынығының сипаттамасын жүргізген жауапты адамды қамтуы тиiс.
Сатып алу актiсi, бiреуi сынық тапсырушыға берiлетiн, екiншiсi Лицензиаттың бухгалтериясында сақталатын, үшіншiсi қабылдау пунктiнде сақталатын үш данада жасалады.
Сатып алу актiсi жеке адамдардан дайындалған сынықтардың есебiн жүргізу журналында тiркеледi.
Есеп жүргізу журналы нөмiрленген, тiгiлген және Лицензиаттың мөрiмен бекiтiлген болуы тиiс.
2. Лицензиат жеке адамдардан сынықтарды сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес тиiстi салықтарды ұстап қалуға міндетті.
3. Жеке адамдардың электротехникалық, өнеркәсіптік, әскери және зымырандық-ғарыштық тектегі сынықтардан, байланысты желілері кабельдерінен, сондай-ақ қолдануда болған рельстерден, темір жол төсеніштері және жылжымалы құрам бөліктерінен басқа түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын өткізуге құқығы бары.
4. Түсті (электротехникалық тектi), қара (рельстер, темiр жол төсенiштерi мен жылжымалы құрамның қолданыстан шыққан элементтерi) металдардың сынықтарын тапсыруды, тiзбесiн тиiсті министрлiктердiң, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ұсынуы бойынша
Лицензиар бекiтетiн, қызметi мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
5. алып тасталды