Жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша талаптардың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жергілікті өкілді органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
ҚР 26.07.99 ж. N 463-1; 04.11.99 ж. N 472-1; 15.01.01 ж. N 140-II; 06.12.01 ж. N 261-II; 31.10.02 ж. N 351-II Заңдарымен 22-бап өзгертілді және толықтырылды
22-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттік қарыз алуды реттейтін заңдарға сәйкес:
Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілген жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған резервiнiң құрамында көзделген кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резервтiң есебiнен республикалық бюджеттен;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген сомалар шегінде жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген өзге мақсаттарға арнап республикалық бюджеттен қарыз алуға құқығы бар.
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиістi қаржы жылының аяғындағы олардың борышының заңдарда белгiленген лимитiнен және осы борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемiнен асып түсуiне әкеп соқтыратындай мөлшерде қарыз алуына жол берiлмейдi.
Қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының кассалық алшақтықты жабуға тек облыстық бюджеттен ғана қарыз алуға құқығы бар.
Кассалық алшақтықты жабуға қарыз алу қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн және жергiлiктi бюджеттi нақтылауды қажет етпейдi.
Егер республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне (облыстық бюджеттерден аудандардың, қалалардың бюджеттерiне) кассалық алшақтықты жабуға берiлген кредиттер белгiленген мерзiмде өтелмеген болса, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган (облыс әкiмi) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару үшiн тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ағымдағы шотындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы.
Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы займ алу немесе жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару шарттары (келісімдері) нысанында жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың заем шарттарын жасасу және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
23-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың кредит беру
және қарыз алу жөніндегі жауапкершілігі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
5-тарау. Бюджеттің атқарылуы
ҚР 06.12.01 ж. N 261-II Заңымен 24-баппен толықтырылды
24-бап. Бюджеттің атқарылуы
1. Бюджеттің атқарылуы бірыңғай қазынашылық шот пен мемлекеттік мекемелердің шоты арқылы кассалық негізде жүзеге асырылады.
2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе мәслихаттың жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімінде белгіленгеннен төмен емес мөлшерде бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.
3. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындауға бағытталған іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілгеннен аспайтын сома шегінде жүзеге асыру болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы осы Заңның 24-1, 25-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бюджеттің тапшылықты қаржыландыру бойынша атқарылуы шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден іс жүзінде қалыптасып отырған асып түсуін жабуды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
ҚР 26.07.99 ж. N 463-1; 15.01.01 ж. N 140-II; 03.05.01 ж. N 182-II Заңдарымен 24-бап өзгертілді және толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. N 261-II Заңымен 24-бап өзгерді және 24-1-бап болып есептелді; ҚР 31.10.02 ж. N 351-II Заңымен 24-1-бап өзгертілді
24-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді.
1-1. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда республикалық бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар республикалық бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi.
Республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекiтiлген көлемiнен асатын бөлiгін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударуды Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тәртiппен республикалық бюджеттен бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi.
1-2. Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы актілерді қабылдауы;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау мен бекіту;
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi органның, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттар беруі;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы;
республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу;
бюджет ақшасының есебінен төлемдер жүргізу;
республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың есебі сатыларынан тұрады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерін айқындайды және бюджеттің атқарылуы барысында ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген бағдарламалар бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылым мен функцияларын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде өзгерістер енгізуге құқығы бар.
3. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен:
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісіне және бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
бюджетке түсетін нақты түсімдерді республикалық бюджет пен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің арасында, облыстық бюджетпен аудандар (қалалар) бюджеттерінің арасында кірістерді бөлу нормативтері бойынша бөлуді жүргізеді;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады;
растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады;
республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жүргізілген операциялардың, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің, үкіметтік борыштың, жеке және заңды тұлғалардың республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді;
бюджеттік түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ақпарат береді;
ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық көлемі республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді;
уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастырады;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді;
егер республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келмеу анықталса, республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді;
бөлінген қаражаттар рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарын кері қайтарып алуды жүргізеді;
қаржыландыруды:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына;
жүргізілген төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда тоқтата тұрады.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын табыс етеді;
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган берген рұқсаттар шегінде бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар береді;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін және оларды бағалауды жүргізеді;
республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді.
4-1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды;
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді;
республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді.
4-2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бекітілген сомалар шегінде және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың толық орындалуы үшін жауап береді.
4-3. Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде негізгі үкіметтік борышты өтеуге және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға пайдалануы мүмкін.
5. Жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттен ұстауға жол берілмейді.
6. Қазақстан Республикасының Yкiметi республикалық бюджеттiң атқарылуы барысында тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген жекелеген республикалық бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың арнаулы тәртiбiн белгiлеуге құқылы.
ҚР 26.07.99 ж. N 463-1; 15.01.01 ж. N 140-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 06.12.01 ж. N 261-II 31.10.02 ж. N 351-II Заңдарымен 25-бап өзгертілді және толықтырылды
25-бап. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы
1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністер бюджетінің атқарылуын, бюджеттік қаражаттардың тиімді және нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етеді.
1-1. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жергiлiктi бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар жергiлiктi бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi.
1-2. Жергілікті бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы:
жергілікті атқарушы органның ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөнінде акт қабылдауы;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаумен бекіту;
жергілікті уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттар беруі;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы;
жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу;
бюджет ақшасының есебінен төлемдер жүргізу;
жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша операциялардың есебі сатыларынан тұрады.
1-3. Жергілікті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен:
мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның актісіне, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді және оны бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне табыс етеді;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді;
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң ақпаратты негізінде тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың, жеке және заңды тұлғалардың тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің, жергілікті атқарушы орган борышының, жеке және заңды тұлғалардың жергілікті бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді;
бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы ақпарат береді;
ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық көлемі жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, жергілікті бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органына хабарлайды;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді;
егер жергілікті бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келмеуі анықталса, жергілікті бюджетті нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді;
бөлінген қаражат рұқсаттарға көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарын кері қайтарып алуды жүргізеді.
1-4. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi белгіленген тәртіппен:
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады;
растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады;
мемлекеттік мекемелердің тиісті шоттары және бірыңғай қазынашылық шот бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпарат береді;
төлемдерді:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына;
жүргізілетін төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда тоқтата тұрады.
1-5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын табыс етеді;
мемлекеттік мекемелерге жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттар шегінде олардың бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес рұқсаттар береді;
жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін және оларды бағалауды жүргізеді.
1-6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс жасауға құқылы;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды;
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді;
жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
жергілікті уәкілетті органға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді.
1-7. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бекітілген сома шегінде және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың толық орындалуына жауап береді.
2. Жергiлiктi бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекiтiлген тоқсандық көлемiнен асатын бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударуды Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттерден бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi.
3. Егер бюджеттi атқару барысында жергiлiктi атқарушы органдар төмен тұрған бюджеттердiң шығысын көбейтетiн не кiрiсiн азайтатын нормативтiк құқықтық актiлер қабылдаса, бұл бюджеттерге қаражат жоғары тұрған бюджеттерден өтеледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен орталық атқарушы органдарының облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң шығыстарын көбейтетiн нормативтiк құқықтық актiлерi келесi қаржы жылынан ерте күшiне енбейтiндей болып белгiлене отырып қабылданады.
3-1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға жергiлiктi атқарушы органдар үшiн кез келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады.
Жергiлiктi атқарушы органдарға үшiншi бiр тұлғалар үшiн кез-келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады.
4. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi жергiлiктi бюджеттерден ұстауға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк мекеменi жергiлiктi бюджеттердiң әртүрлi деңгейлерiнен ұстауға жол берiлмейдi.
5. Бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қойылмауға тиіс.
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі борышын өтеуге пайдаланылуы мүмкін.