2004 ж. 5 шілдеде енгізілген өзгерістерге дейін қолданылған 4-баптың редакциясы
ҚР 06.12.01 ж. N 260-II; 26.12.02 ж. N 364-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Табиғи монополияның iс-әрекет аясы
1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясында мынадай iс-әрекет түрлерi жатады:
1) магистралды труба құбырлары арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн тасымалдау;
2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбырлары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану;
3) электр және (немесе) жылу энергиясын беру мен (немесе) бөлу;
3-1) жылу энергиясын жылыту қазандықтарында, өндiрiстiң құрамдастырылған үлгісіндегі станцияларда өндіру;
3-2) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер;
4) магистральдық темір жол желісінің қызметі;
4-1) бәсекелес кiрме жолдар және оны салудың технологиялық мүмкiндiктерi не экономикалық тиiмдiлiгi болмаған кездегi кiрме жолдардың қызметтерi;
5) әуенавигация, айлақтар, әуежайлар көрсететiн қызмет;
6) телекоммуникациялардың жергiлiктi желiлер торабын пайдалана отырып көрсететiн қызметi;
7) су шаруашылығы және (немесе) канализация жүйелерi көрсететiн қызмет;
8) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызметтерi;
2. Табиғи монополия субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге жатады.
3. Табиғи монополия субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi бойынша тiркеледi.