15-бап. Лицензия беру шарттары
Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға бiлiктiлiк деңгейi сай келетiн субъектiге берiледi.
Лицензияланатын қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ осы Заңға сәйкес лицензияланатын, санитариялық, экологиялық кен-техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысын қажет ететiн қызмет түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Лицензия берген кезде қоғамның, айналадағы ортаның, азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, сондай-ақ өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызмет сапасының кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн өндiрiс жағдайлары ескерiледi. Субъектінің (өтініш берушінің және (немесе) лицензиаттың) біліктілік деңгейіне сәйкестігі белгіленген тәртіппен тіркелген заңды, жеке тұлғалар жүргізетін тәуелсіз сараптамалық бағалау негізінде белгіленуі мүмкін.
Банк қызметiн жүзеге асыруға және банк операцияларын жасауға арналған лицензияларды беру үшiн қажеттi шарттар банк заңдарымен белгiленедi.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар жасауға лицензиялар берудiң, олардың қолданылуын тоқтатудың тәртiбi мен шарттары валюталық заңдармен белгiленедi.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң түрлерi бойынша лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногi туралы заңдармен белгiленедi.
Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін қажетті шарттар жекелеген қару түрлерінің айналымына бақылау жасау туралы заңдармен белгіленеді.
Сақтандыру рыногының кәсiпқой қатысушыларына лицензиялар беру шарты мен тәртiбi сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленедi.
Зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензия берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарымен белгіленеді.
Лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензиаттың дубликат алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді он күн ішінде орындайды. Бұл орайда лицензиат жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді.
Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса тiркей отырып, бiр ай мерзiм iшiнде лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Заңды тұлғаның атауы өзгерген (соның ішінде Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), тұрған жері (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда, ол бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiшiн берген күннен бастап он күннiң iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленедi.
Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия жұмыс берушi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден Республика аумағында жұмыс iстеу үшiн жалдайтын шетел азаматтарын тартуға арнап, Қазақстан Республикасының Үкiметi тұтастай және кәсiптiк топтар бойынша белгiлейтiн квота ескерiле отырып берiледi.
ҚР 02.07.97 ж. N 144-1; 08.10.99 ж. N 471-1; 05.07.00 ж. N 79-II; 24.12.01 ж. N 276-II Заңдарымен 16-бап өзгертілді және толықтырылды
16-бап. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн белгiленген үлгiдегi арыз;
2) лицензиаттың осы Заңның 15-бабының талаптарына сәйкес келетiндiгiн растайтын құжаттар;
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат (осы Заңның 18-бабы).
Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі табыс етілуі қажет.
Заң актілерінде лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлері жөніндегі құжаттар тізбесіне қосымша және арнаулы талаптар белгіленуі мүмкін.
Лицензиат (субъект) құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауапты болады.
ҚР 10.07.98 ж. N 283-1 Заңымен 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Лицензия (патент) беру туралы арызды
қарау мерзiмi
Егер заң актiлерiнде өзгеше мерзiм белгiленбесе, лицензиялар барлық қажеттi құжаттарымен қоса арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей берiледi.
ҚР 02.07.97 ж. N 144-1; 10.07.98 ж. N 283-1; 05.07.00 ж. N 79-II; 24.12.01 ж. N 276-II Заңдарымен 18-бап өзгертілді және толықтырылды
18-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы
үшiн төленетiн лицензиялық алым
Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленетiн ставкалары, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
Қызметтiң тиiстi түрiмен айналысатын бүкiл кезеңге лицензия беру лицензия берген кезде лицензиялық алымды бiр жолғы төлеумен қоса жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 31.08.95 ж. N 2447 Жарлығымен 19-бап толықтырылды; 02.07.97 ж. N 144-1; 30.12.98 ж. N 343-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 08.10.99 ж. N 471-1; 05.07.00 ж. N 79-II; 18.12.00 ж. N 128-II 24.12.01 ж. N 276-II Заңдарымен өзгертілді және толықтырылды
19-бап. Лицензия беруден бастарту
1. Егер:
1) субъектiлердiң осы санаты үшiн белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыруға заң актiлерiмен тыйым салынса;
2) осы Заңның 16-бабына сәйкес немесе басқа заң актiлерiмен талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмесе. Арыз берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда арыз жалпы негiздер бойынша қаралады;
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым төленбесе (осы Заңның 18-бабы);
4) арыз берушi осы Заңның 15-бабына сәйкес белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
5) арыз берушi жөнiнде оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.
Банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензиялар беруден бас тарту үшiн өзге негiздер банк заңдарымен белгiленуi мүмкiн.
Сақтандыру және қайта сақтандыру қызметi туралы заңдарда сақтандыру рыногының кәсiпқой қатысушыларына лицензия беруден бас тартудың өзге де негiздерi белгiленуi мүмкiн.
Банк операцияларын және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты жасалатын операцияларды жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартуға арналған өзге де негiздер банк және валюта заңдарымен белгiленуi мүмкін.
2. Мына себептер бойынша:
1) арыз берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын берудiң жөнсiздiгi;
2) өндiруге не сатуға лицензия талап етiлетiн тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) нарықта мол болуы;
3) нарықта монополиялық жағдайдың қамтамасыз етiлуi;
4) арыз берушiнiң жеке басына және iскерлiк беделiне күмәндану, соның iшiнде бұрын сотталғандығы, егер тыйым салу мен қайтарып алу заңда белгiленген тәртiпке сәйкес өзiнiң қолданылуын тоқтатқан (өтелген) деп есептелсе кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға бұрын тыйым салынғандығы, мұның алдындағы лицензиялардың қайтарып алынуы себептерiмен күмәндану бойынша лицензия беруден бастартуға тыйым салынады.
3. Лицензия беруге мынадай талаптарды:
1) мемлекет мұқтажына мiндеттi түрде өнiм сатып алу туралы;
2) алынған лицензияға сәйкес өндiрiлген тауарларды (жұмысты, қызметтi) белгiлi бiр тұтынушыларға өткiзу не оларды республиканың белгiлi аймақтарына жеткiзу туралы, соның iшiнде белгiлi бiр әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстен тыс жерге немесе экспортқа шығарудан бастарту туралы талапты;
3) өндiрiлетiн тауарға (жұмысқа, қызметке) белгiлi бiр баға (тариф, нарық) белгiлеу туралы, соның iшiнде оларды белгiлi бiр тұтынушыларға алдын ала белгiленген бағамен сату туралы талаптарды шарт етiп қоюға тыйым салынады.
4. Лицензия беруден бастартылған жағдайда арыз берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. N 2720 Жарлығымен 20-бап толықтырылды
20-бап. Лицензия беруден бастартқаны үшiн шағым жасау
1. Егер лицензия осы Заңда немесе басқа да заң актiлерiнде белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бастарту арыз берушiге дәлелсiз болып көрiнсе, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекеттерге сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.
2. Лицензия беруден негiзсiз бас тарту немесе белгiленген мерзiмде бермеу фактiсiн анықтағаннан кейiн сот лицензия органын сот шешiмi заңды күшiне енген сәттен бастап он күн мерзiмде лицензия беруге мiндеттейтiн шешiм шығарады.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. N 2720 Жарлығымен 21-бап өзгертілді; ҚР 05.07.00 ж. N 79-II; 14.11.02 ж. N 352-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Лицензия қолданудың тоқтатылуы
1. Лицензияның қолданылуы, тек мынадай жағдайларда:
1) лицензия берiлген мерзiм аяқталғанда;
2) лицензия берiлген iс-әрекеттер жасалып, толық көлемiнде жүзеге асырылғанда;
3) лицензия қайтарып алынғанда;
4) лицензиялар берудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгіленетін жағдайлардан басқа, азаматтық кәсіпкерлік қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлғаның бір түрінің заңды тұлғаның екінші бір түрі болып қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеруін) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда тоқтатылады.
2.алынып тасталды
3. Лицензияны қолданудың тоқтатылуына байланысты дауларды соттар шешедi.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. N 2720 Жарлығымен 22-бап өзгертілді; ҚР 08.12.97 ж. N 200-1; 08.10.99 ж. N 471-1; 29.11.99 ж. N 488-1 Заңдарымен 22-бап өзгертілді және толықтырылды
22-бап. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату
1. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен лицензияны мынадай жағдайларда:
1) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаса;
2) лицензия алған қызмет түрiмен лицензиаттың айналысуына сот тыйым салса;
3) лицензиар лицензияның қолданылуын кiдiртiп қойған себептер жойылмаса;
4) лицензиат лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат берсе, қайтарып алуы мүмкін.
2. Лицензия осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша сотқа беру жолымен қайтарылып алынуы мүмкiн.
3. Лицензиар кiдiрте тұру себебiн көрсете отырып, лицензияның (патенттiң) қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектiсi лицензиясының қолданылуын сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
4. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы сот шешімі болған жағдайда оны тоқтата тұру мерзімі лицензиар осындай шешім қабылдаған күннен бастап есептелсін.
5. Лицензияның қолданылуын тоқтату себептерi жойылғаннан кейiн лицензия қайтадан қолданылады.
6. Жекелеген қызмет түрлерiн реттейтiн заң актiлерiнде лицензияны қайтарып алу мен оның қолданылуын тоқтата тұрудың өзге негiздерi мен тәртiбi көзделуi мүмкiн.
V тарау. Лицензиялау туралы заңдарды
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
23-бап. Шығындардың орнын толтыру
Лицензия беруден орынсыз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын шығындардың орнын толтыру азаматтық заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 09.06.97 ж. N 116-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 10.07.98 ж. N 283-1; 08.10.99 ж. N 471-1; 29.11.99 ж. N 488-1; 05.07.00 ж. N 79-II Заңдарымен 24-бап өзгертілді және толықтырылды
24-бап. Лицензиялауға жататын қызметтi лицензиялау
туралы заңдарды бұзып жүзеге асырғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тиiстi лицензиясыз не лицензиялау нормалары мен ережелерiн бұза отырып қызметпен айналысу заңдарда белгiленген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа әкелiп соқтырады.
2. Лицензиялық тәртiп белгiленген қызметтi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған табысты мынадай жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдары тиiстi бюджетке алуға тиiс:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі осы Заңның 17-бабында көзделген мерзiмдер өтiп кеткен соң жүзеге асырылғанда;
2) тиiстi лицензиясыз лотерея өткiзуден алынған табыстар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен алынуға және республикалық бюджетке есептелуге тиiс.
3. Мемлекеттiк органдар (лицензиарлар) және олардың лауазымды адамдары лицензиялау туралы заңдарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жауаптылықта болады.
ҚР 08.10.99 ж. N 471-1 Заңымен 25-бап толықтырылды
25-бап. Есепке алу және бақылау
Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары мен белгіленген ережелердің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиар жүргізеді.
26-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының