7. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры несие берушiлердiң талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн тапсырғаннан кейiн қанағаттандырады.
8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
өз капиталы
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңымен 46-бап жаңа редакцияда
46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:
1) құрылтайшылар мен акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдары;
2) комиссиялық сыйақылар;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебінен құралады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталын қалыптастыру ерекшелiктерi
1. алып тасталды
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшеріне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы ақшамен төленедi.
4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер өз капиталының шегінде жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.
Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкі туралы декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.
5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу туралы өтiнiш берiлген кезде жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен толық төленуге тиiс.
6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерінен құрылтай құжаттары мен қаржы есептілігін табыс етуді талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 48-бап өзгертілді
48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылары
1. Комиссиялық сыйақының шекті шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) инвестициялық кірістің он бес процентінен;
2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгілейді.
Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгеруі және күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жариялануы мүмкін. Комиссиялық сыйақыны алудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi болады.
10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi
мен есеп берiп отыруы, жинақталған
зейнетақы қаражатының құпиясы
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 49-бап өзгертілді
49-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша бөлек қаржылық есеп бередi.
2. Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарыңдағы міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 50-бап өзгертілді
50-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы
1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепiлдiк бередi.
2. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтерге қол жеткiзуге мүмкiндiк алған жинақтаушы зейнетақы қорларының лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтердi жариялауға құқылы емес және оларды жариялағаны үшiн, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
3. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеушi салымшыға, алушыға, алушының Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.
4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiсi туралы анықтамалар:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олар жүргiзiп отырған қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
3) салық органдарына - тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша .
4) уәкілетті органға - алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселелер бойынша, не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргізуіне байланысты;
5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
6) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариатпен куәландырылған сенімхат негізінде берілуі мүмкін.
5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, олардағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiстерi туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда өсиетте аталған адамдарға, мұрагерлiк iстер бойынша iс жүргiзушi соттарға, нотариаттық кеңселерге және шетелдiк консулдық мекемелерге берiледi.
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 11-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
11-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы активтерiн басқару
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 52-бап өзгертілді
52-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
1-1. Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
1-2. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
1-3. Шет ел қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Ррспубликасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аспауы керек.
1-4. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденті емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
1-5. Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігіндегі немесе басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.
3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн оқшауланған болады.
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңымен 53-бап өзгертілді
53-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi
1. Атқарушы органның бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиалдың (өкiлдiктiң) басшысы мен бас бухгалтерi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi болып танылады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға:
жоғары бiлiмi жоқ;
өтелмеген немесе заңмен белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;
бұрын осы адам басшылыққа еткен кезде банкрот деп танылған немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның басшы қызметкерi немесе лауазымды адамы болған;
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен келісуден өтпеген адам басшы қызметкер бола алмайды.
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерінің кандидатурасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Уәкілетті орган зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:
1) келісім берілгенде негізге алынған меліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметке байланысты құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы деректердің болуы;
3) оcы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы бойынша қайта қарауға құқылы.
4. Уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен беретін тиiстi бiлiктiлiк куәлiгi болған жағдайда ғана азаматтың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерi лауазымына ие болуға құқығы бар.
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
3. алып тасталды
4. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
5. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.
6. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 48-бап өзгертілді
55-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мiндеттерi мен қызметiн шектеу
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы есеп беруге;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
5) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;
6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;
3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелер мен зейнетақы активтерін басқаруға шарттарды қоспағанда, аффилиирлендірілген тұлғалармен зейнетақы активтері есебінен мәмілелер жасау;
4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа сатулар") туралы шарттар, сондай-ақ эмиссиялық болып табылмайтын бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар жасасуға;
8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
10) материалдық өндiрiс және бағалы қағаздар мен қаржы құралдарынан басқа өзге де мүлiкпен сауда жасау саласында қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңымен 56-бап өзгертілді
56-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыруы
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңымен 57-бап жаңа редакцияда
57-бап. Сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді.
Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 58-бап өзгертілді
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңымен 58-бап жаңа редакцияда
58-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті лицензиялары болған жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 59-бап өзгертілді
59-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жауапкершiлiгi
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.
ҚР 22.12.98 ж. N 328-1; 16.07.01 ж. N 244-II; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 4-бөлімнің тақырыбы өзгертілді
4 Бөлім
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер
органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери
қызметшілердің, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және
Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы
мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін
зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн
зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 60-бап өзгертілді
60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң:
1) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жеткен;
2) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, штаттың қысқартылуы немесе денсаулық жағдайы бойынша босатылған;
3) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының офицерлері, прапорщиктері (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын, келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жүрген, әскери қызметте және ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті жасына жетуі бойынша, штатты қысқарту немесе денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған, жиырма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемінде он екі жыл алты айында үздіксіз әскери қызмет және ішкі істер органдарында қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
4) алып тасталды
2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтарда он жыл және одан да көп жыл еңбек сіңірген, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, осы баптьщ 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес, жалпы негіздерде тағайындалады.