31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударудың тәртібі
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған міндеттемелердің орындалуын кешіктірген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
31-5-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша есеп-қисапты жүзеге асыру
1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисабын уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша іс жүргізуге арналған шығыстарының рұқсат етілетін деңгейін уәкілетті орган белгілейді.
8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын
ұйымдастыру
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 32-бап өзгертілді
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 32-бап алып тасталды (бұрынғы ред. қара)
32-бап. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 33-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
33-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ашық;
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
3. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
4. Салымшының (алушының) заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын бұзуы, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу, осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) 3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегі еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде, үшiн негiз болады.
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара); 16.05.03 ж. N 416-II Заңдарымен 34-бап өзгертілді
34-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық-құқықтық нысаны
Жинақтаушы зейнетақы қоры жабық акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерi
Жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша филиалдар мен өкiлдiктер ашуға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi
1.Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
1-1. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгі бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
1-2. Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентінен аспауы керек.
1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттері емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
1-4. Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңiнде бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауысы құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Аталған шектеулер корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.
3. Мемлекеттік кәсіпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
4. Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кемiген жағдайда корпоративтiк зейнетақы қорларының акционерлерi бiрдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша инвестициялық кiрiс ысырабының орнын толтырады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеу
Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздер болуға тиiс.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз атауында "ұлттық", "орталық", "үкiметтiк", "кепiлдiк беретiн", "кепiлдiк берiлген", "сақтық", "сақтандырушы" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi қандай тiлде болса да толық және қысқартылған түрiнде пайдалануына тыйым салынады. Жарғылық капиталдың жүз проценті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "мемлекеттік" деген сөз қолданыла алады. Атауда салымшының (алушының) пайдасына жасалатын инвестициялардан алынатын кiрiс ставкасының сақтандырылуы немесе оған кепiлдiк берiлуi айтылуға немесе меңзелуге тиiс емес.
3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайды және (немесе) өзін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 39-бап өзгертілді
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 39-бап жаңа редакция (бұрынғы ред. қара)
39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау
1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
2. Лицензиат жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру салдарынан пайда болған жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын тартуға, зейнетақы төлемдерін және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға, егер бұл оған құқықтық мирасқорлық тәртіппен ауысқан міндеттерден туындаса, лицензия алу үшін белгіленген мерзім ішінде уәкілетті орган уақытша рұқсат беруі мүмкін.
ҚР 05.04.99 ж. N 364; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларында басшылық қызметтердi атқару тәртiбi
1. Атқарушы органның басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиал мен өкiлдiктiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерi болып табылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорына:
жоғары бiлiмi жоқ;
заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
бұрын сол адамның басшылық еткен кезiнде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервацияға ұшыратылған, мәжбүрлеп таратылған заңды тұлғада басшы қызметкер немесе лауазымды адам болған;
белгіленген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсырмаған адам;
Қазақстан Республикасының азаматы емес адам басшы қызметкер бола алмайды.
3. алып тасталды
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 41-бап өзгертілді
41-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары, мiндеттерi және қызметiн жүзеге асыру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:
1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
2-1) уәкілетті орган беретін лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
3) зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
3) салымшы мен алушыға кемiнде жылына бiр рет, сондай-ақ оның сұрау салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беруге;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржы есебін және өз қызметі туралы өзге де ақпаратты жариялау, бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына салымдар бойынша табысы жөнінде кепілдіктер немесе уәделер орын алатын ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен жариялануға тыйым салынған өзге де мәліметтерді жариялауға рұқсат етілмейді;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартың жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) алып тасталды
11) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
12) салымшымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
13) әрбір жеке адамның тұратын жеріне қарамастан олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепілдігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
1) өндiрiстiк қызметке;
2) өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
3) сақтандыру қызметiне;
4) зейнетақы активтерiн кепiлге беруге;
5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
6) алып тасталды
4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді. Пруденциялдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуді шоғырландырылған негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 42-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
42-бап. Уәкiлеттi орган қолданатын ықпал ету шаралары
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда уәкiлеттi орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға:
1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жою туралы орындалуы мiндеттi жазбаша ұйғарым беруге;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiн қызметтен алу туралы акционерлер алдына мәселе қоюға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айыппұлдар салуға және өндiрiп алуға;
4) лицензияны тоқтата тұруға не қайтарып алуға құқылы.
1-1. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негіздердің:
1) лицензия берілгенде негізге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;
2) лицензия берілген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бастауды бір жылдан астам кідірту;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгілеген нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесін және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін бұзуы не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6) есептілік пен мәліметтерді табыс етпеу немесе көрінеу дұрыс емес есептілік пен мәліметтерді табыс ету негіздерінің кез келгені бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
1-2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.
1-3. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылдаған шешімін жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушылардың назарына жеткізеді.
1-4. Лицензияның қодданылуын тоқтата тұру себептерін жинақтаушы зейнетақы қорының белгіленген мерзімде жоймауы оны уәкілетті органның қайтарып алуына негіз болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган өздерiне қатысты ықпал ету шараларын қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге қайта ұйымдастырылуы, өзгертілуі түрiнде, жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта құру туралы шешiмi;
жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың көзделiп отырған шарттарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн жазылатын құжаттар;
қайта құру нәтижелерiнiң қаржылық болжамы, соның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың нәтижесiнде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейiнгi есептiк балансы;
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат алу туралы өтiнiштi құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің салымшылар мен алушыларды хабарландыруға қатысты талабы жинақтаушы зейнетақы қоры үшін оның атауы өзгерген жағдайда да міндетті болып табылады.
3. Қайта ұйымдастыру жағдайында:
қосылу нысанында - жаңадан қүрылған жинақтаушы зейнетақы қоры;
бөліну нысанында - жаңадан қүрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары;
бөліп шығару нысанында - бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына жаңа лицензия алуға міндетті.
Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзінен екі және одан да көп заңды тұлға бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;
2) біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті қолда бар лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын корпоративтік қордан ашық қор етіп қайта ұйымдастыру жағдайында қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа лицензия алуға міндетті.
ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 44-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
44-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден бас тарту
Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден мына негiздердiң кез келгенi:
1) қайта құрылатын Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының тиiстi шешiмдерi болмауы;
2) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде салымшылар мен алушылардың мүдделерiне нұқcан келтiрiлуi;
3) көзделiп отырған қайта барудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары талаптарының бұзылуы бойынша бас тартылады.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 45-бап өзгертілді
45-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
1-1. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы сотқа талап қоя алады.
2. Ерiктi және мәжбүрлеп тарату, тарату комиссиясының өкiлеттi осы баптың 3-7-тармақтарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiш өкiлеттi орган:
акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде таратылу туралы шешiмi;
тарату туралы шешiм қабылдаған күнге зейнетақы активтерiнiң бағалануы;
зейнетақы активтерiн тапсырудың және жинақтаушы зейнетақы қорларын өз қызметiн тоқтатуға дайындаудың мерзiмдерi мен кезеңдерi туралы акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен iс-шаралар табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
Ерiктi түрде таратылуға рұқсат беруден бас тартылған жағдайда уәкiлеттi орган өз шешiмiн негiздеп, бас тартылуды жинақтап зейнетақы қорының басшылығы мен акционерлерiне хабарлауға тиiс.
Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратылуға рұқсатын алған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясын құрады, оның құрамына уәкiлеттi органның бiр өкiлi енгiзiледi.
4. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның таратуға рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатыны туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушыларды хабардар етуге міндетті.
5. Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша мiндеттемелерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының алушылары мен салымшылары тарату комиссиясы белгiлеген мерзiмдерде басқа жинақтаушы зейнетақы қорын өздiгiнен таңдауға құқылы.
6. Тарату комиссиясы бекiтiлгеннен кейiн жетi күн мерзiмде тарату балансы мен есебiн уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне табыс етуге мiндеттi.